"Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кей

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 62 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 917 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 6 қыркүйекте № 29425 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 140 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7493 болып тіркелген);

      2) "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын іске асыру жөніндегі есептің құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 53 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 141 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7530 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров