"Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 554 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қарашада № 30466 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 554 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6521 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануына белгіленген күзет режиміне байланысты:

      1) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      2) қорықтың күзет режимі бар орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жанама орман пайдалануды (жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөптерді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру, марал өсіру, бақ шаруашылығы);

      3) арнайы бөлінген учаскелерде шөп шабу мен мал жаюды жүзеге асыру мақсаттарында жол беріледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке тұлғалардың әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің шектеулі шаруашылық және туристік және рекреациялық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттардың буферлік аймағында жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын .

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі