Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 69/НҚ "Ақша аударымы қызметін көрсететі

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 29 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 330/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қыркүйекте № 29650 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 69/НҚ "Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26982 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 330/НҚ мен
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 29 Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      1. Осы Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Талаптарда қаржы мониторингі субъектілеріне ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.

      3. Қазақстан Республикасының осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы Заңда және "Пошта туралы" Заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      4. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақша аударымы қызметтері – қолма-қол ақшаны, чектерді, басқа да ақша құралдарын немесе басқа да жинақтау құралдарын қабылдауды, сондай-ақ коммуникация, жолдау, аударым арқылы немесе клирингтік желі арқылы алушыға қолма-қол ақшамен немесе басқа нысанда тиісті соманы төлеуді көздейтін қаржылық қызметтер;

      2) бөлінген байланыс арнасы – Субъектімен электрондық өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын уәкілетті мемлекеттік органның желісі;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдері – Субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру немесе өзге де қылмыстық әрекет процестеріне әдейі немесе абайсызда тарту мүмкіндігі;

      4) ҚМ-1 нысаны – КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ) саласындағы қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат нысаны;

      5) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      6) уәкілетті орган – КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.

      5. Ішкі бақылау мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) Субъектілердің КЖ/ТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қолдау болып табылады;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін азайту мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қамтамасыз етеді:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ басқару органының немесе атқарушы органның тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда тәуелсіз аудитті жүргізуін қамтитын талаптарға сәйкес ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуі және қабылдауы;

      2) бөлінген байланыс арнасының болуы.

      7. Ішкі бақылау қағидалары (бұдан әрі – ІБҚ) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында Субъектілердің іс-қимыл тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      8. ІБҚ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін регламенттейтін және субъектілердің іс-қимыл тәртібін белгілейтін КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген бағдарламаларды қамтиды.

      9. ІБҚ Субъектілердің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды көздейді.

      10. Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

2-тарау. Тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес Субъектілердің өзге де басшыларының немесе Субъектілердің басшы қызметкерлер ішінен ІБҚ-ды іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы талапты, сондай-ақ Субъектілердің ІБҚ-ды іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлеріне, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы өзге де қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мынадай рәсімдерді қамтиды:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін Субъект пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолдану;

      2) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан бас тартқан және іскерлік қатынастарды тоқтатқан, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қолданған жағдайларда тоқтатылады;

      3) Субъекті зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі операцияны күдікті операция ретінде танығанда;

      4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі және бағдарламалық қамтамасыз етудегі жұмыстың нұсқаулары мен регламенттерін қоса алғанда, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту фактілерін, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, уәкілетті органға беру;

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды Құжаттамалық тіркеу Субъект белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;

      5) Субъект қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған, Субъект қызметкерлері жол берген Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ, ІБҚ туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы басшыны хабардар ету;

      6) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны ұйымның басқа бөлімшелерімен, персоналымен, филиалдарымен, уәкілетті органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылы;

      7) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ (болған жағдайда) бойынша талаптарды орындау;

      8) ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалау, сондай-ақ басқару органының немесе атқарушы органның тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда тәуелсіз аудит жүргізу нәтижелері бойынша басқару есептілігін ұйымды бақылайтын заңды тұлғаның дайындауы және органдар мен уәкілетті тұлғаларға ұсынуы;

      9) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, оның ішінде рәсімдердің ерекшеліктері жеңілдетілген және күшейтілген шараларды қолдану, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, бейрезидент-заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымды тиісінше тексеру;

      10) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиент операциясын күдікті ретінде тану;

      11) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту;

      12) бақылау шараларын, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ зааңдастыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі рәсімдерді әзірлеу;

      13) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, өз клиенттерін сыныптау;

      14) барлық құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде біржолғы операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған мәліметтер клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап немесе біржолғы мәміле жасалған күннен кейін кемінде бес жыл, оларды сотта дәлелдеме ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар уәкілетті органға, сондай-ақ өздерінің құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшін Субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бойынша қосымша шараларды бағдарламаға енгізуіне жол беріледі.

      Субъектілер субъектілердің басшы қызметкерлерінің немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес субъектілердің өзге де басшыларының қатарынан ІБҚ–ны іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны (бұдан әрі – жауапты қызметкер), сондай-ақ ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты субъектілердің қызметкерлерін (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкері) тағайындайды.

      Жауапты қызметкер лауазымына:

      жоғары білімі;

      пошта саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      мінсіз іскерлік беделі бар тұлға тағайындалады.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімшенің қызметкері лауазымына:

      жоғары білімі;

      пошта саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      мінсіз іскерлік беделі бар тұлға тағайындалады.

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты лауазымды тұлғаның не құрылымдық бөлімшенің функциялары:

      1) ІБҚ әзірлеу және келісу, оларға Субъект басшысымен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ ІБҚ іске асыру және сақтау мониторингі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруді ұйымдастыру және бақылау;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдау;

      4) клиенттердің операцияларын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

      5) клиенттер операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы және операциялар туралы ақпаратты уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;

      6) клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      7) Субъектінің басшысына клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін сұрау салулар жіберу;

      8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеу;

      9) ІБҚ іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиент досьесін қалыптастыру;

      10) анықталған ІБҚ бұзушылықтары туралы Субъект басшысын хабардар ету;

      11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;

      12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;

      13) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ақпарат ұсыну;

      14) уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру;

      15) ІБҚ іске асыру нәтижелері және Субъект басшысына есептер қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ ішкі бақылау жүйесін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпарат дайындау;

      16) барлық құжаттар мен мәліметтерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.

      13. Жүктелген функцияларға сәйкес Субъектілер:

      1) өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      3) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      Субъектілерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкердің немесе бөлімшенің қосымша функцияларын және өкілеттіктерін қосуға рұқсат етіледі.

      14. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес клиенттерді ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату бойынша қабылданған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабардар етуді қоспағанда, клиенттерді және өзге тұлғаларды осындай клиенттерге және өзге де тұлғаларға қатысты қабылданатын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша шаралар туралы хабардар етуге тыйым салынады.

      15. Филиалдарда, өкілдіктерде және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерде осы Талаптардың 12-13-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толық немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде мұндай қызметкерлердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      Егер Субъект бас ұйым болып табылған жағдайда жауапты қызметкер ІБҚ-ға шоғырландырылған негізде өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеуді, енгізуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың, еншілес ұйымдардың, өкілдіктердің) орындауын қамтамасыз етеді.

      16. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ осы Талаптардың 12-тармағында көзделген функциялар жүктелген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары тәуелсіз аудиттің, ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын өлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілген қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін (тәуекелдің төмен, жоғары деңгейлері) басқару бағдарламасы

      17. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъектілер клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:

      1) Субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері (бар болса) бөлінісінде;

      2) клиенттің тәуекел деңгейіне, сондай-ақ Субъектінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің түрі, елдік тәуекел және көрсетілетін қызметтердің/өнімдердің тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесін;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және субъект өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне тұрақты мониторингті, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін беру тәртібін, мерзімдері мен негіздерін қамтиды.

      Субъектілер жыл сайынғы негізде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау есебіндегі ақпаратты және тәуекелдердің ерекше санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру тәуекелдеріне Субъектілер қызметтерінің ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типі бойынша тәуекел, елдік (географиялық) тәуекел, көрсетілетін қызметтің және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелі.

      Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингілеу рәсімдерін өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен сүйемелденеді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері Субъектілер мүшелері болып табылатын тиісті мемлекеттік органдардың және коммерциялық емес ұйымдардың талап етуі бойынша ұсынылады.

      18. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне жатады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ аталған адамдар бенефициарлық иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалар;

      2) азаматтығы жоқ адамдар;

      3) Қазақстан Республикасында тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары;

      4) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12 және 12-1-баптарында көзделген террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген ұйымдар мен адамдар, сондай-ақ аталған адамдардың бенефициарлық меншік иелері;

      Тізім және Тізбелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      5) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар болып табылады;

      6) осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      7) оған қатысты алынған деректердің дұрыстығына күмән келтіруге негіз бар клиент;

      8) клиент операцияның не пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі практикасынан ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларының асығыс жүргізілуін талап етеді;

      9) өзіне қатысты Субъект бұрын күдік келтірген клиент;

      10) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды.

      11) сыбайлас жемқорлықтың немесе өзге де қылмыстық әрекеттің деңгейі жоғары болған жағдайларда жол беріледі.

      19. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ оларға бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар;

      4) осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері жатады.

      20. Субъектілер осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтер (өнімдер) ұсынуға және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың қызметінің және бағалы қағаздар рыногындағы лицензияланатын өзге де қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 тіркелген) сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірісі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастырудың жоғары тәуекелін білдіретін Субъектілер ретінде айқындалған шет мемлекеттер (аумақтар).

      БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      21. Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін шетел мемлекеттері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      халықаралық стандарттарды орындайтын және ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) мәліметтеріне сәйкес КЖ/ТҚҚ тиімді жүйесі бар шет мемлекеттер (аумақтар).

      22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын Субъектілердің қызметтеріне (өнімдеріне) мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      шекті мәннен асатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция;

      клиенттің Кимберлий процесінің мерзімі өткен сертификатын ұсынуы;

      клиентпен іскерлік қатынастар ерекше жағдайларда жүзеге асырылады (мысалы, субъект пен клиент арасындағы түсініксіз географиялық қашықтық);

      белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғалардың атынан немесе пайдасына операция жасау;

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда, анонимдік банк шоттарына немесе анонимдік, ойдан шығарылған есімдерді пайдалануға байланысты операциялар жасау;

      экономикалық мағынасы немесе құқықтық мақсаты жоқ операцияларды жасау;

      клиенттің өзіне тән емес жиілікпен немесе осы клиент үшін ерекше ірі сомаға операциялар жасауы.

      23. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      клиенттің (оның өкілінің) жеке қатысуынсыз операцияны жүзеге асыру;

      клиентке (оның өкіліне) қатысты клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеру шараларын қолдану үшін үшінші тараптардың қызметтерін пайдалану.

      24. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      клиенттің жеке қатысуымен операцияны жүзеге асыру.

      Субъектілердің уәкілетті органмен келісім бойынша қосымша тәуекел факторларын енгізуіне жол беріледі.

      25. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Субъектілер осы Талаптардың 17-тармағында көрсетілген санаттар мен тәуекел факторларын, сондай-ақ Субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді сыныптау бойынша шаралар қабылдайды.

      Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін Субъектілер Субъектілерде бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша белгілейді және төмен және жоғары деген екі деңгейден кем емес тәуекел деңгейін айқындау шәкілі бойынша бағаланады.

      Осы Талаптардың 18-24-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі.

      Клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін қайта қарауды Субъектілер клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына және операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелеріне қарай жүзеге асырады.

      26. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін анықтайды және бағалайды:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер мен жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеу;

      2) жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалану.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      27. Клиентті (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеуден, сондай-ақ клиент және олардың өкілдері туралы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шаралардан тұрады, мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операцияны жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату рәсімі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті (оның өкілін) бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері, Субъектінің жеке тұлғаны клиенттің бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі;

      3) қызмет көрсететін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалар, жария лауазымды адамдар, олардың жұбайлары мен жақын туыстары арасында, сондай-ақ көрсетілген тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттердің заңды тұлғалары арасында Субъектіні анықтауға және осындай клиенттерді қызмет көрсетуге (ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын ала отырып) қабылдауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін Тізімде, және Тізбелерде тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан белгілеу кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз);

      6) Талаптарды орындау шеңберінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтер алмасу ерекшеліктері;

      7) басқа ұйымдардан мәліметтер алу, оның ішінде өздерінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің пайдасына немесе атынан операциялар жасалатын жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру арқылы клиенттерді сәйкестендіру ерекшеліктері;

      8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерінің сипаттамасы;

      9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру тәртібі;

      10) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңартуға (жылына кемінде 1 рет) қойылатын талаптары;

      11) сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа субъект қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімін қамтиды;

      12) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері.

      Егер Субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға, не шетелдік қаржы ұйымына субъектінің клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, Субъект мынадай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді:

      Субъектілердің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы;

      ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімі;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімі мен мерзімдері;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды Субъектінің жүзеге асыру рәсімі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде Субъект қабылдайтын шаралар;

      сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, ұйымға алынған мәліметтерді беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, Субъектінің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздері, рәсімі және мерзімдері;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      Субъект сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, олардың жауапкершілігі туралы ережелер;

      ұйымның сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімі;

      КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ заңдастырудың ықтимал тәуекелдерін анықтау рәсімі.

      КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 10-тармағына сәйкес, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) басқа Субъект немесе шетелдік қаржы ұйымы тіркелген, болған жағдайда Субъектілер КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарда көзделген іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.

      28. Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеруді жүргізу кезінде оларды келесі міндеттемелер бойынша сәйкестендіреді:

      1) сенімді, тәуелсіз бастапқы құжаттарды, деректерді немесе ақпаратты қолдана отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру және клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын растау;

      2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру үшін ақылға қонымды шаралар қабылдау, бұл Субъектіге бенефициарлық меншік иесінің кім екенін білетініне сенуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдар үшін бұл Субъектінің басқару құрылымы мен клиенттің меншігі туралы ақпарат алуын қамтуы керек;

      3) іскерлік қатынастардың мақсаттары мен болжамды сипаты туралы ақпаратты түсіну және қажет болған кезде алу;

      4) жасалатын мәмілелердің Субъектілердің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі, оның шаруашылық қызметі және тәуекелдердің сипаты туралы, оның ішінде қажет болған жағдайда қаражат көзі туралы мәліметтерге сәйкестігіне көз жеткізу үшін тұрақты негізде іскерлік қатынастарға тиісті тексеру жүргізу және осындай қатынастар шеңберінде жасалған мәмілелерге толық талдау жасау;

      5) баламалы немесе ұқсас лауазымдарды атқаратын заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдарға, жеке деректерге қатысты.

      29. Субъектілердің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға сенімхатсыз клиент атынан іс-әрекеттер жасауға арналған құжат (құжаттар);

      клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.

      Субъектілер клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісінше тексеру жүргізген кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді клиенттің (оның өкілінің) таңдауы бойынша ұсынылатын түпнұсқалардың не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерінің не апостиль қоя отырып, құжаттардың көшірмелерінің негізінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген заңдастырылған тәртіппен құжаттық түрде тіркейді.

      30. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, субъектілер іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.

      31. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, клиент туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған кезде;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған) жағдайларда;

      3) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған жағдайларда;

      4) клиент КЖ/ТҚҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияны (мәмілені) жасаған жағдайларда тоқтатылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операция (мәміле) жасаған кезде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен осы талаптарға сәйкес бұрын алынған не қосымша мәліметтер алу қажеттілігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнатылған кезде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      Қатысудың бақылау үлесі бар тұлға, бенефициарлық меншік иесі анықталмаған немесе меншік құқығындағы үлес арқылы бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар болмаған жағдайда, Субъектілер бенефициарлық меншік иелерінің жеке басын заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдарды бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның жеке деректерін пайдалана отырып тексереді.

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғанды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бенефициарлық меншік иесі болып танылады.

      Жарғылық капиталға қатысу негізінде бенефициарлық меншік иесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын тұлға бенефициарлық меншік иесі деп танылады.

      32. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде осы Талаптардың 29-тармағына сәйкес алынған құжаттар мен мәліметтерді Субъектілер құжаттамалық тіркейді және клиенттің досьесіне енгізеді.

      Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер және күдікті операцияларды, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъект клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтауға тиіс.

      Субъектілер КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде олар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін басқа Субъектілерінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісті тексеру шараларына Субъектілер сүйенетін ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа Субъектілердің дерекқорларынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Субъектілер клиенттің досьесін олар ІБҚ-ға сәйкес берген тәуекелінің деңгейіне қарай ол туралы мәліметтерді тіркеу арқылы қалыптастырады. клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісті тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі тіркеледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер (салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер) жатады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.

      33. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде субъектілер Тізімде және Тізбелерде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізімде және Тізбелерде болуын тексеру (Тізімге және Тізбелерге енгізу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және оларға өзгерістердің (жаңартулардың) енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.

      Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) жария лауазымды тұлғаға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына тиесілігіне тексеру жүргізіледі.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту мерзімділігі және (немесе) алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейі және (немесе) клиент пайдаланатын субъектінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып белгіленеді.

      Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларда көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қолдану кезінде Субъектілер уәкілетті органға мұндай факт туралы ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      34. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында Субъект клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      35. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі, сондай-ақ Субъектілермен дербес әзірлеуі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясын анықтау рәсімін қамтиды;

      3) клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда, Субъектілердің клиентке және оның операцияларына қатысты қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттау;

      4) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары болып табылатын, сондай-ақ, олардың жүзеге асырылу нысанына және ақша қаражатының және (немесе) осындай клиенттердің басқа меншігінің шығу көзін анықтауды қоса алғанда, олар жасалған не жасалуы мүмкін сомасына қарамастан көрсетілген тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетуге қабылданған қаржылық операциялардың тұрақты күшейтілген мониторингін жүзеге асыру тәртібі.

      Субъект жауапты қызметкерді не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша бөлімше қызметкерлерін тағайындаған жағдайда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы қосымша қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:

      1) осы Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған және (немесе) қосымша мәліметтерді жаңарту бойынша Субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында міндеттерді бөлу;

      2) шектік, ерекше және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру бойынша Субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы міндеттерді бөлу;

      3) шекті, ерекше және күдікті операциялар анықталған кезде Субъект бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тетігінің сипаттамасы;

      4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;

      5) клиенттің операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің тізбеде болуына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      6) Тізімде және Тізбелерде тұрған клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттерді ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, осындай клиенттерге қызмет көрсету не онымен іскерлік қатынастарды тоқтату бойынша Субъект бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      7) Субъектінің лауазымды адамдарына шекті және күдікті операцияның, Тізімнен және Тізбелерден клиенттерді анықтау туралы ақпарат беру тәртібі (қажет болған кезде).

      36. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін Субъектілер клиенттің тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметтерінің ҚЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің операцияларды (операцияларды) жасауын (жасауға әрекет жасауын) ескере отырып, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ҚЖ/ТҚҚ заңдастыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда Субъектілер клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды субъект айқындайтын операцияны жүргізгенге дейінгі кезеңде, бірақ әдетте бір айдан аспайтын мерзімде зерделейді.

      37. Егер осы Талаптардың 22-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша Субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыруға байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда клиенттің операциялары күдікті деп танылады.

      Субъектілер клиент операциясын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын өзінің иелігіндегі мәліметтер мен құжаттардың, сондай-ақ клиенттің қаржы-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпараттың негізінде дербес қабылдайды.

      Бұл ретте операцияны жасау уақыты мен осындай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырма қаржы мониторингі Субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.

      Субъектілер уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен тиісті шешім қабылдаған (іс-әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операция жасалғаны туралы хабарламалар ұсынады.

      Субъектілер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

6-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы

      38. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабы 8-тармағына сәйкес, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) уәкiлеттi орган қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша бекiтілген қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

      Оқыту бағдарламасының мақсаты Субъектілер жұмыскерлерінің КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың, сондай-ақ ІБҚ-ның талаптарын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы Субъектінің өзге де ішкі құжаттарын орындауы үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.

      _________________________________________________________