"Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 8 қарашадағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қарашада № 30540 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс паспортының нысаны бекітілсін.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бекіту үшін мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар жөніндегі

      агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Министрдің м.а.
2022 жылғы 8 қарашадағы
№ 352 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
1-қосымша

Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) өндіріс паспорты – мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат.

2-тарау. Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу тәртібі

      3. Өндіріс паспортын мұнай өнімдерін өндіруші әзірлейді және Заңның 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.

      Өндіріс паспорты уәкілетті орган бекіткен кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) жылға тең кезеңге бекітіледі.

      4. Мұнай өнімдерін өндіруші өндіріс паспортын бекіту туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) уәкілетті органға осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарын ескере отырып, еркін нысанда береді.

      5. Өтініш уәкілетті органның кеңсесіне қолма-қол немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы беріледі.

      6. Уәкілетті органның Өтінішті алған күні уәкілетті орган кеңсесінің оны қабылдаған күні болып табылады.

      7. Өтініште мұнай өнімдерін өндірушінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы, мұнай өңдеу зауытының мекенжайы көрсетіледі.

      8. Өтінішке осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген, нөмірленген және тігілген түрде 3 (үш) данада мұнай өнімдерін өндірушінің басшысы қол қойған өндіріс паспорты қоса беріледі, сондай-ақ техникалық және пайдалану құжаттамасы (объектіні пайдалануға қабылдау актісі, технологиялық регламент, авариялық жағдайларды жою жоспары, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы) қоса беріледі.

      9. Уәкілетті орган Өтінішті уәкілетті орган кеңсесі қабылдаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды және қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндірушіге:

      1) бекітілген өндіріс паспортын;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысанға сәйкес келмеген кезде өндіріс паспортына ескертулерді жібереді.

      Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіге бекітілген өндіріс паспортын 2 (екі) данада жібереді, 1 (бір) данасы уәкілетті органда сақталады.

      Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мұнай өнімдерін өндіруші ескертулерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өндіріс паспортына ескертулерді түзетеді және оны осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға бекіту үшін ұсынады. Бұл ретте уәкілетті орган қайтадан түскен Өтінішті уәкілетті органның кеңсесі қабылдаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      10. Бекітілген өндіріс паспортына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оны қайта бекіту жолымен жүзеге асырылады.

      11. Уәкілетті орган өндіріс паспортын мұнай өнімдерін өндірушіден мына жағдайларда кері қайтарып алады:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10950 болып тіркелген) бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органға мұнай және мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы ақпаратты, мұнай өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа тиеп-жөнелту жөніндегі ақпаратты күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық ұсынбаса;

      2) өндіріс паспортында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық комиcсия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарына (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін экспорттау кезінде;

      3) Заңның 12-бабының және 18-бабы 8-тармағының талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде.

      12. Өндіріс паспортын кері қайтарып алуды уәкілетті орган күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген мұнай өнімдерін өндірушіні еркін нысанда хабардар ету арқылы жүзеге асырады.

      13. Мұнай өнімдерін өндіруші өндіріс паспортын кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап өндіріс паспорты кері қайтарып алынды деп есептеледі.

  Министрдің м.а.
2022 жылғы 8 қарашадағы
№ 352 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/energo

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Өндіріс паспорты

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ӨП

      Кезеңділігі: 3 (үш) жылда бір рет

      Есепті кезең: 20__/20__ күнтізбелік жылға

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мұнай өнімдерін өндірушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: бүкіл күнтізбелік жыл ішінде

Өндіріс паспорты

  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
___________________________
(лауазымы)
___________________________
(қолы, лауазымды тұлғаның
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________
(күні)

Қызметінің негізгі түрлері (мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсету): ____________________________________________________________ Мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаты (кәсіпорынды жаңғыртуды және реконструкциялауды ескере отырып) ____________________________________________________________ Мұнай өнімдерін өндірушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы _____________ № ______ (күні) Мұнай өңдеу зауытын пайдалануға енгізу туралы _____________ № ______ акт (күні) Негізгі өндіріс бойынша ақпарат Өндірілетін мұнай өнімдерінің негізгі түрлері

      1-кесте


р/н

Өндірілетін өнім мен жартылай фабрикаттардың атауы

Техникалық сипаттамалары (стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкестік)

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.





2.





3.





4.





      Ескертпе:

      Әрбір қондырғының өнімділігі және шығарылатын өнімнің түр-түрі шикізатпен жүктелуге және өңделетін мұнайдың түр-түріне байланысты көрсетіледі.

Жабдықтарды пайдалану регламенті

      2-кесте

№ п/п

Мұнай өңдеуге арналған қондырғының және жабдықтың атауы

Өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдаланудың сипаттамасы
(Техникалық сипаттамалары)

1.



2.



3.



4.



Өндірісте пайдаланылатын резервуарлар

      3-кесте

№ п/п

Жартылай фабрикаттарды және өнімді сақтауға арналған резервуарлық парктердің атауы

Резервуарлар дың саны (дана)

Өлі қалдықтары бар резервуарлардың жалпы сыйымдылығы (тонна)

Тауарлық өнім бойынша резервуарлардың сыйымдылығы (тонна)

1.





2.





3.





4.





      Ескертпе:

      1, 2, 3-кестелер (зауыттың) кәсіпорынды жаңғыртуға және реконструкциялауға байланысты түзетіледі.

Жыл ішінде айлар бөлінісінде мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдері 20__ - 20__ жылдар (мың тонна)

      4-кесте


р/н

Мұнай өнімінің атауы

Айлар

Барлығы, жыл ішінде

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1.















2.















3.















4.















      Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________

      Телефон _________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________

      Орындаушы ___________________________________________ ____________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ____________________________________________________ ____________________

                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Мөрге арналған орын _______________________

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Өндіріс паспортының нысанына
қосымша

"Өндіріс паспорты" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ӨП, үш жылда бір рет)

      1. 1-кестенің "Өндірілетін өнім мен жартылай фабрикаттардың атауы" деген бағанында мұнай өңдеу зауытында өндірілетін өнім мен жартылай фабрикаттардың толық атауы көрсетіледі;

      2. 1-кестенің "Техникалық сипаттамалары (стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкестік)" деген бағанында мемлекеттік стандарттың, техникалық шарттардың сәйкестігі көрсетіледі;

      3. 1-кестенің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары" деген бағанында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;

      4. 1-кестенің "Ескерту" деген бағанында қосымша ақпарат көрсетіледі;

      5. 2-кестенің "Мұнай өңдеуге арналған қондырғының және жабдықтың атауы" деген бағанында мұнай өңдеуге арналған қондырғының және жабдықтың атауы көрсетіледі;

      6. 2-кестенің "Өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдаланудың сипаттамасы (Техникалық сипаттамалары)" деген бағанында мемлекеттік стандарттың сәйкестігі, қолда бар жабдықтың техникалық шарттары көрсетіледі;

      7. 3-кестенің "жартылай фабрикаттарды және өнімді сақтайтын резервуарлы парктердің атауы" деген бағанында өндірілген өнімдер сақталатын резервуарлық парктердің атауы көрсетіледі;

      8. 3-кестенің "Резервуарлардың саны (дана)" деген бағанында өндірілген өнімдер сақталатын резервуарлық парктер саны көрсетіледі;

      9. 3-кестенің "Өлі қалдықтары бар резервуарлардың жалпы сыйымдылығы (тонна)" деген бағанында алдыңғы толтырудан алынған өнім қалдықтары бар сыйымдылық көрсетіледі;

      10. 3-кестенің "Тауарлық өнім бойынша резервуарлардың сыйымдылығы (тонна)" деген бағанында өндірілген тауар өнімі бойынша резервуарлардың сыйымдылығы көрсетіледі;

      11. 4-кестенің "Мұнай өнімінің атауы" деген бағанында мұнай өңдеу зауытында өндірілетін өнімнің толық атауы көрсетіледі;

      12. 4-кестенің "Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан" деген 2-14-бағандарында айлар бөлінісінде жыл ішінде мұнай өңдеудің және мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемі көрсетіледі;

      13. 4-кестенің "Барлығы, жыл ішінде" деген 15-бағанында ай бойынша мұнай өңдеудің және мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемінің қорытынды (2-14-бағандардың жиынтық көрсеткіші) көрсеткіштері көрсетіледі.