"Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29280 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Конкурс комиссиясының немесе бірыңғай комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 14-тармағында, 16-тармағының бірінші бөлігінде, 17-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі.

      Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс, конкурс комиссиясының құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурс комиссиясымен немесе бірыңғай конкурс комиссиясымен өткізіледі.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде конкурс комиссияның немесе бірыңғай конкурс комиссияның құрамына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Кандидаттарды бағалау нәтижелерін конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы кандидаттарды бағалау парағына (бұдан әрі – Бағалау парағы) әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізеді.

      Кандидатты бағалау парағы электронды түрде толтырылуы мүмкін.

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Кандидаттарды бағалау нәтижелері Кандидаттардың бағалау парағына әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізіледі.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 4-қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "Б" корпусының мемлекеттік
  әкімшілік лауазымына орналасуға
  конкурс өткізу Қағидаларының
  4-қосымшасы
  Нысан

Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымның атауы

 

Сұрақтарға жауаптарды бағалау

Жалпы балл**

кәсіби тәжірибе

білім деңгейі

Коммуникативтік дағдылар

Басқару. дағдылар****

эссе***

Іріктеудің басқа әдістері (қолданған жағдайда)

Бейіндік*/ сұрақ №

"__"______20__ ж. (00.00ч.)

1.1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лауазымның атауы, санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ___________________________________________
(конкурстық комиссия мүшесінің қолы)
_______________________________________________________________
(конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"__"_______ 20__ ж.

Ескертпе:
* сұрақтар саны және қажет болған жағдайда қосымша өлшемдер мемлекеттік органмен дербес айқындалады
** 0-ден 5 баллға дейін қойылады
*** А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдары үшін
**** басқарушы лауазымдарға қолданылады
Кәсіби тәжірибе:
0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ
1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан бес жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі бес жыл және одан астам
Білім деңгейі:
1 балл – білімі сәйкес келеді
2 балл – тиісті саладағы магистр
3 балл – тиісті саладағы PhD доктор
4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар

Коммуникативтік дағдылар:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді
1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Басқару дағдылары:
0 балл – басқарушы лауазымдағы тәжірибесі жоқ
1 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылға дейін
2 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі үш жылдан төрт жылға дейін
3 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі төрт жылдан бес жылға дейін
4 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі бес жылдан алты жылға дейін
5 балл – басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі алты жыл және одан астам
Эссені бағалаудың параметрлері (екі жүз сөзден артық емес):
0 балл – кандидат эссені жазған жоқ немесе тақырыбын ашып жазған жоқ (мәселені білмейтіндігін көрсетті)
1 – 2 балл – кандидат эссе тақырыбын жартылай ашты (тиісті сала туралы жалпы білімі және түсінігі бар)
3 – 4 балл – кандидат эссе тақырыбын жақсы ашты (тиісті сала туралы ауқымды білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың өте жақсы деңгейі бар)
5 балл – кандидат эссе тақырыбын толығымен ашты (тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгей бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады)

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев