"Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30436 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" www.egov.kz порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кемелерді Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      14. Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде тіркеу, кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу, кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнен алып тастау кезінде Порт теңіз әкімшілігінің әрекеттері дәйектілігінің сипаттамасы:

      1) Порттың теңіз әкімшілігі кеңсесінің маманы порталда өтінішті тіркейді және оны Порт теңіз әкімшілігінің басшысына (бұдан әрі – басшы) жолдайды;

      2) басшы өтінішті орындау үшін жауапты орындаушыға жолдайды;

      3) жауапты орындаушы өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын олардың толықтығына және осы Қағидалармен белгіленген талаптардың сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды және басшының қол қоюына енгізеді;

      4) басшы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды;

      5) өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін өзінің "жеке кабинетінде" алады.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уақытша куәлікті электрондық түрде алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – 2 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтінімді портал арқылы, уақытша куәлікті қағаз түрінде алу үшін - Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы арқылы жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Құжаттарды қарау және уақытша куәлікті беру жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Өтініш беруші осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынғанда Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы үш жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қарайды, оң қорытынды кезде уақытша куәлікті ресімдейді және өтініш берушіге жолдайды.

      2 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламаны жолдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы өтініш берушіге оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      26. Уақытша куәлікті беруден бас тарту 2 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кемені халықаралық кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – 3 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 3 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы жолдау кезінде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кеме халықаралық кеме тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалғанда кемені қайта тіркеу осы Қағидалардың осы тармағында және 28, 29, 33, 35-тармақтарында көзделген халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Кемені халықаралық кеме тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидалардың осы тармағында және 30, 33, 35-тармақтарында көзделген халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Сондай-ақ Порттың теңіз әкімшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің мерзімі аяқталғаннан кейін үшінші жұмыс күні кемені аталған тізілімнен шығарады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде тіркеу, кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу, кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнен алып тастау кезінде Порт теңіз әкімшілігінің әрекеттері дәйектілігінің сипаттамасы:

      1) жауапты орындаушы портал арқылы түскен өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын олардың толықтығына және осы Қағидалармен белгіленген талаптардың сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды және басшысының қол қоюына енгізеді;

      2) басшы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қояды;

      3) өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін өзінің "жеке кабинетінде" алады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 3 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес "Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – 4 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.

      Өтінішті қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кемені қайта тіркеу, егер кеме бұрын бербоут-чартерлік тізілімге енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалғанда, кемені осы Қағидалардың осы тармағында және 37, 38, 44, 45-тармақтарында көзделген кемені бербоут-чартерлік тізілімде тіркеу тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      44. Теңiз кемесін бербоут-чартер тiзiлімiнде тіркеу, теңiз кемесін бербоут-чартер тiзiлімiнде қайта тіркеу, теңiз кемесін бербоут-чартер тiзiлімiнен алып тастау кезінде Порт теңіз әкімшілігінің әрекеттері дәйектілігінің сипаттамасы:

      1) Порттың теңіз әкімшілігі кеңсесінің маманы порталда өтінішті тіркейді және оны Порт теңіз әкімшілігінің басшысына (бұдан әрі - басшы) жолдайды;

      2) басшы өтінішті орындау үшін жауапты орындаушыға жолдайды;

      3) жауапты орындаушы өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын олардың толықтығына және осы Қағидалармен белгіленген талаптардың сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды және басшының қол қоюына енгізеді;

      4) басшы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды;

      5) өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін өзінің "жеке кабинетінде" алады.

      45. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 4 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес "Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – 5 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 5 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі \ құжаттары сәйкес болмау туралы хабарлағанда қызметті көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күніне ұзартылады.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кеме жасалып жатқан кемелер тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалғанда кемені қайта тіркеу осы Қағидалардың осы тармағында және 49, 51-тармақтарында көзделген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Кемені жасалып жатқан кемелер тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидалардың осы тармағында және 49, 51-тармақтарында көзделген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу, жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын қайта тiркеу, кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен алып тастау кезінде Порт теңіз әкімшілігінің әрекеттері дәйектілігінің сипаттамасы:

      1) жауапты орындаушы портал арқылы түскен өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын олардың толықтығына және осы Қағидалармен белгіленген талаптардың сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды және басшысының қол қоюына енгізеді;

      2) басшы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қояды;

      3) өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін өзінің "жеке кабинетінде" алады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін, мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмағанда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің және/немесе құжаттар пакетінің сәйкес келмеу себептерін және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарламаны жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ескертулерді жоймаса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      16-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 2 қарашадағы
№ 604 бұйрыққа 1-қосымша
Кемелерді және оларға
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша

"Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрлерінің атауы:
1."Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде тіркеу"
2."Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу"
3."Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнен алып тастау"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – толық автоматтандырылған

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде тіркеу және қайта тіркеу кезінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлік;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемеге меншiк құқығы туралы куәлік;
Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнен алып тастау кезінде:
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелерi:
1) "Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 60 АЕК;
2) "Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 30 АЕК;
3) "Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнен алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – тегін.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде тіркеу" және "Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін көрсету кезінде:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өлшеу куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
4) осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесі алынып тасталғанын және ипотека ауырлығы жоқтығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген тұлғалардың жеке меншігіндегі кемелер үшін кеме Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін тікелей жасалғанын (сатып алынғанын) және 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімде көзделген тәртіппен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өкілетті органға беруге жататынын растайтын хатты қосымша ұсыну қажет.
"Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнен алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету кезінде:
1)электрондық нысандағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмағанда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрыққа 2-қосымша
Кемелерді және оларға
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
8-қосымша

"Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері;
2) "электрондық үкіметтін" веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің

Электрондық / қағаз

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық / қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін консулдық алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Републикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Консулдық алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі күні қабылдамайды.
Климаты ыстық және ылғалды шет мемлекеттерде көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі жергілікті жағдайларға қатысты белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті броньдауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) жеке тұлғалар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын анықтау үшін);
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
өлшем куәлігі;
сыныптау куәлігі;
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
2) заңды тұлғалар үшін:
белгіленген тәртіппен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады);
заңды тұлғаның атынан әрекет етудің өкілеттігін растайтын құжат;
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
өлшем куәлігі;
сыныптау куәлігі;
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмағанда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  бұйрыққа 3-қосымша
Кемелерді және оларға
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
11-қосымша

"Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрлерінің атауы:
1."Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде тіркеу"
2."Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу"
3."Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнен алып тастау"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – толық автоматтандырылған

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде тіркеу және қайта тіркеу кезінде:
1)меншік құқығындағы теңіз кемесі үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлік;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемеге меншiк құқығы туралы куәлік;
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде тіркеу және қайта тіркеу кезінде:
2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін:
осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелерi:
1) "Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 60 АЕК;
2) "Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 30 АЕК;
3) "Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнен алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – тегін.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде тіркеу" және "Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін көрсету кезінде:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өлшеу куәлiгiнің электрондық көшірмесі;
3) сыныптау куәлiгiнің электрондық көшірмесі;
4) осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесінің алынып тасталғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
Теңіз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк және кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк тек электрондық көшiрмелерi ғана ұсынылады.
Бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы уәкілетті орган шешiмінiң электрондық көшiрмесi ғана ұсынылады.
Бербоут-чартер тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi ғана ұсынылады.
"Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнен алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету кезінде:
1)электрондық нысандағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмағанда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрыққа 4-қосымша
Кемелерді және оларға
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
14-қосымша

"Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрлерінің атауы:
1."Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін тіркеу"
2."Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін қайта тіркеу"
3."Бербоут-чартерлік тізілімінен теңіз кемесін алып тастау"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – толық автоматтандырылған

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктiң;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелерi:
1) "Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 60 АЕК;
2) "Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 30 АЕК;
3) "Бербоут-чартерлік тізілімінен теңіз кемесін алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – тегін.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – электрондық нысандағы өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмағанда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрыққа 5-қосымша
Кемелерді және оларға
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
16-қосымша

"Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіші түрлерінің атауы:
1."Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу"
2."Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын қайта тiркеу"
3."Кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен алып тастау"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша – толық автоматтандырылған

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тіркеу және қайта тiркеу кезінде:
осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік;
Кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен алып тастау кезінде:
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару туралы куәлік;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады. Алым мөлшерлемелерi:
1) "Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 60 АЕК;
2) "Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын қайта тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – 30 АЕК;
3) "Кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету үшін – тегін.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеу" және "Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын қайта тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін көрсету кезінде:
1) кеменi жасауға арналған шарттың электрондық көшiрмесi;
2) кеме жасау ұйымының киль салу немесе тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргiзудi растайтын сарапшының қорытындысы туралы жазбаша растауының электрондық көшiрмесi.
"Кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен алып тастау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету кезінде:
1) электрондық нысандағы өтініш.