Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.08.2023 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26973 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 4-2-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН":;
Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларында:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 7-тармағына және 4-2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және пайдаланушылардың, оның ішінде портал қатысушылары мен жеткізушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану тәртібін айқындайды.";
2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – халықтың жекелеген санаттарына "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі;"
4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) жеке көмекші - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;"
7) және 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"7) мүгедектігі бар адам - тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
8) мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;"
10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"10) порталға қатысушы – мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері (қорғаншылар, қамқоршылар), егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар немесе олардың заңды өкілдері (қорғаншылар, қамқоршылар), кепілдік берілген әлеуметтік пакетті алушылар;"
7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7. "Алушының жеке кабинеті" модулінде:
МӘЖ алушыларға – МӘЖ түрлері мен көлемдері және оларды іске асыру жөніндегі мәртебелер;
мүгедектігі бар адамдарға – ОЖБ-ның ұсынылған іс-шаралары және оларды іске асыру бойынша мәртебелер;
егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға – ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер және оларды іске асыру жөніндегі мәртебелер."
8-тармақтың 2-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адам тауарды немесе көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген). Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес тапсырыс ресімдейді және өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке порталда қол қояды."
9-тармақтың 1-абзацы келесі редакциясында жазылсын:
"ОЖБ деректері (мүгедектігі бар адам туралы мәліметтер, оңалту құралының және/немесе қызметінің атауы, ОЖБ-ны әзірлеу күні және іс-шараны іске асыру мерзімі) порталға "Е-Собес" ААЖ-дан түседі."
10-тармақтың 1-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдар порталда жеткізушіні таңдауды ОЖБ іс-шараларын порталға жіберу туралы оны хабардар еткен күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады."
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуға міндетті.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі