БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2022-2024 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 1 пайыз мөлшерінде белгіленсін.".
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі