Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.07.2024 № 420/НҚ (22.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 99863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ алып тасталсын;
5-қосымша кесте-2 3-баған 1.14-өрістің 2-тармақшасы 3 бөлігінде 3-бағанда келесі редакцияда жазылсын:
"- ҰОС қатысқандарды, мүгедектігі бар адамдарды, баллаларды әлеуметтік қорғау;";
8-қосымшаның 1-баған 2-өрісі келесі редакцияда жазылсын:
"Денсаулық сақтау министрлігі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі";
8-қосымшаның 1-баған 22-өрісі келесі редакцияда жазылсын:
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі";
8-қосымшаның 1-баған 51-өрісі келесі редакцияда жазылсын:
"Ғылым және жоғары білім министрлігі".
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
А. Жамбакин |