Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29848 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 406
Бұйрықпен бекітілген

Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік бағдарлама – өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;

      2) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;

      3) грант алушы – тарату процесінде тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымды қоспағанда, ол туралы мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында қамтылған, осы Қағидаларға сәйкес грант алған және оператормен тиісті шарт жасасқан үкіметтік емес ұйым;

      4) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және елорданың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалық атқарушы орган;

      5) қысқа мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем емес және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;

      6) конкурс – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік гранттар беру үшін жеңімпазды айқындау процесі;

      7) мүдделер қақтығысы – сараптама комиссиясы мүшесінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға ықпал ете алатын ахуал;

      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру және олардың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган;

      9) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру – мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттардың бағыттарын айқындау, мемлекеттік гранттар үшін бюджет қаражатын жыл сайынғы және (немесе) орта мерзімді жоспарлау және айқындау рәсімін жүргізу жөніндегі қызметі;

      10) мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау – жобаларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді, олардың қойылған мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін талдау процесі;

      11) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес грант алуға өтінім берген үкіметтік емес ұйым;

      12) орта мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен кем емес және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;

      13) үкіметтік емес ұйымның өтінімі (бұдан әрі – өтінім) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген үкіметтік емес ұйымның өтініші;

      14) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;

      15) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;

      16) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингі – үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      17) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      18) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Заңға сәйкес гранттар ұсынуға құқығы бар акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      19) ұзақ мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес, мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық базасы бар үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар;

      20) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган;

      21) сараптама комиссиясы – грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор құратын алқалы орган;

      22) сарапшы – Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар және Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі, үкіметтік емес ұйымда немесе мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар және әлеуметтік жобаларды бағалау жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуда немесе әлеуметтік жобалардың нәтижелерін және (немесе) тиімділігін бағалауды жүргізуде 2 (екі) жылдан кем емес тәжірибесі бар, сондай-ақ "Әлеуметтік жобаларды сараптау" білім беру модулінен өткені туралы сертификаты бар жеке тұлға;

      23) сарапшылар тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – осы Қағидаларға сәйкес өтінімдерді бағалау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қалыптастыратын гранттар беру салалары бойынша сарапшылар тізімі.

2-тарау. Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру тәртібі

      3. Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) бірінші кезең – ұсыныстарды жинау және талдау, мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін қалыптастыру;

      2) екінші кезең – Үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік органдардың жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына мемлекеттік гранттардың басым бағыттарын енгізу;

      3) үшінші кезең – бюджеттік өтінімге қосу және оны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау.

      4. Бірінші кезеңде мемлекеттік органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттардың басым бағыттары бойынша ұсыныстар жинайды.

      Мемлекеттік органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін ұсынылған ұсыныстарды дереккөздердің біріне:

      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларына;

      2) әлеуметтанулық әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, халықтың қажеттіліктерін бағалау, өткен күнтізбелік 2 (екі) жылдағы іске асырылған гранттардың нәтижелері мен ұсынымдары.

      Талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін (бұдан әрі – мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі) қалыптастырады.

      Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі өтініш беруші ұсынатын әлеуметтік жобалардың шешуі бағытталуы тиіс мәселелерді, мемлекеттік гранттардың түрлері бойынша қаржыландыру сомаларын, көрсетілген проблемаларға сәйкес күтілетін нәтижелер көрсетілген Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген салалар бойынша мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі болып табылады.

      5. Екінші кезеңде орталық мемлекеттік органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құзыретіне сәйкес мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін жібереді.

      Уәкілетті орган жыл сайын күнтізбелік жылдың 5 ақпанына дейін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік гранттардың басым бағыттары бойынша Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы ұсынымдарды орталық мемлекеттік органдарға құзыретіне сәйкес жібереді.

      Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 1-тамызына дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін шығарады.

      6. Үшінші кезеңде мемлекеттік органдар Үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік органдар жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде мемлекеттік гранттардың түрлері бойынша бөле отырып, мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен өздерінің бюджеттік өтінімдеріне енгізеді.

      Гранттардың түрлері бойынша бөлу мемлекеттік орган жүргізген талдауының қорытындылары бойынша белгіленген проблемаға байланысты мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      қысқа мерзімді гранттар бойынша:

      1) іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін;

      2) қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем емес және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерді құрайды;

      3) аудандық маңызы бар кемінде 1 қаланың немесе ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің аумағындағы жергілікті міндеттерді шешу.

      орта мерзімді гранттар бойынша:

      1) іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімді құрайды;

      2) қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен кем емес және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерді құрайды;

      3) кемінде 2 (екі) облыстың және (немесе) республикалық маңызы бар қаланың және (немесе) елорданың аумағында өңірлік міндеттерді шешу.

      ұзақ мерзімді гранттар бойынша:

      1) іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайды;

      2) қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерді құрайды;

      3) кемінде 10 (он) облыстың және (немесе) республикалық маңызы бар қаланың және (немесе) елорданың аумағында іске асырылатын республикалық міндеттерді шешу жатады;

      4) бірнеше құрамдауыштардан және (немесе) көрсетілетін қызметтерден тұратын іс-шаралар кешені.

3-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тәртібі

      7. Мемлекеттік гранттарды оператор Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген салалар шеңберінде және мемлекеттік органның оператормен жасасатын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру үшін ақша қаражатын беру туралы шарт негізінде мемлекеттік бюджет қаражатынан береді.

      Мемлекеттік гранттар беру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту;

      2) сарапшылар тізілімін қалыптастыру және сараптама комиссияларының құрамын бекіту;

      3) конкурс өткізу;

      4) грант алушымен шарт жасасу.

      8. Мемлекеттік гранттар беру мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі негізінде конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады:

      1) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы мақсаттарға бөлінген қаражаттан – орталық мемлекеттік органдардың – республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының тізбесі негізінде;

      2) осы мақсаттарға бөлінген жергілікті бюджет қаражатынан – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

1-параграф. Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту тәртібі

      9. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде, мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекітеді.

      Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) өтініш берушілер ұсынатын әлеуметтік жобалар шешуге бағытталатын проблемалардың сипаттамасы;

      2) мемлекеттік гранттардың түрлері бойынша қаржыландыру сомасы;

      3) нысаналы индикаторлар;

      4) ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде материалдық базаға қойылатын талаптарды.

      10. Мемлекеттік органдар мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесін ол бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      11. Мемлекеттік гранттардың жаңа басым бағыттарын қалыптастыру кезінде мемлекеттік органның мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының қосымша тізбесі бекітіледі.

      Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының қосымша тізбесі осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалатын тәртіппен бекітіледі.

2-параграф. Сарапшылар тізілімін қалыптастыру және сараптама комиссияларының құрамын бекіту тәртібі

      12. Оператор өтінімдерді бағалауды жүзеге асыру үшін осы Қағидаларға сәйкес сарапшылар тізілімін жүргізеді.

      13. Тізілім алдағы 3 (үш) күнтізбелік жылға қалыптастырылады. Сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидатураларды Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.

      Гранттар жергілікті бюджеттен іске асырылған жағдайда, тиісті өңір сарапшыларының өңірлік тізілімі қалыптастырылады.

      Сарапшылар тізіліміне енгізу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) заңды және жеке тұлғалардан ұсыныстар жинау;

      2) кандидаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысы;

      3) жұмыс тобының отырысында кандидаттардың әңгімелесуі;

      4) кандидатты тізілімге енгізу.

      14. Жеке және заңды тұлғалар жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде осы тармақта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, тізілімге енгізу үшін тиісті кандидатуралары бар ұсыныстарды операторға жібереді.

      Бір сарапшы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген 3 (үштен) аспайтын салада кандидат болады.

      Ұсыныс жеке немесе заңды тұлғаның немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған еркін нысандағы ресми хатпен жіберіледі, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізілімге енгізу үшін кандидат туралы мәліметтер;

      2) сарапшылыққа кандидаттың Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша жұмыс тәжірибесін және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін немесе әлеуметтік жобаларды бағалау немесе әлеуметтік жобалардың нәтижелеріне және (немесе) тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу тәжірибесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес толтырылған түйіндемесі;

      3) мемлекеттік гранттар жолдамасы бойынша сарапшының біліктілігін растайтын ұсыным хаттар, дипломдардың, сертификаттардың (болған жағдайда) көшірмелері;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сараптама комиссияға қатысуға, сондай-ақ сарапшының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға, оның ішінде жариялауға келісімі туралы өтініш;

      6) оператор платформасы базасында "Әлеуметтік жобаларды сараптау" білім беру модулінен өткені туралы сертификат.

      15. Оператор жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және кандидаттардың ұсынылған құжаттарының қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Оператор мемлекеттік гранттар бағыттары бойынша олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде кандидаттар тізімін қалыптастырады:

      1) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша үкіметтік емес ұйымда немесе мемлекеттік қызметте кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуда кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы, немесе әлеуметтік жобаларды бағалау немесе әлеуметтік жобалардың нәтижелеріне және (немесе) тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуда кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы;

      2) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік гранттар бағыттарының бірі бойынша кәсіптік білімінің болуы.

      16. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде, оператор жеке және (немесе) заңды тұлғалардан ұсыныстар алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалар жетіспейтін құжаттарды сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      17. Құжаттар ұсынылмаған кезде, оператор осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін сарапшының кандидатурасын ұсынған жеке және (немесе) заңды тұлғаға тізілімге енгізуден бас тартуды жібереді.

      18. Қарау нәтижесі бойынша оператор әрбір ұсынылған кандидатура бойынша жеке қорытынды дайындайды. Қорытындыда кандидаттың белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырым көрсетіледі.

      19. Тізілімге енгізуден бас тарту туралы қорытындыға оператордың бірінші басшысы немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды және мынадай жағдайларда беріледі:

      1) оператор ұсынылған құжаттарда анық емес ақпаратты анықтауы;

      2) кандидат осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) егер соңғы 3 (жыл) ішінде сарапшының қызметтер көрсету шартының талаптарын бұзуына байланысты оператормен шартты оны орындаудың кез келген кезеңінде бұзу фактілері болса.

      20. Оператор сарапшылар тізіліміне енгізу бойынша іріктелген кандидаттармен әңгімелесу өткізу үшін уәкілетті органның қоғамдық кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар қатарынан жұмыс тобын құрады. Жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 7 (жеті) адамды құрайды.

      Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор сарапшылар тізіліміне енгізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізеді.

      Оператор жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы сарапшылар тізіліміне жұмыс тобының мүшелері мен кандидаттарды отырыс өткізілгенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      Жұмыс тобы әрбір кандидатпен әңгімелесу және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беру өткізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар сарапшылар тізіліміне енгізу үшін сайланды деп есептеледі.

      Бір сарапшы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген 3 (үштен) аспайтын салалар бойынша сарапшылар тізіліміне енгізіледі.

      21. Сарапшыны тізілімнен шығару оператордың шешімі бойынша жүзеге асырылады:

      1) сарапшының немесе оның кандидатурасын ұсынған жеке және (немесе) заңды тұлғаның сарапшылар тізілімінен алып тастау туралы өтініші бойынша;

      2) үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік грант алуға өтінімдерін бағалау кезінде мүдделер қақтығысының болу фактісін расталған жағдайда;

      3) сарапшының қызметтер көрсету шартының талаптарын бұзуы.

      22. Оператор Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік гранттардың басым бағыттарына сәйкес тізілімге енгізілген сарапшылар қатарынан сараптама комиссияларының алдын ала құрамдарын қалыптастырады:

      1) республикалық бюджет есебінен гранттар беруге арналған өтінімдерді бағалау бойынша;

      2) жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен гранттар беруге арналған өтінімдерді бағалау бойынша.

      Сараптама комиссиялары Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген салалар бойынша кездейсоқ әдіспен қалыптастырылады.

      23. Оператор конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алдын ала сараптама комиссиясының құрамына кіретін сарапшыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушілердің тізімін және мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын жібереді.

      1 сала бойынша сараптама комиссиясының құрамы 1 өтінімді кемінде 5 (бес) сарапшы бағалайтынына сүйене отырып қалыптастырылады.

      Мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы ақпарат негізінде оператор өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік гранттар салалары бойынша сараптама комиссиясының түпкілікті құрамын бекітеді. Мүдделер қақтығысы болған кезде, тізілімнен қосымша сарапшылар қосылады.

      24. Сараптама комиссиясы қызметін оператор мен сараптама комиссиясының мүшелері арасында жасалған шарт негізінде 1 (бір) конкурс ішінде жүзеге асырады.

      Сараптама комиссияның құрамына:

      сараптама комиссиясының төрағасы;

      сараптама комиссиясының мүшелері;

      сараптама комиссиясының мүшесі болып табылмайтын сараптама комиссиясының хатшысы кіреді.

      25. Сараптама комиссиясының төрағасы бірінші отырыста оның мүшелері арасынан сайланады.

      Сараптама комиссиясының төрағасы:

      1) сараптама комиссия отырысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) сараптама комиссиясының отырысы барысында тәртіп пен этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) отырыстың хаттамасын өз қолымен куәландырады;

      4) сараптама комиссиясының шешімі бойынша түсіндіреді және түсініктемелер береді.

      Сараптама комиссиясының мүшесі:

      1) сараптама комиссиясының отырыстарына жеке өзі қатысады;

      2) құжаттарды қарайды және оларды осы Қағидалардың 41 және 48-тармақтарының талаптарына сәйкес бағалайды;

      3) сараптамалық бағалаудың жазбаша негіздемелерін ұсынады;

      4) өтінімдер мен өтініш берушілер туралы ақпаратты құпия сақтайды;

      5) сараптама комиссиясының отырысына дейін қажетті құжаттаманы, оның ішінде тәуелсіз сараптама жүргізу үшін оператордан өтінімдер мен бағалау парақтарының нысандарын алады;

      6) өз қызметін жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттама мен мәліметтерді сұратады;

      7) осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтайды.

      26. Сараптама комиссияның хатшысы оператордың уәкілетті адамы болып табылады.

      Сараптама комиссиясының хатшысы:

      1) сарапшылар тізілімін жүргізеді;

      2) өтініш берушілердің құжаттарын қалыптастырады және сараптама комиссиясының мүшелеріне жібереді;

      3) сараптама комиссиясының мүшелерін сараптама комиссиясы отырысының өткізілетін уақыты, күні және орны туралы ол өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді;

      4) сараптама комиссиясының отырысын ұйымдастырады;

      5) сараптама комиссиясының хаттамасын жүргізеді.

3-параграф. Конкурсты өткізу тәртібі

      27. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) оператордың интернет-ресурсында конкурс туралы хабарландыруды жариялау;

      2) әлеуетті өтініш берушілер үшін консультациялар өткізу;

      3) оператордың үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер қабылдауы;

      4) оператордың өтінімдерді осы Қағидаларға сәйкестігіне қарауы;

      5) конкурстық іріктеуді жүргізу;

      6) конкурс қорытындылары бойынша қойылған балдар жөнінде түсініктемелерімен сараптама комиссиясының қорытындысын ұсына отырып, жеңімпаз болған және жеңімпаз деп танылмаған үкіметтік емес ұйымдарды хабардар ету.

      28. Оператор үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру үшін ақша қаражатын беру туралы мемлекеттік органдармен жасалған шарттардың негізінде осы Қағидаларға сәйкес қажетті рәсімдердің жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      29. Оператор мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін интернет-ресурстарда орналастыру туралы мемлекеттік органдардың хабарламаларын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      30. Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар берудің ерекшелігі осы тараудың 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұзақ мерзімді гранттар берудің ерекшелігі осы тараудың 5-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Гранттардың басым бағыты бойынша гранттық конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмеген;

      3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздардың болмауы.

      32. Оператор сараптама комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті грант алушыларға 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қоюға жататын мемлекеттік грант беру туралы шарттың жобасын жібереді.

      33. Мемлекеттік грант беру туралы шартқа аралық және қорытынды есептердің нысандары, мониторинг жүргізу үшін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, мемлекеттік грантты қаржыландыру шарттары, сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер ұсынған аралық және түпкілікті нәтижелердің шарттары, көрсеткіштері енгізіледі.

      34. Егер мемлекеттік грант беру туралы шарт әлеуетті грант алушының кінәсінен осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жасалмаған кезде, сараптама комиссиясы оған мемлекеттік грант беру туралы шешімнің күшін жояды.

      35. Егер сараптама комиссиясы осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес шешім қабылдаса, сараптама комиссиясы мемлекеттік грантты неғұрлым жоғары балға ие болған келесі өтініш берушіге беру туралы шешім қабылдайды.

4-параграф. Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар беру тәртібі

      36. Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарды беруге өтінімдерді қабылдау мерзімі оператор конкурс туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыттан кешіктірмей операторға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтінімді құрылтай құжаттарының көшірмесімен қоса енгізеді;

      Өтінімдер пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы өтінім беру тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық жеткізгіште енгізіледі.

      37. Өтініш берушілер өтінімді әзірлеу барысында ұсынылатын әлеуметтік жобаның құнын әлеуметтік жобаны іске асыруға тікелей байланысты немесе одан тікелей туындайтын шығындардан қалыптастырады.

      38. Оператор өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларда көзделген талаптарға және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігін қарайды. Қарау нәтижесі бойынша оператор қорытынды дайындайды.

      Өтінім осы Қағидаларға 36 және 37-тармақшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оператор оны анықтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін келесі күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға ескертулерді ескере отырып, сәйкестендірілген құжаттарды қайта ұсынады.

      Өтінім сәйкестендірілмеген кезде, оператор өтініш берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамайды.

      Өтінімді қарау нәтижелері бойынша оператор өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жиынтық қорытындыны дайындайды және оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      39. Оператор мынадай жағдайларда:

      1) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмеуі;

      4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болмауы;

      5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

      6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

      7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

      8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

      10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

      11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

      12) егер берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе, конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

      40. Өтінімдерді қабылдау рәсімін аяқтау және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша оператор конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдерді сараптамалық бағалауға жібереді.

      41. Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

      Өтінімдерді алғаннан кейін сараптама комиссиясының мүшелері оларды осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген өтінімдерді бағалаудың мынадай өлшемшарттарына сәйкес бағалайды:

      1) Жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;

      2) Жобаның инновациялылығы, бірегейлігі;

      3) Жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырулығы, жоба іс-шараларының оның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі;

      4) Жоба шығыстары сметасының шынайылығы және жобаны іске асыруға жоспарланатын шығыстардың негізділігі;

      5) Өтініш берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;

      6) Өтініш берушінің ақпараттық ашықтығы.

      Орта мерзімді гранттар бойынша қосымша мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

      7) Жобаны іске асыру ауқымы;

      8) Жоспарланған қызметке жобалау командасының қызмет тәжірибесі мен құзыреттерінің сәйкестігі.

      Сараптама комиссияның мүшелері операторға түсініктемелері бар толтырылған және қол қойылған бағалау парақтарын ұсынады.

      Әрбір өтінімді кемінде 5 (бес) сарапшы қарайды.

      Бағалау парақтарын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама комиссиясының хатшысы жиынтық бағалауды қалыптастырады.

      42. Сараптама комиссиясының шешімі отырыста әрбір сала бойынша жеке қабылданады және оператордан сараптамалық бағалауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Сараптама комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Сараптама комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Сараптама комиссиясының шешімдері отырыста хаттама түрінде ресімделеді және Сараптама комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолдарымен расталады және оператор үшін міндетті болып табылады.

      Сараптама комиссиясының шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

5-параграф. Ұзақ мерзімді гранттар беру тәртібі

      43. Ұзақ мерзімді гранттар беру екі кезеңде жүргізіледі.

      44. Бірінші кезең – конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну, сараптама комиссиясы мүшелерінің өтінімдерді қарауы және бағалауы.

      Ұзақ мерзімді гранттарды беруге өтінімдерді қабылдау мерзімі оператор конкурс туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды.

      45. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші қабылдау аяқталатын күн мен уақыттан кешіктірмей операторға мына құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтінім енгізеді:

      1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      2) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы;

      3) тартылатын серіктестердің тізбесі және көрсетілген серіктестердің ұсынылатын әлеуметтік жобаға қатысуға келісімі;

      4) өтініш берушінің жеке салымы немесе әлеуметтік жобаны қаржыландырудың басқа көздері болған кезде растайтын құжаттар;

      5) ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуын растайтын құжаттар.

      Ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық база меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлік, жабдық, материалдық емес активтер болып табылады.

      46. Өтініш берушілер өтінім беру барысында ұсынылатын әлеуметтік жобаның құнын әлеуметтік жобаны іске асыруға тікелей байланысты немесе одан тікелей туындайтын шығындардан қалыптастырады.

      Өтінімдер пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы өтінім беру тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық жеткізгіште енгізіледі.

      47. Оператор өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларда көзделген талаптарға және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігін қарайды. Қарау нәтижесі бойынша оператор қорытынды дайындайды.

      Оператор мынадай жағдайларда:

      1) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмеуі;

      3) һтініш берушінің жарғылық мақсатының гранттардың басым бағытына сәйкес келмеуі;

      4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болмауы;

      5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

      6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

      7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

      8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

      10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

      11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

      12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.

      Өтінімдер қабылдау рәсімін аяқтау және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша оператор конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдерді сараптамалық бағалауға жібереді.

      48. Өтінімдерді зерделегеннен кейін сараптама комиссиясының мүшелері оларды осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес бағалайды:

      1) Жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;

      2) Жобаның инновациялылығы, бірегейлігі;

      3) Жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырулығы, жоба іс-шараларының оның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі;

      4) Жоба шығыстары сметасының шынайылығы және жобаны іске асыруға жоспарланатын шығыстардың негізділігі;

      5) Жобаны іске асыру ауқымы;

      6) Ұйымның өз үлесі және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстарды, оны одан әрі дамыту перспективалары;

      7) Өтініш берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;

      8) Жоспарланған қызметке жобалау командасының қызмет тәжірибесі мен құзыреттерінің сәйкестігі;

      9) Өтініш берушінің ақпараттық ашықтығы.

      Әрбір көрсеткіш бойынша балдар жинақталады және жалпы балл қойылады.

      Әрбір өтінімді кемінде 5 (бес) сарапшы қарайды.

      Сараптама комиссиясының өтінімдерді қарау мерзімі оператордан сараптамалық бағалауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      Сараптама комиссиясының мүшелері өз бағаларын түсініктемелерімен ұсынады.

      Сараптама комиссияның бағалау қорытындысы бойынша жалпы балл санының 50 (елу) пайызынан аса жинаған өтінімдер конкурстың екінші кезеңіне өтеді.

      49. Екінші кезең – бірінші кезеңнен өткен өтініш берушілер өтінімдерінің таныстырылымы, және грант алушыларды айқындау.

      Конкурстың екінші кезеңінде өтініш берушілер оператор әзірлеген кестеге сәйкес сараптама комиссиясының алдында өз өтінімдерін таныстырады және қорғайды.

      Өтінімдерді таныстыру онлайн немесе оффлайн форматта өткізіледі.

      Хабарлама және таныстыру кестесі өтініш берушілерге отырыс өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Конкурстың екінші кезеңіндегі сараптама комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда сараптама комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Сараптама комиссияның шешімдері отырыста хаттама түрінде ресімделеді және Сараптама комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолдарымен расталады және оператор үшін міндетті болып табылады.

      Сараптама комиссиясының шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

4-тарау. Мемлекеттік гранттардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      50. Оператор осы Қағидаларға және мемлекеттік грант беру туралы жасалған шартқа сәйкес, оның ішінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      Мемлекеттік гранттардың іске асырылу мониторингін оператор грант алушы ұсынған әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты және олардың іске асырылуы туралы есептерді жинау, өңдеу және талдау арқылы жүзеге асырады.

      51. Қысқа мерзімді гранттарды іске асыру кезінде мониторинг жүргізудің кезеңділігі грант беру шартында көрсетіледі және аралық есепті және жобаны іске асыру қорытындылары бойынша есепті ұсыну қорытындылары бойынша 1 (бір) реттен аспайды.

      Орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде мониторинг жүргізудің кезеңділігі грант беру шартында көрсетіледі және тоқсан сайынғы негізде ұсынылады.

      Мониторинг жүргізудің кезеңділігі форс-мажорлық мән-жайлар (дүлей зілзалалар) туындаған жағдайда ғана ұлғаю жағына қарай өзгереді.

      52. Мемлекеттік гранттардың іске асырылу мониторингі мыналарды қамтиды:

      1) мемлекеттік грант беру туралы шартқа қосымша болып табылатын іске асырылатын жобаның сапалық және сандық көрсеткіштеріне қол жеткізу;

      2) өтініш берушілер конкурсқа қатысуға ұсынған сметаға сәйкес гранттық қаражаттың мақсатты пайдаланылуы;

      3) есептерде және өзге де құжаттарда көрсетілген деректердің анықтығы мен толықтығы.

      53. Әлеуметтік жобаларға мониторингті толық және сапалы жүргізу үшін оператор мынадай құралдарды пайдаланады:

      индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді талдау – жоспарланған нәтижелер мен индикаторларды нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы жобаның іске асырылу барысын қадағалау;

      "Жасырын сатып алушы" әдісі – жобаның қызметтерін және (немесе) өнімдерін алу кезінде игілік алушылардың тәжірибесін қайта құру жолымен жобаны іске асыру процесін жасырын бақылауға бағытталған мониторинг әдісі;

      сауалнама – статистикалық және (немесе) динамикалық деректерді немесе жай-күйді жасау үшін пайдаланылатын, жобаның игілік алушыларына мәселелердің арнайы ресімделген тізімін ұсыну жолымен жүзеге асырылатын бастапқы ақпаратты жинау.

      54. Гранттық қаражаттың тиімділігін арттыру мақсатында оператор қаржы қаражаты болған кезде грант алушының орналасқан жері немесе жобаны іске асыру орны бойынша шығуды жүзеге асырады және (немесе) мынадай тәуекелдердің болу фактісі анықталған немесе анықталған жағдайда әлеуметтік жобаларды іске асыруды мониторингтеу үшін сарапшыларды тартады:

      бюджет қаражатын әлеуметтік жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес пайдаланбау;

      қаржылық және бухгалтерлік есептілікке растайтын құжаттарды мемлекеттік грант беру туралы шарт талаптарына сәйкес толық көлемде ұсынбау;

      грант алушының бағдарламалық және қаржылық есептерді жоспарланған мерзімдерді бұза отырып ұсынуы;

      қызмет көлемін жоспарланған мерзімдерді бұза отырып орындау;

      мәлімделген индикаторлар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік грант беру туралы шарт талаптарына сәйкес толық көлемде орындамау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің пайымын қамтамасыз етпеу фактілерін белгілеу;

      операторға және өзге де мүдделі тараптарға анық емес ақпарат беру фактілерін белгілеу;

      грант беру туралы шарт талаптарын жүйелі түрде бұзу.

      55. Мемлекеттік гранттарды іске асыру қорытындылары бойынша грант алушылар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей операторға есеп береді және оны грант алушының интернет-ресурсында орналастырады.

      Грант алушылардың есептерінің қорытындылары бойынша оператор "Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12633 болып тіркелген) нысан бойынша мемлекеттік гранттардың іске асырылуы туралы есепті қалыптастырады және бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға немесе орталық мемлекеттік органдарға немесе жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

5-тарау. Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібі

      56. Қысқа мерзімді гранттардың тиімділігін бағалау жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін 2 (екі) ай ішінде жүзеге асырылады.

      57. Орта мерзімді гранттар бойынша тиімділікті бағалау 2 (екі) рет:

      1) аралық – жобаны іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша және көрсетілген қызметтердің актілеріне қол қойылғанға дейін;

      2) қорытынды – жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін 2 (екі) ай ішінде жүзеге асырылады.

      58. Ұзақ мерзімді гранттар бойынша тиімділікті бағалау 3 (үш) рет жүзеге асырылады:

      1) бірінші аралық – жобаны іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша және көрсетілген қызметтер актілеріне қол қойылғанға дейін;

      2) екінші аралық – жобаны іске асырудың екінші жылының қорытындысы бойынша және көрсетілген қызметтер актілеріне қол қойылғанға дейін;

      3) қорытынды – жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін 2 (екі) ай ішінде.

      59. Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды мемлекеттік органдар тиімділікті бағалау жөніндегі комиссиялар құру және бекіту жолымен азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.

      Комиссия құрамы Оператор сарапшыларының тізілімінен мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар мүшелері қатарынан қалыптастырылады. Комиссия кемінде 5 (бес) мүшеден тұрады.

      Бұл ретте, мемлекеттік органдар грант беру туралы шарттың бұзылуына байланысты іске асырылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жобаның тиімділігіне бағалау жүргізбейді.

      60. Бағалау мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:

      1) мемлекеттік орган тарапынан тапсырманы қалыптастыру;

      2) тиімділікті бағалау жоспарын әзірлеу;

      3) деректер жинау (сауалнама, сұхбат, бақылау, құжаттаманы зерделеу);

      4) деректерді талдау;

      5) есепті дайындау.

      Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

      1) релеванттық. Осы өлшемшарт шеңберінде жоба іс-шаралары мен нәтижелерінің өтініш беруші өтінімде белгілеген мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі бағаланады;

      2) нәтижелілік. Осы өлшемшарт шеңберінде нақты нәтиженің жобаның жоспарлы көрсеткіштерімен сәйкестігі бағаланады;

      3) тиімділік. Осы өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жобаның сандық және сапалық нәтижелері, жобаны орындаудың уақтылығы мен толықтығы, жобаны іске асырудың қаржылық шығындарының сәйкестігі бағаланады;

      4) әлеуметтік әсер. Осы өлшемшарт шеңберінде нысаналы топтың, көрсетілетін қызметті алушылардың жоба шеңберінде көрсетілетін қызметті (өнімді, нәтижені) алу процесіне қанағаттану деңгейі, көрсетілетін қызметті алушыларға әсер ету деңгейі бағаланады;

      5) орнықтылық. Осы өлшемшарт шеңберінде жоба аясында басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы бағаланады.

      61. Әрбір өлшемшарт бойынша 1 (бірден) 5 (бес) балға дейін қойылады.

      Мемлекеттік гранттың тиімділігін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша мемлекеттік грантты іске асырудың табыстылығы туралы жалпы тұжырымды айқындаумен аяқталады:

      0-ден 10-ға дейін – төмен және (немесе) жоба қанағаттанарлықсыз іске асырылды;

      10-нан 15-ке дейін – орташа және (немесе) жоба қанағаттанарлық түрде іске асырылды;

      15-тен 25-ке дейін – жоғары және (немесе) жоба сәтті іске асырылды.

      62. Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның шешімі отырыста қабылданады және мемлекеттік органнан бағалауға өтінімдер түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады.

      63. Мемлекеттік орган тиімділікті бағалау нәтижелерін операторға олар мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Тиімділікті бағалау нәтижелері мемлекеттік органдар келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарын қалыптастыру кезінде және оператордың үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік грант алуына конкурстық іріктеу жүргізуі кезінде ескеріледі.

  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

20__ жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесіне енгізу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары

Мемлекеттік гранттың ұсынылып отырған басым бағыты

Гранттың іске асыруы шешуі тиіс проблемалардың қысқаша сипаттамасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Грант түрі

Күтілетін нәтиже







1






2






3






  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың ____ жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

№№

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес емлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Мәселенің қысқашасипаттамасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Грант түрі

Нысаналы индикатор

Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар
(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)

1








2








3








  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 3-қосымша

      Кімге: "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына

      Кімнен: (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)

      Сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидат туралы мәліметтер


      Осымен сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидат туралы ақпаратты жібереміз, кестеде көрсетілген ақпарат кандидаттан алынғанын, тексерілгенін, дұрыс және толық болып табылатынын растаймыз.

Сарапшы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Байланыс ақпараты

Жұмыс орны, атқаратын лауазымы

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес кандидатура ұсынылатын сала

Кандидатты ұсынушы үкіметтік емес ұйымның атауы

5-бағанда көрсетілген бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі

Ұсынымдар (болған жағдайда)
(үкіметтік емес ұйымның атауын көрсету)

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








      Қосымшалар:

      1) кандидаттың растайтын құжаттары бар түйіндемесі;

      2) ұсыным хаттарының көшірмелері;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      20____ж._ "____" ________ қолы________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда). Лауазымы

  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 4-қосымша

Кандидаттың түйіндемесі

      1. Білім

Білім беру мекемесінің атауы (қала, ел)

Түскен уақыты

Аяқтаған күні

Факультеті

Мамандығы






      Біліктілікті жоғарылату

Білім беру мекемесінің атауы (қала, ел)

Сертификат атауы, мамандану тақырыбы

Түскен уақыты

Аяқтаған күні





      Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

      2. Еңбек қызметі (соңғы жұмыс орнынан бастап, барлық алдыңғы жұмыс орындарын тізімдеңіз):

Ұйымның атауы және орналасқан жері:

Ұйым қызметінің бағыты:

Атауы

Басталуы (ай және жыл)

Аяқталуы (ай және жыл)

Лауазымдық міндеттері:

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының, грамоталарының, алғыс хаттарының болуы (атауы және марапаттау күні);

      4. Үй мекенжайы (нақты және тіркеу бойынша);

      5. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      6. Растайтын құжаттар (қосымшаларымен дипломдардың көшірмесі), еңбек кітапшасының көшірмелері.

  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 5-қосымша
  Сараптама комиссиясының төрағасына
  Кімнен: _____________________
  (сарапшының тегі, аты, әкесінің
  аты (болған жағдайда)

Өтініш

      Мен, (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Сараптама комиссияға қатысуға келісім беремін/келісім бермеймін және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, таратуға, соның ішінде жариялауға келісім беремін/келісім бермеймін.

  (қолы)
  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 6-қосымша
  Кімге: "Азаматтық бастамаларды қолдау
  орталығы" коммерциялық емес акционерлік
  қоғамына
  Кімнен: ____________________
  (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда)

Сараптама комиссиясы мүшесінің гранттар беруге арналған конкурс өтініш беруші мен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы (керегін белгілеңіз) туралы хабарлама

      Мен_____________________________________________________________,

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      гранттар беруге арналған конкурстың өтініш берушілерімен мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы хабардар етемін және сараптама комиссиясының мүшесі ретінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде әділдік пен объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстанамын.

      гранттар беруге арналған конкурстың өтініш берушілерімен мүдделер қақтығыстың болуы туралы (керегін белгілеңіз).

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), жұмыс істеп жатқан құрылтайшысы (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба (егер болсаңыз, онда үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба (егер болсаңыз, онда басқару органның, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):________________________________________.

      Сіз соңғы бір жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткен үшін немесе тікелей қаржылық қолдау көрсеткен үшін төлем алдыңыз ба (егер алсаңыз, нақты қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):_____________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз бар (егер болса, қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):_________________.

      Сізде өзге де ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (болған жағдайда, қандай екенін көрсетіңіз):____________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді және осы хабарламаны толтыру кезінде анық ақпарат беретінімді растаймын.

      20____ж. "____" ________ қолы________

  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 7-қосымша
  Нысан
  Кімге: "Азаматтық бастамаларды қолдау
  орталығы" коммерциялық емес акционерлік
  қоғамына
  Кімнен: ____________________
  (Өтініш берушінің толық атауын көрсету)

Үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінім

1. Өтініш беруші

1. БСН


2. Ұйымның тіркелген күні


3. Ұйымның толық атауы


4. Ұйымның заңды мекенжайы


5. Ұйымның басшысы

Тегі

Аты

Әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

6. Ұйымның Жарғысына сәйкес негізгі қызмет түрлері


7. Ұйымның жұмыс тәжірибесі бар нысаналы топтар


8. Ұйымның байланыс телефоны


9. Электрондық пошта мекенжайы


10. Интернет желісінде өтініш берушінің веб-сайты


11. Әлеуметтік желілердегі парақшалар (топтар, аккаунттар)


12. Іске асырылған негізгі жобалар мен
бағдарламалар *
Ескерту.
* Көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері жобалардың іске асырылуын және өтініш берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері.

Әлеуметтік жобаның атауы

Қаржыландыру көлемі (теңге)

Қаржыландыру көзі/ Тапсырыс беруші

Орындау кезеңі

Негізгі
нәтижелері

Басталуы

Аяқталуы


1.















2. Әлеуметтік жобаның командасы

1. Команда мүшесінің аты-жөні және мәлімделген жобадағы команда қатысушысының лауазымы


2. Жұмыс тәжірибесі

– Ұйым:
– Лауазым:
– Басталған жылы:
– Бітірген жылы:

3. Қосымша мәліметтер


4. Әлеуметтік желілердегі бейіндерге сілтеме

3. Жоба туралы

1. Жоба бойынша жоспарланған қызмет сәйкес келетін мемлекеттік гранттың басым бағыты (мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесінен алынады)


2. Іске асыруға грант сұралатын әлеуметтік жобаның атауы


3. Мәселенің сипаттамасы, әлеуметтік жобаның әлеуметтік маңыздылығын негіздеу (мәселе зерттеу, статистикалық және аналитикалық ақпаратты талдау, БАҚ-та жариялау және т. б. жолымен анықталған объективті деректермен негізделуі тиіс.)


4. Әлеуметтік жобаның мақсаты


5. Әлеуметтік жобаның міндеттері


6. Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: жобаны іске асырудың тетіктері (әдістері) (мына сұрақтарға жауап беру қажет: межеленген мақсаттарға қалай қол жеткізуге болады, қойылған міндеттер қалай орындалады, олардың шешу жолдарын кім жүзеге асырады, бұл ретте қандай ресурстар тартылатын болады).


7. Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы


8. Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні


9. Әлеуметтік жобасы іске асырудың аяқталу күні


10. Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары


11. Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері


Сандық нәтижелері


Сапалық нәтижелер және оларды өлшеу тәсілдері


12. Әлеуметтік жобаның серіктестері*
* Аталған тармақ тек орта мерзімді гранттар үшін ғана толтыралады және серіктестердің хаттарымен расталады

Серіктес

Қолдау түрі

13. Әлеуметтік жобаны ақпараттық қолдау қалай ұйымдастырылатын болады


4. Күнтізбелік жоспар



Р\с

Шешілетін міндет*

Іс-шара, оның мазмұны, өткізу орны

Басталу күні

Аяқталу күні

Күтілетін нәтижелер







5. Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы

Шығыстардың баптары

Өлшем бірлігі

Саны

Құны, теңге

Барлығы, теңге

Қаржыландыру көздері

Негіздеме/түсініктеме

Өтініш беруші (жеке салым)

Грант қаражаты










Жиынында:







* Заңның 6-1-бабының 5-тармағына сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және институционалдық дамытуға арналған шығыстар қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттардың жалпы құнының 10 %-ынан аспайды.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, әлеуметтік жобаның мақсаттарына сәйкес ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі. Институционалдық даму деп грант алушының қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ оқу орнына дейінгі жол жүру шығындары, оқу-әдістемелік материалдарды сатып алу түсініледі.

6. Өтінімді растау

Осы өтінімге қол қою арқылы өтініш беруші:
- Осы Қағидаларда айқындалған үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу шарттары мен тәртібіне келісім беруін;
– осы өтінімнің құрамында ұсынылған ақпараттың өзектілігі мен анықтығын;
- жүзеге асырылуы ҚР заңнамасының талаптарын бұзатын осы өтініммен конкурсқа ұсынылған іс-шаралар жобасында болмауын;
– осы өтінімде пайдаланылуы ҚР заңнамасының талаптарын бұзатын ақпараттың болмауын;
– осы өтінімде ұсынылуы және өңделуі дербес деректер субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын дербес деректердің болмауын;
- ұйымның жарғысына сәйкес осы өтінімде көрсетілген басым бағытқа сәйкес келетін қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруын;
- ұйымды тарату, ұйымның дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы іс бойынша іс жүргізу, оның қызметін тоқтата тұру рәсімінің болмауын;
- ұйымның Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің бюджеттеріне орындау мерзімі басталған салықтар, алымдар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауын (осы өтінім берілген күнге ұйымның тиісті арызы бойынша шешім болмаған кезде ұйым белгіленген тәртіппен шағым жасайтын берешекті қоспағанда);
- ұйымның басшылары, құрылтайшылары, мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтынын;
- ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмегенін растайды.

 
____________________________________ _______________ ___________________________ 20___ж. "____" _____________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы) (қолдың толық жазылуы) (толтыру күні)

  Мемлекеттік гранттарды
  қалыптастыру, беру,
  мониторингтеу және
  олардың тиімділігін бағалау
  қағидаларына 8-қосымша

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттардың өтінімдерін бағалау өлшемшарттары – Бағалау парағы

Балдар

Бағалау мазмұны

Сарапшы бағасы

Сарапшының түсініктемесі

1. Жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы

9-10

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы сенімді түрде негізделді және дәлелденді:
- жоба шешуге бағытталған мәселелер егжей-тегжейлі ашылған, олардың сипаттамасы нақты сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштермен, оның ішінде зерттеу нәтижелерімен, ресми статистикалық мәліметтермен дәлелденген және бекітілген;
- жоба жобада белгіленген мәселелерді толық шешуге бағытталған;
- нысаналы аудитория өкілдерінің, әлеуетті игілік алушылардың, серіктестердің мәселенің өзектілігін растауы бар;
- жобаның іс-шаралары гранттың басым бағытына толық сәйкес келеді.



6-8

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы жалпы негізделді және дәлелденді, бірақ сарапшының ескертулері бар:
-шешу үшін жоба бағытталған проблемалар өзекті мәселелердің қатарына жатады, бірақ авторлар олардың жобаны іске асырудың таңдалған аумағы және (немесе) нысаналы топ үшін маңыздылығын асыра көрсетті;
-жоба жобада белгіленген мәселелерді шешуге бағытталған;
-нақты фактілерге сілтемесіз жалпы сөз тіркестермен сипатталған немесе бұл фактілер мен көрсеткіштер мәлімделген нысаналы топ және (немесе) жобаны іске асыру аумағы үшін проблеманың өзектілігін растау үшін жеткіліксіз;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы жеткілікті түрде дәлелденген жоқ:
-мәселе нысаналы топ немесе жобаны іске асыру аумағы үшін аса маңызды емес;
-жоба жобада белгіленген мәселелерді шешуге толық бағытталмаған;
-жоба шешуге бағытталған мәселе жеткілікті дәлелденбеген және нақты көрсеткіштерсіз сипатталған, не өтінімде белгіленген аумақтармен өзара іс-қимыл расталмаған;
-сарапшының басқа да ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы дәлелденген жоқ:
-жоба арналған мәселе қоғам талап ететін санатқа жатпайды немесе авторлармен жеткіліксіз негізделген;
-жоба іс-шараларының басым бөлігі мәселені шешпейді немесе таңдалған гранттың басым бағытымен байланысты емес;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



2. Жобаның инновациялылығы, бірегейлігі

5

Жоба инновациялық, бірегей болып табылады:
– жоба мақсатқа және қойылған міндеттерге қол жеткізуге және мәселелерді шешуге бағытталған жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған практикаларды, әдістерді енгізуге бағытталған;
– ұйымда сипатталған инновацияларды табысты енгізу үшін ресурстар мен тәжірибе бар




Ескертпе:
Жобаның инновациялылығы – жобаның мазмұны, нысандары және құралдары бойынша бұрын ұсынылып отырған жобаның өңірінде жүзеге асырылмаған іске асырылуы.
Бірегейлік – меншікті (соның ішінде авторлық) технологияларды (әдістерді, әдістемелерді) пайдалана отырып, жобаны іске асыру.



3.Жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырулығы, жоба іс-шараларының оның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- өтінімнің барлық бөлімдері логикалық өзара байланысты, әрбір бөлімде жобаның мазмұнын толық түсіну үшін қажетті және жеткілікті ақпарат бар;
- жобаның мақсаты белгіленген мәселені толық шешуге бағытталған;
- күнтізбелік жоспар жақсы құрылымдалған, егжей-тегжейлі, нақты іс-шаралардың сипаттамасын қамтиды;
- жоспарланған іс-шаралар конкурс шарттарына сәйкес келеді және қойылған міндеттерді шешуді және жобаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- жобаның міндеттерін толық көлемде шешуге мүмкіндік беретін нақты және ақылға қонымды мерзімдер көрсетілген.



6-8

Аталған өлшемшарт бойынша жоба толығымен пысықталды, алайда сарапшының ескертулері бар:
- өтінімнің барлық бөлімдері логикалық өзара байланысты, алайда елеусіз мағыналық сәйкессіздіктер бар, бұл жобаның ішкі тұтастығын бұзады;
– жоспарланған іс-шаралар конкурс шарттарына сәйкес келеді және қойылған міндеттерді шешуді және бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен бірге іс-шаралар құрамы толық оңтайлы болып табылмайды



3-5

Аталған өлшемшарт бойынша жоба жеткілікті пысықталмаған, сарапшының ескертулері бар:
- күнтізбелік жоспар тек қызметтің жалпы бағыттарын сипаттайды, жобаны іске асырудың дәйектілігін ашпайды, негізгі іс-шаралардың мазмұнын анықтауға мүмкіндік бермейді;
- міндеттер, іс-шаралар мен болжамды нәтижелер арасында логикалық байланыстың сәйкессіздіктері бар;
- жобаның мақсаты белгіленген мәселені толық шешуге бағытталмаған;
- ұсынылған іс-шаралардың іске асуы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді толық қамтамасыз етпейді;
- сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
-жоба төмен деңгейде пысықталды, жоба іс-шараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеуі, жоспарланған қызмет пен күтілетін нәтижелер арасында қайшылықтар бар;
-мақсат қоюдағы, міндеттердегі, іс-шараларды сипаттаудағы, жобаның нәтижелеріндегі елеулі қателіктер мұндай жобаны іске асыруды орынсыз етеді;
-іс-шараларды орындау мерзімдері дұрыс емес және жобаның мәлімделген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді, ойластырылмағандықтан, жобаны іске асыруда елеулі тәуекелдер тудырады;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



4. Жоба шығыстары сметасының шынайылығы және жобаны іске асыруға жоспарланған шығыстардың негізділігі



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- жобаның шығыстар сметасында жобаның барлық іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету көзделген және жобаның іс-шараларына тікелей байланысты емес шығыстар жоқ;
-барлық жоспарланған шығыстар нақты және негізделген;
-жобада ұйымда бар ресурстарды белсенді пайдалану көзделген.



6-8

Жоба жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының елеусіз ескертулері бар:
-барлық жоспарланған шығыстар нақты, міндеттерден, іс-шаралардан тұрады және негізделген, сонымен бірге кейбір шығыстарға түсініктемелерден олардың құрамын (егжей-тегжейін) дәл анықтау мүмкін емес;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жоба тұтастай алғанда аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының ескертулері бар:
-жоспарланған шығыстардың барлығы жобаның іс-шараларымен және күтілетін нәтижелерге қол жеткізумен тікелей байланысты емес;
-жоба шығыстар сметасында жобаны іске асыруға тікелей қатысы жоқ жанама шығыстар көзделген;
-орташа нарықтық еңбекақы деңгейімен, тауарлар, жұмыстар, қызметтер, жалдау бағаларымен салыстырғанда кейбір шығыстар жоғары немесе төмен (шығыстарға түсініктемелерде тиісті негіздемесіз);
-кейбір жоспарланған шығыстардың негіздемесі олардың жоба іс-шараларымен байланысын бағалауға мүмкіндік бермейді;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
-жобаны іске асыруға жұмсалатын болжамды шығындар анық жоғары немесе төмен бағаланса және (немесе) жоба іс-шараларына, конкурс шарттарына сәйкес келмейді;
-жоба шығыстар сметасында грант есебінен шығыстарды жүзеге асыру көзделген, олар конкурс туралы ереженің талаптарына сәйкес жіберілмейді;
-жоба шығыстарының сметасы шындыққа жанаспайды, өтінім мәтініне сәйкес келмейді;
-бюджет гранттың нысаналы сипатына сәйкес келмейді, шығыстардың бір бөлігі жоба іс-шараларын орындауға бағытталмайды не жобаны іске асыруға мүлде қатысы жоқ;
-жоба сипаттамасындағы және жоба шығыстарының сметасындағы сомалар арасында сәйкессіздіктер бар;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



5. Өтініш берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы



9-10

Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған



6-8

Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында үш жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған



3-5

Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында бір жылдан астам және үш жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған



0-2

-Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында бір жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған;
-Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында жұмыс тәжірибесі жоқ немесе тиісті құжаттармен расталмаған



6. Өтініш берушінің (ұйымның) ақпараттық ашықтығы

9-10

Ұйым аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
– қызметі туралы ақпаратты Интернеттен іздеу сұраулары арқылы оңай табуға болады;
– ұйымның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жария етіледі;
– ұйымның қолданыстағы, тұрақты жаңартылатын сайты бар, онда оның қызметі туралы егжей-тегжейлі жылдық есептер ұсынылған, іске асырылған жобалар мен іс-шаралар, басқару органдарының құрамы туралы (болған жағдайда) өзекті ақпарат орналастырылған;
– ұйымның әлеуметтік желілерде ұйымның қызметі, оның ішінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жоблары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отыратын парақшалары (топтары) бар;
– ұйым өз қызметі туралы жылдық есептілікті үнемі жариялайды.



6-8

Ұйым жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының ескертулері бар:
– ұйымның қызметі, оның ішінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жоблары туралы өзекті ақпараты бар ұйымның қолданыстағы сайты, әлеуметтік желілердегі парақшалары (топтары) бар, алайда ұйымның жұмысы, ол тартатын ресурстар, басқару органдарының құрамы, іске асырылған бағдарламалар, жобалар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жоқ;
– қызметі туралы ақпаратты Интернеттен іздеу сұраулары арқылы табуға болады;
– ұйымның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында мезгіл-мезгіл жарияланып отырады;
– сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Ұйым аталған өлшемшартқа ішінара сәйкес келеді:
– ұйымның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте аз жарияланады;
– ұйымның әлеуметтік желіде өзекті емес (ескірген) ақпараты бар сайты және (немесе) парақшасы (тобы) бар;
– ұйымның қызметі туралы есептер ашық қолжетімділікте жоқ;
– сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
– ұйымның қызметі туралы ақпарат Интернетте мүлде жоқ;
– сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



Орта мерзімді гранттар үшін ғана қосымша өлшемшарттар

7. Жобаны іске асыру ауқымы



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- жобаның мәлімделген аумақтық қамтуы ақталды және жоба шешуге бағытталған мәселелерге сәйкес келеді;
- жобаның мәлімделген аумақтық қамтуы ұйымның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келеді
- жобада оны іске асырудың барлық мәлімделген аумағы шегіндегі қызмет көзделген.



6-8

Жоба жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының елеусіз ескертулері бар:
-жобада серіктестерді тарту есебінен оны іске асыру аумағы шегінде қызмет көзделген, бірақ өтінімде барлық осындай серіктестермен орнықты байланыстардың болуы расталмаған;
-күнтізбелік жоспар мен жобаны іске асырудың мәлімделген аумағы арасында ішінара (елеусіз) алшақтық бар, мұндай аумақтық қамтуды қамтамасыз ету күнтізбелік жоспарда белгіленген мерзімдерде қиындық тудыруы мүмкін;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жоба аталған өлшемшартқа ішінара сәйкес келеді:
-жобаның мәлімделген аумақтық қамтуына ұйымның нақты мүмкіндіктері толық сәйкес келмейді;
-мәлімделген аумақта жобаны іске асыру мүмкіндігі жобаның шығыстар сметасында толық көлемде қамтамасыз етілмеген, ал өтінімде басқа көздер туралы ақпарат жоқ;
-жобаны іске асыру аумағы ретінде жобаны іске асыру шеңберінде құру немесе дамыту жоспарланып отырған интернет-ресурстың әлеуетті аудиториясы мәлімделді;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
- жобаны іске асырудың мәлімделген аумағы өтінім мазмұнымен расталмайды;
- өтінімде белгіленген аумақтармен өзара іс-қимыл дәлелденген жоқ;
- сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



8. Жоспарланған қызметке жобалау командасының қызмет тәжірибесі мен құзыреттерінің сәйкестігі



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- жоба жобаны іске асыру үшін қажетті барлық бейіндер бойынша тәжірибелі, білікті және оң беделге ие мамандармен толық қамтамасыз етілген;
- өтінімде көрсетілген команданың әрбір мүшесінің жоба барысында елеулі ауыстыруларсыз жобаның күнтізбелік жоспарында және шығыстар сметасында белгіленген шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жоба бойынша сапалы жұмыс істеу мүмкіндігі дәлелденді.



6-8

Жоба жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының елеусіз ескертулері бар:
-жоба жалпы тәжірибелі, білікті және оң беделге ие мамандармен қамтамасыз етілген, бірақ кейбір қажетті бейіндер бойынша ақпарат жоқ;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жоба аталған өлшемшартқа ішінара сәйкес келеді:
- өтінімде жоба командасының сипаттамасы қамтылады, бірақ негізгі іс-шаралардың нақты орындаушылары аталмаған не олардың білімі мен тәжірибесі туралы немесе жобаны іске асыру шеңберінде орындалатын функциялар туралы мәліметтер келтірілмейді;
- өтінімде көрсетілген жоба командасының мүшелері жобаны іске асыру үшін қажетті тәжірибе мен құзыреттер деңгейіне толық сәйкес келмейді;
– сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
-жоба командасының сипаттамасы, оның біліктілігі, өтінімде жұмыс тәжірибесі іс жүзінде жоқ;
-тәжірибесі жеткіліксіз және жоба командасы біліктілігінің төмен болуына байланысты жобаны іске асырудың жоғары тәуекелдері бар;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 9-қосымша
  Нысан
  Кімге: "Азаматтық бастамаларды қолдау
  орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына
  Кімнен: ____________________
  (Өтініш берушінің толық атауын көрсету)

Үкіметтік емес ұйымдар үшін ұзақ мерзімді гранттар беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінім

1.Өтініш беруші

1. БСН


2. Ұйымның тіркелген күні


3. Ұйымның толық атауы


4. Ұйымның заңды мекенжайы


5. Ұйымның басшысы

Тегі

Аты

Әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

6. Ұйымның Жарғысына сәйкес негізгі қызмет түрлері


7. Ұйымның жұмыс тәжірибесі бар нысаналы топтар


8. Ұйымның байланыс телефоны


9. Электрондық пошта мекенжайы


10. Интернет желісінде өтініш берушінің веб-сайты


11. Әлеуметтік желілердегі парақшалар (топтар, аккаунттар)


12. Іске асырылған негізгі жобалар мен
бағдарламалар *
Ескерту.
* Көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері жобалардың іске асырылуын және өтініш берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері.

Әлеуметтік жобаның атауы

Қаржыландыру көлемі (теңге)

Қаржыландыру көзі/ Тапсырыс беруші

Орындау кезеңі

Негізгі
нәтижелері

Басталуы

Аяқталуы


1.















2.Әлеуметтік жобаның командасы

1. Команда мүшесінің аты-жөні және мәлімделген жобадағы команда қатысушысының лауазымы


2. Жұмыс тәжірибесі

– Ұйым:
– Лауазым:
– Басталған жылы:
– Бітірген жылы:

3. Қосымша мәліметтер


4. Әлеуметтік желілердегі бейіндерге сілтеме


2.1.Әлеуметтік жобаның жетекшісі

1. Өтініш беруші ұйымдағы әлеуметтік жоба жетекшісінің лауазымы


2. Әлеуметтік жоба жетекшісінің аты-жөні


3. Туған күні


4. Электронды поштасы


5. Жұмыс телефоны


6. Ұялы телефон


7. Білімі


8. Жұмыс тәжірибесі

1. Ұйым:
2. Лауазым:
3. Басталған жылы:
4. Бітірген жылы:

9. Қосымша мәліметтер


10. Әлеуметтік желілердегі бейіндерге сілтеме


3. Жоба туралы

1. Жоба бойынша жоспарланған қызмет сәйкес келетін мемлекеттік гранттың басым бағыты (мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесінен алынады)


2. Іске асыруға грант сұралатын әлеуметтік жобаның атауы


3. Мәселенің сипаттамасы, әлеуметтік жобаның әлеуметтік маңыздылығын негіздеу (мәселе зерттеу, статистикалық және аналитикалық ақпаратты талдау, БАҚ-та жариялау және т. б. жолымен анықталған объективті деректермен негізделуі тиіс.)


4. Әлеуметтік жобаның мақсаты


5. Әлеуметтік жобаның міндеттері


6. Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: жобаны іске асырудың тетіктері (әдістері) (мына сұрақтарға жауап беру қажет: межеленген мақсаттарға қалай қол жеткізуге болады, қойылған міндеттер қалай орындалады, олардың шешу жолдарын кім жүзеге асырады, бұл ретте қандай ресурстар тартылатын болады).


a. Жоба туралы таныстырылым (сілтеме)


7. Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы


8. Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні


9. Әлеуметтік жобасы іске асырудың аяқталу күні


10. Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары


11. Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері




Сандық нәтижелері


Сапалық нәтижелер және оларды өлшеу тәсілдері


12. Әлеуметтік жобаның серіктестері*
* серіктестердің хаттарымен расталады

Серіктес

Қолдау түрі

13. Әлеуметтік жобаны ақпараттық қолдау қалай ұйымдастырылатын болады


4. Күнтізбелік жоспар



Р\с

Шешілетін міндет*

Іс-шара, оның мазмұны, өткізу орны

Басталу күні

Аяқталу күні

Күтілетін нәтижелер







5. Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы

Шығыстардың баптары

Өлшем бірлігі

Саны

Құны, теңге

Барлығы, теңге

Қаржыландыру көздері

Негіздеме/түсініктеме

Өтініш беруші (жеке салым)

Грант қаражаты










Жиынында:







* Заңның 6-1-бабының 5-тармағына сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және институционалдық дамытуға арналған шығыстар ұзақ мерзімді гранттың жалпы құнының 5 %-ынан аспайды.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, әлеуметтік жобаның мақсаттарына сәйкес ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі. Институционалдық даму деп грант алушының қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ оқу орнына дейінгі жол жүру шығындары, оқу-әдістемелік материалдарды сатып алу түсініледі.

6. Өтінімді растау

Осы өтінімге қол қою арқылы өтініш беруші:
- Осы Қағидаларда айқындалған үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу шарттары мен тәртібіне келісім беруін;
– осы өтінімнің құрамында ұсынылған ақпараттың өзектілігі мен анықтығын;
- жүзеге асырылуы ҚР заңнамасының талаптарын бұзатын осы өтініммен конкурсқа ұсынылған іс-шаралар жобасында болмауын;
– осы өтінімде пайдаланылуы ҚР заңнамасының талаптарын бұзатын ақпараттың болмауын;
– осы өтінімде ұсынылуы және өңделуі дербес деректер субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын дербес деректердің болмауын;
- ұйымның жарғысына сәйкес осы өтінімде көрсетілген басым бағытқа сәйкес келетін қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруын;
- ұйымды тарату, ұйымның дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы іс бойынша іс жүргізу, оның қызметін тоқтата тұру рәсімінің болмауын;
- ұйымның Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің бюджеттеріне орындау мерзімі басталған салықтар, алымдар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауын (осы өтінім берілген күнге ұйымның тиісті арызы бойынша шешім болмаған кезде ұйым белгіленген тәртіппен шағым жасайтын берешекті қоспағанда);
- ұйымның басшылары, құрылтайшылары, мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтынын;
- ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмегенін растайды.

____________________________________ _______________ ___________________________ 20___ж. "____" _____________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы) (қолдың толық жазылуы) (толтыру күні)

  Мемлекеттік гранттарды
қалыптастыру, беру,
мониторингтеу және
олардың тиімділігін бағалау
қағидаларына 10-қосымша

Ұзақ мерзімді гранттардың өтінімдерін бағалау өлшемшарты – Бағалау парағы

Конкурстың 1-кезеңінің бағалау өлшемшарты



1. Жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы

Бағалау сарапшы

Маманның пікірі

9-10

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы сенімді түрде негізделді және дәлелденді:
- жоба шешуге бағытталған мәселелер егжей-тегжейлі ашылған, олардың сипаттамасы нақты сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштермен, оның ішінде зерттеу нәтижелерімен, ресми статистикалық мәліметтермен дәлелденген және бекітілген;
- жоба жобада белгіленген мәселелерді толық шешуге бағытталған;
- нысаналы аудитория өкілдерінің, әлеуетті игілік алушылардың, серіктестердің мәселенің өзектілігін растауы бар;
- жобаның іс-шаралары гранттың басым бағытына толық сәйкес келеді.



6-8

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы жалпы негізделді және дәлелденді, бірақ сарапшының ескертулері бар:
-шешу үшін жоба бағытталған проблемалар өзекті мәселелердің қатарына жатады, бірақ авторлар олардың жобаны іске асырудың таңдалған аумағы және (немесе) нысаналы топ үшін маңыздылығын асыра көрсетті;
-жоба жобада белгіленген мәселелерді шешуге бағытталған;
-нақты фактілерге сілтемесіз жалпы сөз тіркестермен сипатталған немесе бұл фактілер мен көрсеткіштер мәлімделген нысаналы топ және (немесе) жобаны іске асыру аумағы үшін проблеманың өзектілігін растау үшін жеткіліксіз;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы жеткілікті түрде дәлелденген жоқ:
-мәселе нысаналы топ немесе жобаны іске асыру аумағы үшін аса маңызды емес;
-жоба жобада белгіленген мәселелерді шешуге толық бағытталмаған;
-жоба шешуге бағытталған мәселе жеткілікті дәлелденбеген және нақты көрсеткіштерсіз сипатталған, не өтінімде белгіленген аумақтармен өзара іс-қимыл расталмаған;
-сарапшының басқа да ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы дәлелденген жоқ:
-жоба арналған мәселе қоғам талап ететін санатқа жатпайды немесе авторлармен жеткіліксіз негізделген;
-жоба іс-шараларының басым бөлігі мәселені шешпейді немесе таңдалған гранттың басым бағытымен байланысты емес;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



2. Жобаның инновациялылығы, бірегейлігі

5

Жоба инновациялық, бірегей болып табылады:
– жоба мақсатқа және қойылған міндеттерге қол жеткізуге және мәселелерді шешуге бағытталған жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған практикаларды, әдістерді енгізуге бағытталған;
– ұйымда сипатталған инновацияларды табысты енгізу үшін ресурстар мен тәжірибе бар




Ескертпе:
Жобаның инновациялылығы – жобаның мазмұны, нысандары және құралдары бойынша бұрын ұсынылып отырған жобаның өңірінде жүзеге асырылмаған іске асырылуы.
Бірегейлік – меншікті (соның ішінде авторлық) технологияларды (әдістерді, әдістемелерді) пайдалана отырып, жобаны іске асыру.



3. Жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырулығы, жоба іс-шараларының оның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі

9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- өтінімнің барлық бөлімдері логикалық өзара байланысты, әрбір бөлімде жобаның мазмұнын толық түсіну үшін қажетті және жеткілікті ақпарат бар;
- жобаның мақсаты белгіленген мәселені толық шешуге бағытталған;
- күнтізбелік жоспар жақсы құрылымдалған, егжей-тегжейлі, нақты іс-шаралардың сипаттамасын қамтиды;
- жоспарланған іс-шаралар конкурс шарттарына сәйкес келеді және қойылған міндеттерді шешуді және жобаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- жобаның міндеттерін толық көлемде шешуге мүмкіндік беретін нақты және ақылға қонымды мерзімдер көрсетілген.



6-8

Аталған өлшемшарт бойынша жоба толығымен пысықталды, алайда сарапшының ескертулері бар:
- өтінімнің барлық бөлімдері логикалық өзара байланысты, алайда елеусіз мағыналық сәйкессіздіктер бар, бұл жобаның ішкі тұтастығын бұзады;
– жоспарланған іс-шаралар конкурс шарттарына сәйкес келеді және қойылған міндеттерді шешуді және бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен бірге іс-шаралар құрамы толық оңтайлы болып табылмайды



3-5

Аталған өлшемшарт бойынша жоба жеткілікті пысықталмаған, сарапшының ескертулері бар:
- күнтізбелік жоспар тек қызметтің жалпы бағыттарын сипаттайды, жобаны іске асырудың дәйектілігін ашпайды, негізгі іс-шаралардың мазмұнын анықтауға мүмкіндік бермейді;
- міндеттер, іс-шаралар мен болжамды нәтижелер арасында логикалық байланыстың сәйкессіздіктері бар;
- жобаның мақсаты белгіленген мәселені толық шешуге бағытталмаған;
- ұсынылған іс-шаралардың іске асуы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді толық қамтамасыз етпейді;
- сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
-жоба төмен деңгейде пысықталды, жоба іс-шараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеуі, жоспарланған қызмет пен күтілетін нәтижелер арасында қайшылықтар бар;
-мақсат қоюдағы, міндеттердегі, іс-шараларды сипаттаудағы, жобаның нәтижелеріндегі елеулі қателіктер мұндай жобаны іске асыруды орынсыз етеді;
-іс-шараларды орындау мерзімдері дұрыс емес және жобаның мәлімделген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді, ойластырылмағандықтан, жобаны іске асыруда елеулі тәуекелдер тудырады;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



4. Жоба шығыстары сметасының шынайылығы және жобаны іске асыруға жоспарланған шығыстардың негізділігі



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- жобаның шығыстар сметасында жобаның барлық іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету көзделген және жобаның іс-шараларына тікелей байланысты емес шығыстар жоқ;
-барлық жоспарланған шығыстар нақты және негізделген;
-жобада ұйымда бар ресурстарды белсенді пайдалану көзделген.



6-8

Жоба жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының елеусіз ескертулері бар:
-барлық жоспарланған шығыстар нақты, міндеттерден, іс-шаралардан тұрады және негізделген, сонымен бірге кейбір шығыстарға түсініктемелерден олардың құрамын (егжей-тегжейін) дәл анықтау мүмкін емес;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жоба тұтастай алғанда аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының ескертулері бар:
-жоспарланған шығыстардың барлығы жобаның іс-шараларымен және күтілетін нәтижелерге қол жеткізумен тікелей байланысты емес;
-жоба шығыстар сметасында жобаны іске асыруға тікелей қатысы жоқ жанама шығыстар көзделген;
-орташа нарықтық еңбекақы деңгейімен, тауарлар, жұмыстар, қызметтер, жалдау бағаларымен салыстырғанда кейбір шығыстар жоғары немесе төмен (шығыстарға түсініктемелерде тиісті негіздемесіз);
-кейбір жоспарланған шығыстардың негіздемесі олардың жоба іс-шараларымен байланысын бағалауға мүмкіндік бермейді;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
-жобаны іске асыруға жұмсалатын болжамды шығындар анық жоғары немесе төмен бағаланса және (немесе) жоба іс-шараларына, конкурс шарттарына сәйкес келмейді;
-жоба шығыстар сметасында грант есебінен шығыстарды жүзеге асыру көзделген, олар конкурс туралы ереженің талаптарына сәйкес жіберілмейді;
-жоба шығыстарының сметасы шындыққа жанаспайды, өтінім мәтініне сәйкес келмейді;
-бюджет гранттың нысаналы сипатына сәйкес келмейді, шығыстардың бір бөлігі жоба іс-шараларын орындауға бағытталмайды не жобаны іске асыруға мүлде қатысы жоқ;
-жоба сипаттамасындағы және жоба шығыстарының сметасындағы сомалар арасында сәйкессіздіктер бар;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



5. Жобаны іске асыру ауқымы



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- жобаның мәлімделген аумақтық қамтуы ақталды және жоба шешуге бағытталған мәселелерге сәйкес келеді;
- жобаның мәлімделген аумақтық қамтуы ұйымның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келеді
- жобада оны іске асырудың барлық мәлімделген аумағы шегіндегі қызмет көзделген.



6-8

Жоба жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының елеусіз ескертулері бар:
-жобада серіктестерді тарту есебінен оны іске асыру аумағы шегінде қызмет көзделген, бірақ өтінімде барлық осындай серіктестермен орнықты байланыстардың болуы расталмаған;
-күнтізбелік жоспар мен жобаны іске асырудың мәлімделген аумағы арасында ішінара (елеусіз) алшақтық бар, мұндай аумақтық қамтуды қамтамасыз ету күнтізбелік жоспарда белгіленген мерзімдерде қиындық тудыруы мүмкін;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жоба аталған өлшемшартқа ішінара сәйкес келеді:
-жобаның мәлімделген аумақтық қамтуына ұйымның нақты мүмкіндіктері толық сәйкес келмейді;
-мәлімделген аумақта жобаны іске асыру мүмкіндігі жобаның шығыстар сметасында толық көлемде қамтамасыз етілмеген, ал өтінімде басқа көздер туралы ақпарат жоқ;
-жобаны іске асыру аумағы ретінде жобаны іске асыру шеңберінде құру немесе дамыту жоспарланып отырған интернет-ресурстың әлеуетті аудиториясы мәлімделді;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
- жобаны іске асырудың мәлімделген аумағы өтінім мазмұнымен расталмайды;
- өтінімде белгіленген аумақтармен өзара іс-қимыл дәлелденген жоқ;
- сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



6. Ұйымның өз үлесі және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстар, оны одан әрі дамыту перспективалары



9-10

-жеке үлес пен қосымша ресурстар деңгейі жоба шығындарының 30%-ынан асады



6-8

-жеке үлес пен қосымша ресурстар деңгейі жоба шығындарының 20%-ынан асады



3-5

-жеке үлес пен қосымша ресурстар деңгейі жоба шығындарының 10%-ынан асады



0-2

-жобаны іске асыру тек грант есебінен көзделеді



7. Өтініш берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы



9-10

Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған



6-8

Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында бес жылдан астам және он жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар жәни тиісті құжаттармен расталған



3-5

Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанда дейінгі жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған



0-2

-Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында екі жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар және тиісті құжаттармен расталған;
-Өтініш берушінің мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келетін ұқсас қызметтерді көрсету нарығында жұмыс тәжірибесі жоқ немесе тиісті құжаттармен расталмаған



8. Жоспарланған қызметке жобалау командасының қызмет тәжірибесі мен құзыреттерінің сәйкестігі



9-10

Жоба аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
- жоба жобаны іске асыру үшін қажетті барлық бейіндер бойынша тәжірибелі, білікті және оң беделге ие мамандармен толық қамтамасыз етілген;
- өтінімде көрсетілген команданың әрбір мүшесінің жоба барысында елеулі ауыстыруларсыз жобаның күнтізбелік жоспарында және шығыстар сметасында белгіленген шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жоба бойынша сапалы жұмыс істеу мүмкіндігі дәлелденді.



6-8

Жоба жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының елеусіз ескертулері бар:
-жоба жалпы тәжірибелі, білікті және оң беделге ие мамандармен қамтамасыз етілген, бірақ кейбір қажетті бейіндер бойынша ақпарат жоқ;
-сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Жоба аталған өлшемшартқа ішінара сәйкес келеді:
- өтінімде жоба командасының сипаттамасы қамтылады, бірақ негізгі іс-шаралардың нақты орындаушылары аталмаған не олардың білімі мен тәжірибесі туралы немесе жобаны іске асыру шеңберінде орындалатын функциялар туралы мәліметтер келтірілмейді;
- өтінімде көрсетілген жоба командасының мүшелері жобаны іске асыру үшін қажетті тәжірибе мен құзыреттер деңгейіне толық сәйкес келмейді;
– сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
-жоба командасының сипаттамасы, оның біліктілігі, өтінімде жұмыс тәжірибесі іс жүзінде жоқ;
-тәжірибесі жеткіліксіз және жоба командасы біліктілігінің төмен болуына байланысты жобаны іске асырудың жоғары тәуекелдері бар;
-сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



9. Өтініш берушінің (ұйымның) ақпараттық ашықтығы

9-10

Ұйым аталған өлшемшартқа толық сәйкес келеді:
– қызметі туралы ақпаратты Интернеттен іздеу сұраулары арқылы оңай табуға болады;
– ұйымның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жария етіледі;
– ұйымның қолданыстағы, тұрақты жаңартылатын сайты бар, онда оның қызметі туралы егжей-тегжейлі жылдық есептер ұсынылған, іске асырылған жобалар мен іс-шаралар, басқару органдарының құрамы туралы (болған жағдайда) өзекті ақпарат орналастырылған;
– ұйымның әлеуметтік желілерде ұйымның қызметі, оның ішінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жоблары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отыратын парақшалары (топтары) бар;
– ұйым өз қызметі туралы жылдық есептілікті үнемі жариялайды.



6-8

Ұйым жалпы аталған өлшемшартқа сәйкес келеді, алайда сарапшының ескертулері бар:
– ұйымның қызметі, оның ішінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жоблары туралы өзекті ақпараты бар ұйымның қолданыстағы сайты, әлеуметтік желілердегі парақшалары (топтары) бар, алайда ұйымның жұмысы, ол тартатын ресурстар, басқару органдарының құрамы, іске асырылған бағдарламалар, жобалар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жоқ;
– қызметі туралы ақпаратты Интернеттен іздеу сұраулары арқылы табуға болады;
– ұйымның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында мезгіл-мезгіл жарияланып отырады;
– сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



3-5

Ұйым аталған өлшемшартқа ішінара сәйкес келеді:
– ұйымның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте аз жарияланады;
– ұйымның әлеуметтік желіде өзекті емес (ескірген) ақпараты бар сайты және (немесе) парақшасы (тобы) бар;
– ұйымның қызметі туралы есептер ашық қолжетімділікте жоқ;
– сарапшының басқа ескертулері бар (түсініктемемен).



0-2

Жоба аталған өлшемшартқа сәйкес келмейді:
– ұйымның қызметі туралы ақпарат Интернетте мүлде жоқ;
– сарапшының басқа да маңызды ескертулері бар (түсініктемемен).



  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 406
Бұйрыққа қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12764 болып тіркелген).

      2. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 123 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15563 болып тіркелген).

      3. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17311 болып тіркелген).

      4. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22114 болып тіркелген).