"Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 932 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29501 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5050 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақ алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыс өтілі бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық жұмыс саласында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы үш жыл.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев