Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29286 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10015 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 22 тамыздағы
№ 579 бұйрығымен
бекітілген

Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Полигондарды тарату қорын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 350-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды көму полигонының тарату қорын (бұдан әрі – тарату қоры) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалдықтарды көму полигоны (бұдан әрі – полигон) – экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, қалдықтар алу ниетінсіз тұрақты орналастырылатын арнайы жабдықталған орын түсініледі;

      2) полигон операторы – заңды пайдалануында полигон бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тарату қорын полигон операторы оны жабу, жерді рекультивациялау, полигон жабылғаннан кейін қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және ластануды бақылау үшін қалыптастырады.

2-тарау. Тарату қорын қалыптастыру тәртібі

      4. Жою қорын қалыптастыру үшін полигон операторы полигон жобасында жерді жабу, рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау жөніндегі жұмыстардың көлемін, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау үшін қажетті құралдарды айқындайды. Сондай-ақ, полигон жобасында жұмыс жоспарына түзетулер енгізуді және оларды іске асыру шығындарының сомасын көздеу қажет.

      5. Полигон жобасының негізінде полигон операторы жалпы сметалық құнын әзірлейді, ол полигон жобасында көрсетілген жұмыстарға байланысты барлық шығыстарды қамтуы тиіс. Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою жөніндегі жұмыстардың басталуының болжамды күніне есептеледі.

      6. Тарату қоры полигонды пайдалану басталған күннен бастап полигон операторы жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен қалыптастырылады. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы полигон жойылатын кезеңге (жылдар санына) есептегенде полигонды таратуға арналған шығындардың жалпы сметалық құнына тікелей пропорционалды түрде айқындайды.

      7. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотқа жүргізеді. Коммуналдық меншіктегі полигон операторы тарату қорын қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол шоты ашылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Полигон операторы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсаны ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды тарату қорына өздері жүргізетін аударымдар туралы қосымшаға сәйкес хабардар етеді.

  Полигон операторының тарату
қорын қалыптастыру
қағидаларына
қосымша

      Нысан

Полигон операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.08.2023 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-кесте

Полигон операторының атауы

Бенефициардың атауы

Екінші деңгейдегі банктегі немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдағы тарату қорын қалыптастыру үшін шот нөмірі

Шоттың жай-күйі (сомасы)

1

2

3

4

5






      2-кесте

1

Полигон операторының атауы


2

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) / жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


3

Полигонның орналасқан жері


4

Полигон жер учаскесінің кадастрлық нөмірі