"Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 26 тамыздағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қыркүйекте № 29419 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасында:

      13-тармақтын екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тағылымдамадан өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін екі жыл ішінде жарамды болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
А. Мадалиев