"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Куәландырушы орталықты айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1242 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12791 болып тіркелген);
2) "Куәландырушы орталықты айқындау туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 418 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16104 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті