"Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ - 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қыркүйекте № 29474 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Шетелде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін Әкімші "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметте (бұдан әрі – білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет) көзделген құжаттарды, оның ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасын қабылдауды жүзеге асырады.";

      17-тармақтың 2-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;";

      24-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті алушы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.";

      30-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "30. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

      білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің қабылдауы - 15 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің конкурсқа қатысу үшін шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруі - 30 минут;

      құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болcа, білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіні, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.";

      44-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "44. Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлер осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметте (бұдан әрі - академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызмет) көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      47-тармақтың 4-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;";

      58-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "58. Көрсетілетін қызметті алушы академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, білім алушының өтініш береді.";

      65-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "65. Академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

      академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру - 15 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру - 30 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болса, конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағаты 15 (он бес) минут.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіні, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет";

      7,8 және 9-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші бойынша қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
2) жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін):
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/ "Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;
4) бар болса салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат;
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болса);
7) құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
8) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
9) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасылардан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
10) бар болса нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) шақыруының көшірмесі.
портал арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманың электрондық көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/ "Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесін ұсынады;
4) бар болса оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың электрондық көшірмесі (болса);
7) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
8) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасынан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
9) бар болса нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік ЖЖОКБҰ шақыруының электрондық көшірмесі.
Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын, білімі туралы құжаттарын, баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжатын, № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманы, көп балалы отбасынан шыққанын растайтын құжатын, асырап алу туралы сот шешімін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, ауылдық елді мекенінен үміткердің тұрғылықты жерін куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болса, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет";

      7,8 және 9-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
3) білім туралы құжаттар:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады): болса, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат;шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болса);
9) студенттің мүгедектігі туралы анықтама.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының электрондық көшірмесі;
3) білім туралы құжаттарының электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады):
болса, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат;
шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;
қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болса);
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1)мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
2)көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі