БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
В. Дудник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министірлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
|
2022 жылғы 30 қыркүйектегі | |
№ ҚР ДСМ-108 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулер жататын адамдардың нысаналы топтарында, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемінде:
реттік нөмірі 11- жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | Санаторийлердің, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, интернаттардың және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар | Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Әрбір 12 ай сайын |
";
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесінде:
Кәсіптер мен жұмыстарда:
реттік нөмірі 29-жолдағы мынадай редакцияда жазылсын:
29 | Барлық санаттағы автокөлік құралдарының қозғалысымен байланысты жұмыстар; | Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, нарколог, оториноларинголог, хирург, психиатр, гинеколог | Қанның жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ, вестибулярлық аппаратты зерттеу, қан тобын және резус-факторды анықтау (алдын ала медициналық қарап-тексеруден өту кезінде), көру жітілігі мен өрісін зерттеу | Көру функциясы бұзылған көз қабықтарының созылмалы аурулары, көзге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қабақтың бұлшық еттерінің тұрақты өзгерістері мен парездері (жақсы нәтижемен операциялық емдеуден кейін жүргізуге рұқсат етіледі). |
Барлық үлгідегі және маркадағы мотоциклдер, мотороллерлер, мотонарттар; | Көз жасы қапшығының созылмалы, консервативті емдеуге келмейтін қабынуы мен жыланкөзі, табанды, емдеуге келмейтін жас ағу (жақсы нәтижемен операциялық емдеуден кейін жүргізуге рұқсат етіледі). | |||
Жолаушылар тасымалдауға арналған трамвайлар, троллейбустар, автобустар, шағын автобустар және өзге де автокөлік құралдары; | Қылилықтың салдарынан тұрақты диплопия. | |||
Тракторлар және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері; | Кез келген меридианда көру өрісінің 200 артық шектелуі. | |||
Барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын автомобильдер; | Абсолютті немесе салыстырмалы орталық скотома. | |||
Өзен және теңіз порттарының жұмыскерлері, өзен және теңіз кемелерінің экипаждары, капитандар мен олардың көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, радио мамандар, лоцман қызметінің және кеме қозғалысын басқару қызметінің жұмыскерлері | Түзетілген көру жітілігі бір көзде 0,8 Д төмен, екінші көзде 0,4 Д, бір көздің көрмеуі. | |||
Әуе кемелерін және өзге де ұшу аппараттарын басқару (инженер – пилоттар, бортинженерлер); әуе кемелеріне және өзге де ұшу аппараттары мен авиация техникасына техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу; әуе кемелерінің қозғалысын басқару және қызмет көрсету (инженер – авиадиспетчерлер); авиациялық электрлендірілген, пилотаждық-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды; Автокөлік құралдарының электр жабдықтарын техникалық пайдалану; авиациялық аспаптарды, жерүсті және борттық басқару жүйелерін пайдалану, әуе кемелері мен өзге де ұшу аппараттарының диагностикасы навигациясы; авиациялық қауіпсіздік; жолаушыларға қызмет көрсету (бортсеріктер) кәсіптері мен жұмыскерлері | Мөлдір қабықтағы рефракциялық операциядан кейін көлік құралдарының жүргізушілері 3 айдан кейін жүргізуге жіберіледі. | |||
Көру жітілігі түзетумен - бір көзде 0,8 Д төмен және екіншісінде 0,4 Д төмен, + 8,0-ден 8,0 Д-ға дейін бастапқы (операцияға дейін) рефракция кезінде асқынулардың болмауы. | ||||
Операцияға дейінгі рефракцияны белгілеу мүмкін болмаған кезде көз осінің ұзындығы 21,5-тен 27,0 мм-ге дейін болғанда жарамды; | ||||
Жасанды көз бұршағы кем дегенде бір көзде болғанда жеке рұқсат етіледі. Көру жітілігі түзетілген (0,8 Д - 0,4 Д), қалыпты көру өрісі және операциядан кейін жарты жыл ішінде асқынулар болмаған кезде өтілі бар жүргізушілер жіберіледі. | ||||
Түсті сезінудің бұзылуы. | ||||
Көз торының және көру нервінің аурулары. | ||||
Ауызекі сөйлеуді қабылдау кезінде бір құлақтың толық кереңдік, екіншісімен 3 м-ден кем қашықтыққа естімеуі, 1 м қашықтықта сыбырлап сөйлеуді немесе екінші құлақпен 2 м-ден кем ауызекі сөйлеуді қабылдау (толық кереңдік, мылқаулық кезінде рұқсат беру кемінде 2 жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке жүзеге асырылады). | ||||
Холестеатомамен, грануляциялармен немесе полиппен (эпитимпанит) асқынған ортаңғы құлақтың созылмалы біржақты немесе екі жақты іріңді қабынуы. | ||||
Фистульдік симптомның болуы (жақсы нәтижемен операциялық емдеуден кейін мәселе жеке шешіледі), созылмалы іріңді мастоидит. | ||||
Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, бас айналу синдромдары, нистагм (Меньер ауруы, лабиринтиттер, кез келген этиологиядағы вестибулярлық криздер). | ||||
Көз қарашығының ортаңғы жағдайдан 700 ауытқуы кезіндегі спонтанды нистагм. | ||||
Аяқ-қолдардың қозғалысын едәуір қиындататын қатерсіз ісіктер, баяу қозғалатын тыртықтар. | ||||
Мойын қозғалғыштығының кенеттен айқын шектеулері, үлкен буындардағы тұрақты өзгерістер, дұрыс өспеген сынықтар, аяқ-қолдардың қозғалысын едәуір қиындататын жалған буындар, сондай-ақ оның қозғалысын бұзатын омыртқадағы тұрақты өзгерістер. | ||||
Бір қолдың немесе аяқтың, қолдың немесе табанның болмауы, қозғалысты едәуір қиындататын қолдың немесе табанның деформациясы. | ||||
Егер ампутациялық тұқыл сирақтың кемінде 1/3 болса және ампутацияланған аяқ-қолдың тізе буынындағы қозғалғыштық толық сақталған болса, ерекшелік ретінде бір ампутацияланған сирағы бар адамдарға рұқсат етілуі мүмкін. | ||||
Саусақтардың немесе фалангтардың болмауы. | ||||
Неврологиялық симптоматикасы бар травматикалық деформациялар және бас сүйегінің ақаулары, рұқсат беру 2 жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке жүзеге асырылады. | ||||
Аяқ-қолдың 6 см-ден артық қысқаруы, егер аяқ-қолдың сүйек, жұмсақ тіндер мен буындар жағынан ақаулары болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, аяқ-қолдың ұзындығы 75 см-ден артық болса, куәландырылушылар жарамды деп танылуы мүмкін. | ||||
Қозғалыс кезінде қозғалысты шектеуді немесе ауырсынуды тудыратын аурулар, операциялық емдеуден кейін мәселе жеке шешіледі. | ||||
Қолқаның, бас миы тамырларының, сан және тізе асты артерияларының аневризмасы; облитерациялаушы эндартериит, II-III сатысы, Такаясу ауруы; трофика бұзылған, шораяқтық бар варикоздық кеңею. | ||||
Тыныс алуды қиындататын жұтқыншақтың, көмейдің, трахеяның тұрақты өзгерістері. | ||||
Кеуде қуысы ағзалары функциясы елеулі бұзылған кеуде қуысы мен омыртқаның деформациясы (жіберу туралы мәселе жеке шешіледі). | ||||
Кез келген этиологиядағы туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек және қан тамырларының ақаулары компенсация болған жағдайда бір жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке жіберіледі. | ||||
Жүрекке және ірі тамырларға операциядан кейінгі жағдай, компенсация кезінде мәселе бір жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке шешіледі. | ||||
Имплантацияланған жасанды жүрек ырғағының жүргізушілері бар адамдарға жеке рұқсат етіледі. | ||||
Жүрек аурулары, ырғақтың бұзылуы, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, миокард инфарктісінен кейінгі жағдай жіберу туралы мәселе жеке шешіледі (тыныштық стенокардиясы бар адамдарды қоспағанда, жыл сайын қайта куәландыру). | ||||
Қан және қан өндіру ағзаларының аурулары, жіберу туралы мәселе анемиялық синдром және негізгі аурудың асқынуы болмаған кезде жеке шешіледі. | ||||
Жатыр мен қынаптың түсуі, ректовагинальды және қуық-қынаптық жыланкөздер (тік ішек сфинктері тұтастығы бұзылған бұттың жыртылу) (операциялық емдеуден кейін мәселе жеке шешіледі). | ||||
150 см-ден төмен бой (мәселе жеке шешіледі), дене дамуының күрт артта қалуы. | ||||
Жолаушылар көлігінің жүргізушілері үшін сөйлеу ақаулары және кекештену болған жағдайда мәселе жеке шешіледі |
".
2. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-кестенің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: Мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделетін кәсіпорындарда медициналық пункттің ауданы 0 ден 3 м2 дейін ұлғайтылады.".
3-кестенің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: Дене күші әлсіреген адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделген кәсіпорындарда дәрігерлік денсаулық сақтау пунктінің үй-жайлары құрамы жұмыс істейтін адамдардың мүгедектігін, ауру тобын және еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін есепке ала отырып, жергілікті денсаулық сақтау органдарының келісімі бойынша толықтырылады.".
3. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
4-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;".