"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар ен

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қазанда № 30337 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай шарттарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі – %) аспайды. 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;

      2) кредит мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;

      3) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %-ға ұлғайта отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде;

      4) кредит валютасы – теңге;

      5) жеңілдікті кезең өткеннен кейін негізгі борышты жыл сайын тең үлестермен өтеумен;

      6) ең жоғары сомасы 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден артық емес;

      7) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алу болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері жоба пайдалануға берілгенге дейін негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) %-ына (қоса алғанда) дейін, бірақ 2 550 000 000 (екі миллиард бес жүз елу миллион) теңгеден аспайды. Жобаны пайдалануға бергеннен кейін кепілдік мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мөлшерге дейін төмендейді.

      Басым инвестициялық жобалардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған.

      Жоба бойынша ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға беру актісін уәкілетті органда тіркеу және (немесе) уәкілетті органда техниканы тіркеу және/немесе құны жоба құнының кемінде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтерді қабылдау-беру актісіне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледі.

      Кепілгер екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып және кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілей отырып, портфельдік кепілдендіру әдісін қолданады. Банкті таңдауды кепілгер дербес жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай шарттарға сәйкес келетін қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады:

      1) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын мөлшерде;

      2) ең жоғары сомасы 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайды;

      3) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алу болып табылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада жазылған.

      Веб-портал мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы кепілдендіру бойынша субсидиялауға өтінім берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және тексеру қорытындылары бойынша Қаржыландыру жоспарына сәйкес "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін кепілдендіру бойынша субсидияны төлеуге арналған төлем шотын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарламаны (бұдан әрі – субсидияны аудару туралы хабарлама) не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама) дайындайды.

      Субсидияны аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде кепілгер көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ кепілгердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетіне жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп береді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтінім берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және тексеру қорытындылары бойынша Қаржыландыру жоспарына сәйкес сақтандыру сыйлықақысы бойынша субсидияны сақтандыру ұйымының банктік шотына аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шоттарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы субсидияны аудару туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны дайындайды.

      Субсидияны аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде сақтандыру ұйымы көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ кепілгердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетіне жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиалық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық стратистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 347 бұйрығына
1-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінім

      (Кімге) ___________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)

      (кімнен) __________________________________________________________________

                                    (кепілгердің толық атауы)

      Осымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кепілдік беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес Кепілгер

      __________________________________________________________________________

      (қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – қарыз алушының аты-жөні)/атауы)

      және ____________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) атауы арасында кепілдік шартына қол қойылғанын хабарлайды.

      Кепілдік кредиттік шарт бойынша ____________________________________________

      (қарыз алушының аты-жөні/атауы)

      _________________________________________________________________________

                              (банктің атауы)

      алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілді.

      Жоғарыда баяндалғанға байланысты сізден _________ (кепілдеме сомасынан 29,9 (жиырма тоғыз бүтін оннан тоғыз) пайыз (бұдан әрі – %) мөлшеріндегі субсидияны мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз:

      Төлемді тағайындаған кезде қарыз алушының аты-жөні/атауын және кепілдік құны аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Аты-жөні/атауы ________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________________________________

      Басшының аты-жөні ____________________________________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код

      (ЭҚТЖК):__________________________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банктегі шот бойынша мәліметтер:

      БСН __________________________________________________________

      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________

      Банк деректемелері: _____________________________________________

      Банктің атауы: _________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) ________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) __________________________________

      БСН _________________________________________________________

      Кбе__________________________________________________________

      3. Банк пен қарыз алушы арасында жасалған кредит шарты (бұдан әрі – КШ) туралы мәліметтер:

Р/с №

КШ
(нөмірі және күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-і/БСН-і

Өнім (қаржыландыру) түрі (кредит немесе кредит желісі)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Кредиттің/ кредит желісінің сомасы және валютасы

Кредит беру мақсаты

Кредиттің/ кредит желісінің мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

6

7

8

9





      4. Кепілдік шарты (бұдан әрі – КепШ) туралы мәліметтер:

Р/с №

КепШ
(нөмірі және күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-і/ БСН-і

Кепілдік сомасы, теңге

Кепілдік мерзімі, жыл

1

2

3

4

5

6







      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғанымыз үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге келісім береміз.

      Кепілгер 20 __ жылғы "___" _________ сағат ___-де қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20 __ жылғы "___" ___________ сағат ____ қабылдады.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 347 бұйрығына
2-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталға жүгінген сәттен бастап:
кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімдер бойынша – 2 (екі) жұмыс күні;
сақтандыру бойынша субсидиялауға өтінімдер бойынша – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Кепілдік беру бойынша субсидия алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілгердің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында кепілдік беру бойынша субсидия алуға өтінім беріледі.
Сақтандыру бойынша субсидия алу үшін сақтандыру ұйымының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтінім беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін кепілгер/сақтандыру ұйымы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) кепілгердің/сақтандыру ұйымының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау шартына қол қою кезінде дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының субъектілік мониторингінің ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жоба шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға сұраным бойынша беруге келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік органдардың www. egov. kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 347 бұйрығына
3-қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
9-1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: № 1-ГЗ нысан

      Кезеңділік: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: 20 __ жылғы ___ тоқсан, 20 __ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

Р/с№

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Екінші деңгейдегі банктің атауы

Қаржыландыру мақсаты

Кепілдік беру туралы шарттың нөмірі

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Кепілдік беру туралы шарттың күні

Негізгі борыш сомасынан кепілдік мөлшері, %

Кредит сомасы,
мың теңге

Кепілдік сомасы,
мың теңге

Комиссия сомасы,
мың теңге

7

8

9

10

11






      Басшы 20__ жылғы "__" __________сағат _____де қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.

"Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – ЖАО-ның ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жауапты орындаушысы) толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды: ЖАО-ның ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, күнтізбелік жылдың 20 (жиырмасыншы) қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. 4-бағанда екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда қаржыландыру мақсаты көрсетіледі.

      11. 6-бағанда кепілдік беру туралы шарттың нөмірі көрсетіледі.

      12. 7-бағанда кепілдік беру туралы шарттың күні көрсетіледі.

      13 8-бағанда негізгі борыш сомасынан кепілдік мөлшері көрсетіледі.

      14. 9-бағанда кредит сомасы көрсетіледі.

      15. 10-бағанда кепілдік сомасы көрсетіледі.

      16. 11-бағанда комиссия сомасы көрсетіледі.