Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қыркүйекте № 29404 болып тіркелді

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 32-бабының 3-тармағына және 37-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18362 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 903 бұйрығымен
бекітілген

Біртекті түрлері бойынша және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

№ р/с

Атауы

1. Тауарлар

1

Кеңсе тауарлары

2

Шаруашылық тауарлары

3

Жуу құралдары

4

Азық-түлік тағамдары

5

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар

6

Құрылыс материалдары

7

Электр тауарлары

8

Сантехникалық тауарлар

9

Қосалқы бөлшектер

10

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

11

Жиһаз өнімі

2. Қызметтер

1

Күзет және өрт дабылы қызметтері

2

Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)

3

Полиграфиялық қызметтер