БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12633 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысаны осы бұйрыққа косымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Умаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы ЕСЕБІ __________________________ (есеп беру кезеңі)
1. Гранттарды орналастыру есебі кезеңінің басталу және аяқталу күні:
__________________________________________________________________.
2. Есепті кезеңде орналастырылған гранттар бағыттарының саны:
__________________________________________________________________.
3. Есепті кезеңде іске асырылған гранаттар саны:
__________________________________________________________________.
4. Есепті кезеңде іске асырылған гранттар саласы:
__________________________________________________________________.
5. Гранттарды іске асыруға есепті кезеңде мемлекеттік көздерден бөлінген қаражаттың
жалпы сомасы: ___________________________________________________________.
6. Гранттарды іске асыруға есепті кезеңде бюджеттен тыс көздерден бөлінген
қаражаттың жалпы сомасы: _________________________________________________.
7. Есепті кезеңде қазақстандық ұйымдардың қатарынан гранттарды іске асыруға
тартылған әріптестер туралы ақпарат (жалпы саны, ұйымның толық атауы,
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), байланыс деректері, заңды
мекенжайы): _____________________________________________________________.
8. Есепті кезеңде халықаралық (шетелдік) ұйымдардың қатарынан гранттарды іске
асыруға тартылған әріптестер туралы ақпарат (жалпы саны, ұйымның толық атауы,
басшысының тегі, аты, жөні, әкесінің аты (болған кезде), байланыс деректері, заңды
мекенжайы): _____________________________________________________________.
9. Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы
оператор арқылы гранттарды іске асырған үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер
(осы есепке қоса беріледі)*
10. Есепті кезеңде грант шеңберінде іске асырылған
әлеуметтік жобалар, әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметтер (осы есепке қоса
беріледі)**
11. Гранттарды іске асыру шеңберінде жобалардың нәтижелері бойынша жалпы
тұжырымдар мен ұсынымдар: ________________________________________________
12. Есепке гранттарды қалыптастыруға қатысатын үкіметтік емес ұйымдарды гранттық
қаржыландыру саласындағы оператордың басшысы, оператордың бас бухгалтері не
оларды алмастыратын адамдар қол қояды. Есептің әрбір данасы тігіледі, тігіс түйініне
және ішінара құжаттың парағына желімделген қағаз пломбамен бекемделеді. Мөрдің
бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылуы тиіс.
13. Есепті: _______________________________________________ жасады.
(оператор басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде) және қолы)
Есеп жасалған күн: 20 жылғы " " ____________
Мөр орны
Ескертпе: *
Мәліметтер есепке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады. **
Мәліметтер есепке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есепке 1-қосымша |
|
Нысан |
Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы гранттарды іске асырған үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер
1. Үкіметтік емес ұйымның толық атауы:
____________________________________________________________________.
2. Үкіметтік емес ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):
____________________________________________________________________.
3. Заңды мекенжайы, байланыс телефоны:
____________________________________________________________________.
4. Грантты іске асыру (сала) шеңберінде әлеуметтік жобаның, әлеуметтік
бағдарламаның атауы: _____________________________________________________.
5. Грант шеңберінде әлеуметтік жобаны, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру кезеңі
(басталу жылы мен айын/аяқталу жылы мен айын көрсету):
____________________________________________________________________.
6. Грантты іске асыруға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы:
____________________________________________________________________.
Ескертпе: Аталған нысанға әрбір үкіметтік емес ұйым жөнінде мәліметтер енгізіледі
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есепке 2-қосымша |
|
Нысан |
Есепті кезеңде грант шеңберінде іске асырылған әлеуметтік жобалар, әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметтер
1. Сандық көрсеткіштерді келтіре отырып, әлеуметтік жобаның, әлеуметтік
бағдарламаның барлық іс-шаралары бойынша жалпы ақпарат (іс-шараның өткен күні,
орны, тақырыбы мен нысаны, қатысушылар саны, жоспарланған іс-шаралардың толық
орындалуы):
__________________________________________________________________;
1) Әлеуметтік жобаның, әлеуметтік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу және
алынған нәтижелері:
__________________________________________________________________;
2) Мақсатқа қол жеткізу (фактілерді сипаттау және мақсатқа қол жеткізу туралы
дәлелдерді көрсету):
__________________________________________________________________;
3) Жоспарланған нәтижелердің алынған нәтижелерге сәйкестігі; егер жоспардан ауытқу
орын алса, оның негіздемесі:
__________________________________________________________________;
4) Әлеуметтік жобаны, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру аяқталғаннан кейін
және/немесе іске асыру кезінде болған әлеуметтік және басқа да өзгерістерді өлшеу
(жобаға дейінгі ахуалды және жоба аяқталған кездегі ахуалды салыстыру, жоба
шеңберінде проблемаларды мен міндеттерді шешу дәрежесі):
__________________________________________________________________;
2. Әлеуметтік жобаға, әлеуметтік бағдарламаға қатысушылар бөлінісінде
статистикалық ақпарат:
1) гендерлік көрсеткіш:
Жобаға қатысушылар саны, барлығы | Ерлер | Әйелдер |
2) санаттары бойынша әлеуметтік мәртебесі:
Жобаға қатысушылар саны, барлығы | Балалар (оның ішінде мүгедектігі бар -балалар) | Жастар | Мемлекеттік қызметшілер | Бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері | Мүгедектігі бар адамдар | Ересек жастағы адамдар (50 жастағы және одан асқан). | Жұмыссыздар | Қоғамдық ұйымдардың өкілдері | Бизнес секторының өкілдері | Басқа да санаттар |
3) жас ерекшелігінің көрсеткіші:
Жобаға қатысушылар саны, барлығы | 13-16 жастағы | 17-22 жастағы | 23-27 жастағы | 28-32 жастағы | 33-45 жастағы | 46-58 жастағы | 59 жастағы және ол жастан асқан |
3. Жобаның нәтижелері:
1) көрсетілген насаналы топтардың жобаны іске асыру барысында (сандық
көрсеткіштерді көрсете отырып, сапалық қозғалыстарды сипаттай отырып) алған нақты
нәтижелері: ______________________________________________________________;
2) жобаны іске асыру барысында шешілуге тиісті проблемаға жобаның ұзақмерзімді
ықпалы (жобадан туындаған осы немесе өзге саладағы болжамды оң/жағымсыз
өзгерістерді негіздеу):
__________________________________________________________________.
3) Іске асырылған жобаның әулеметтік-экономикалық әсері:
__________________________________________________________________________
Ескертпе:
Аталған нысанға әрбір әлеуметтік жоба, әлеуметтік бағдарлама бойынша мәлімет енгізіледі