Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 қазанда № 30353 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 31 қазандағы
№ 37 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қаржы мониторинг органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12776 болып тіркелген).

      2. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 866 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17581 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 9-тармағының отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық сегізінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы және елу жетінші абзацтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген).

      4. "Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызметтік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20214 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеп-тексеру қызметінде қызметтік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22935 болып тіркелген).

      6. "Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы (экономикалық тергеп-тексеру қызметі)" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24368 тіркелген).

      7. "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26491 тіркелген).

      8. "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығының 1-тармағының 4) және 6) тармақшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26493 болып тіркелген).

      9. "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26504 болып тіркелген).