"Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазанда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № ҚР ДСМ-113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүктілікті жасанды үзуді жасау қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жүктілікті жасанды үзуге әлеуметтік көрсетілімдер болған кезде, мынадай растайтын құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде дәрігерлік – консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы беріледі:

      1) электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жұбайының (зайыбының) қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;

      2) әйелді немесе оның жұбайын (зайыбын) бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі;

      3) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

      4) ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі;

      5) зорлау фактісі болғаны туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы;

      6) босқындар және мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы куәлік;

      7) мүгедек (сәби және (немесе) баласының) туралы анықтама;

      8) электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште некені бұзу туралы куәлік;

      9) көп балалы аналар (4 және оданда көп бала): барлық балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      10) кәмілетке толмағандар болса – электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште туу туралы куәлік.".

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Респуликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният