"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүрг

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 388/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30273 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:

      Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу Қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі – РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ-тің электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі – ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды";

      10-қосымшасының 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. РЭҚ және ЖЖҚ иелері "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-7-бабында көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті";

      11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 388/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
11-қосымша

      Байланыс түрлері бойынша кодтар

код №

Байланыс түрі

10

Эфирлік-аналогтық телевизия

11

Эфирлік-кәбілдік телевизия (MMDS)

20

Радиохабартарату

30

Ұялы байланыс/мобильді байланыс (GSM/DCS. CDMA, 3G/UMTS, 4G/LTE. 5G/IMT)

31

Транкингтік

32

Радиотелефондық

33

УҚТ-диапазонындағы радиобайланыс (стационарлық радиостанциялар)

34

ҚТ-диапазонындағы радиобайланыс

35

УҚТ-диапазонындағы радиобайланыс (жылжымалы радиостанциялар)

41

Радиорелелік байланыс (магистралдық желілер)

42

Радиорелелік байланыс (аймақтық желілер)

43

Радиорелелік байланыс (жергілікті желілер)

44

Радиорелелік байланыс (телевизиялық сигналдарды тарату желілері)

50

Спутниктік байланыс (байланыс және радиохабар тарату үшін пайдаланылатын жер станциялары)

51

Спутниктік байланыс (ғарыш аппараттарын басқару үшін пайдаланылатын жер станциялары)

60

КЖС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (WLL)

61

Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (УҚТ-диапазонындағы)

65

Эфирлік цифрлық телевизия

66

Төртінші буынның ұтқыр байланысы (LTE өндірістің ішкі мақсаттары үшін)

67

ҰТ-диапазонындағы радиобайланыс

68

ОТ-диапазонындағы радиобайланыс

69

Теңіз радиобайланысы (жағалау, радиолокация станциялары, радиомаяктар және т.б.)

      Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөлінісінің объектілерін белгілеу жүйесіндегі кодтар

код №

Аумақ

900

Қазақстан Республикасы

901

Астана қаласы

902

Ақмола облысы

904

Ақтөбе облысы

907

Алматы облысы

910

Алматы қаласы

915

Атырау облысы

917

Шығыс Қазақстан облысы

919

Жамбыл облысы

926

Батыс Қазақстан облысы

930

Қарағанды облысы

933

Қызылорда облысы

937

Қостанай облысы

943

Маңғыстау облысы

945

Павлодар облысы

948

Солтүстік Қазақстан облысы

958

Түркістан облысы

959

Шымкент қаласы

960

Абай облысы

961

Жетісу облысы

962

Ұлытау облысы

      CDMA – Code Division Multiple Access (Кодтық бөлінуі бар көптік қолжетімділік);

      GSM – Global System for Mobile Communications (Мобильді байланыстың жаһандық жүйесі);

      LTE – Long Term Evolution (Ұзақ мерзімді даму);

      MMDS – Multichannel Multipoint Distribution System (көп арналы көп нүктелі тарату жүйесі);

      UMTS – Universal Mobile Telecommunications System (Әмбебап мобильді телекоммуникацилық жүйесі);

      WLL – Wireless Local Loop (Сымсыз қолжетімділік жүйесі);

      ҰТ – ұзын толқындар;

      ҚТ – қысқа толқындар;

      ОТ – орта толқындар;

      УҚТ- ультра-қысқа толқындар;

      КЖС – кеңжолақты сигнал.