Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29310 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      3-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мүгедектігі бар адамдар";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

      11) жұмыс істемейтін қандастар;

      12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      13) мүгедектігі бар адамдар;

      14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға әрбір ай үшін жарналар төлеуден босатылмайды.

      Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      12. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.

      Егер кезең төленбеген кезеңді есептеу кезіндегі кезең Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген сәтті қамтыса, есептелген төленбеген кезеңге енгізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қорға жарналар төлемеген дербес төлеушілер МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға Заңның 5-бабының 3-2 тармағында көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жарналар төлейді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 612 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.";

      жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. "Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15661 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 20-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2022 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 12 және 12-1-тармақтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-92 бұйрыққа
1 қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша
Нысан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім

      Есепті кезең 20__жыл

      Индекс: қажеттілік

      Кезеңділігі: ай сайын

      Өтінім ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.

Мекеме 226

Бағдарлама 066

Кіші бағдарлама 102

Ерекшелігі 351

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









оның ішінде:









балалар









жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар









жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар









мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар









бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар









тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар









жұмыс істемейтін қандастар









"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар









мүгедектігі бар адамдар









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар









жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар









Жиыны





      Атауы: ____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушының тегі және телефоны ___________________________________

      Басшы _____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-92 бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 612 бұйрығына
20-қосымша
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/activities/directions?lang=kk.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 6/2-МӘМС (жеңілдіктер).

      Кезеңділік: тоқсандық, жылдық.

      Есепті кезең: "____" __________ 20__жылғы жағдай бойынша.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік айдың 20-күні, есепті жылдан кейінгі 15 наурыз.

р/с №

Адамдар санатының атауы

20__жылғы 01 "____" арналған жоспар

20____жылғы 01 "_____" арналған факт

Ауытқу

Саны, адам.

Сомасы, мың теңге

Саны, адам.

Сомасы, мың теңге

Саны, адам.

Сомасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8


Барлық тұлғалар, оның ішінде:







1

Балалар







2

Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар







3

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер







4

Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)







5

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар







6

Мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар







7

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам







8

Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері







9

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар)







10

Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар







11

Жұмыс істемейтін қандастар







12

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар







13

Мүгедектігі бар адамдар;







14

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар







15

Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар







      Басқарма төрағасы _________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қолы ____________________________________

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қолы ____________________________________

      Мөр орны