"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қазанда № 30332 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында (бұдан әрі – Ережелер):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тіркелген тұрғылықты жері бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ТЖД) кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі (қағаз немесе электронды форматта):

      1) жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);

      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

      4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі қосымшаларымен;

      5) "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама ұсынылады;

      6) осы Ережелердің 32 тармағымен қарастырылған басымдықтардың бар болуын растайтын (болған жағдайда) құжаттар.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.

      Медициналық және психофизиологиялық куәландыру Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу "Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 758 Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) қағидаларына сәйкес жүргізіледі".

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кандидаттарды қабылдау үшін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен:

      1) штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;

      2) кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;

      3) апелляциялық комиссия;

      4) техникалық топ құрылады.

      Штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссиясы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 3-тарауына сәйкес құрылады.

      Дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия оқуға кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына ТЖМ арнаулы оқу орнының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      Апелляциялық комиссия оқуға кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша қабылдау қорытындысы жөніндегі азаматтардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

      Техникалық топ кандидаттардың жеке және оқу істерін қабылдау және өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:

      1) 100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);

      2) 1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);

      3) биік белтемірге тартылу (ұлдар);

      4) 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру (қыздар).";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Биік бел темірден тартылу, арқаға жатып денені көтеру және 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерін орындау үшін біруақытта 3 кандидатқа дейін қатыса алады. 1000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адамға дейін қатыса алады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кандидаттар үшін белгіленген талаптар бойынша шекті балл деңгейін жинаған балалары ТЖМ-ның арнаулы оқу орнына конкурстан тыс қабылданады.";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ережелердің 3-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 22 қазандағы
№ 169 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 14 қыркүйек
№ 445 бұйрығына
3 қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Жігіттер үшін

Атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (секундтар)

14.0

14.5

15.0

2.

1000 метрге жүгіру (минуттар/секундтар)

3.40

3.50

4.00

3.

Тартылу (тартылу саны)

11

9

7

      Қыздар үшін

Атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (секундтар)

16.0

16.5

17.0

2.

1000 метрге жүгіру (минуттар/секундтар)

4.40

5.00

5.20

3.

1 минут ішінде шалқадан жатып кеудені көтеру (көтеру саны)

35

30

25

      Ескертпе:

      Егер талапкер жаттығулардың біреуінен "қанағаттанарлықсыз" деген баға алып, қалғандарынан "жақсы" деген баға алса, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнына түсушілер үшін дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.

      Мысалы: Тартылу – "жақсы", 100 метрге жүгіру – "жақсы", 1000 метрге жүгіру – "қанағаттанарлықсыз" - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.

      Тартылу – "өте жақсы", 100 метрге жүгіру – "қанағаттанарлық", 1000 метрге жүгіру "қанағаттанарлықсыз" - нормативтер тапсырылған жоқ.

      Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:

      100, 1000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;

      биік белтемірге тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегін бел темірден асырып, әрбір орындау кезінде қозғалмайтын қалыпта, тартылған қалпы қолдары түзу, аяқтарын жұлқымай және серіппей орындаған кезінде жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылып тұру қалпында орнынан 5 секундтан артық тоқтауға (демалуға) және тартылуды шайқалудан бастауға жол берілмейді;

      денені көтеру арқада жатқан бастапқы қалпынан, қолдың иығына немесе бекітпеге жатып, тізеге шынтағымен жанасқанға дейін (аяқтарды елеусіз бүгуге рұқсат етіледі) дененің алға еңкеюімен, бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен жанасу қажет. Жаттығу 1 минут ішінде тоқтаусыз орындалады.

      Жаттығуды орындауды бұзған жағдайда "саналмасын" командасы беріледі. Егер жаттығу үш реттен артық қате орындалса, кандидат жаттығуды орындаудан шығарылады.

      Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ұлдар және қыздар үшін бөлек бағаланады.