"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 701 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29318 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 200 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 13.02.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын".

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар

      министрлігінің Орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі комитеті