Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақс

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29311 болып тіркелді

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мына:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету нысаны;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету нысаны бекітілсін.

      2. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының резидент ұйымы) эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыра бастаған күннен бастап үш айлық мерзім аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар толық орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабарламаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште ұсынады.

      3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару талаптарын айқындайтын құжатқа қосылу туралы құжатқа қол қойған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарламаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште ұсынады.

      4. Эмиссиялық бағалы қағаздарды (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды немесе депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару шарттарын айқындайтын құжаттың көшірмесі эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы немесе депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарламаға қосымша болып табылады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының акциялары эмиссиялық бағалы қағаздардың, сондай-ақ депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылса, оларды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама ұсынылмайды.

      6. Мына:

      1) "Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 37 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20252 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 104 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25889 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 12-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      7. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 58 Қаулыға
1-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz

      ресми интернет-ресурсында орналастырылған

      Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЭБҚОҚТА_1

      Кезеңділік: орналастырылуына қарай

      Есепті кезең: орналастырылуына қарай

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының резидент ұйымы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыра бастаған күннен бастап үш айлық мерзім аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар толық орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

  Нысан

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы резидент ұйымының толық атауы)

Жолдардың атауы

Сандық және әріптік деректер

1.

Ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі


2.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының уәкілетті органының базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шығару туралы шешімінің күні


3.

Заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын шығару жүзеге асырылған мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы


4.

Аумағында Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы


5

Бағалы қағаздар шығарылымының көлемі


6.

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы арқылы сатып алуға ұсынылған базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың және (немесе) туынды бағалы қағаздардың саны (орналастыруға жоспарланған жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы)


7.

Орналастыру басталған күн


      "Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті тұлға) ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған құжаттарындағы хабардардың дәйектілігін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бірінші басшысының (қол қоюға уәкілетті тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).

  ________
  (қолы)

      Қол қою күні 20_____ жылғы "____" __________

  Базалық активі осы бағалы
қағаздар болып табылатын
эмиссиялық бағалы қағаздарды
және (немесе) туынды бағалы
қағаздарды шет мемлекеттің
аумағында орналастыру
қорытындылары туралы
хабардар нысанына
қосымша

      "Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – ЭБҚОҚТА_1, кезеңділігі – орналастырылуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент ұйымы жасайды.

      3. Нысанға бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанда ұйымдық-құқықтық нысаны және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2 және 3-бағандарында базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шығару туралы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының уәкілетті органы шешімінің күні көрсетіледі.

      6. Нысанның 3 және 4-бағандарында заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) Қазақстан Республикасының резидент ұйымының туынды бағалы қағаздарын шығару жүзеге асырылған мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы және аумағында Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын және (немесе) туынды бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында шығарылым көлемі көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы арқылы сатып алуға ұсынылған базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың және (немесе) туынды бағалы қағаздардың саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында орналастырудың басталу күні көрсетіледі.

  Қаулыға 2-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

      Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЭБҚОҚТА_2

      Кезеңділік: орналастырылуына қарай

      Есепті кезең: орналастырылуына қарай

      Ұсынатын тұлғалар тобы: эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушылары

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару талаптарын айқындайтын құжатқа қосылу туралы құжатқа қол қойған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

  Нысан

      __________________________________________________________________________

      (Эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      немесе толық атауы

Жолдардың атауы

Сандық және әріптік деректер

1.

Базалық активтің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды (АЙСИН коды))


2.

Депозитарлық қолхаттардың немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздардың саны, түрі


3.

Базалық активтің саны


      "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көзделген.

      Бағалы қағаздарды ұстаушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы хабардардың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.

      Бағалы қағаздарды ұстаушының немесе бағалы қағаздар ұстаушының бірінші басшысының (қол қоюға уәкілетті адамның) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) немесе толық атауы

      (қолы)

      Қол қою күні 20_____жылғы "____" __________

  Депозитарлық қолхаттарды
немесе базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын өзге де бағалы
қағаздарды орналастыру
қорытындылары туралы
хабардар нысанына
қосымша

      "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі - ЭБҚОҚТА_2, кезеңділігі – орналастырылуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды бағалы қағаздарды ұстаушы жасайды.

      3. Нысанға бағалы қағаздарды ұстаушы немесе бағалы қағаздар ұстаушының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті адам) қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында Базалық активтің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды (АЙСИН)) көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың саны, түрі көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында базалық активтің саны көрсетіледі.