"Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29109 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      60-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12 және 13-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      18-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 5 тамыздағы
№ 440 Бұйрыққа 1-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

Кемені тіркеу нөмірлері

      1. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

      1) Жоғарғы Ертіс бассейніне – "ER";

      2) Орал бассейніне - – "ZH";

      3) Іле бассейніне – "IL";

      4) Балқаш бассейніне – "B";

      5) Есіл бассейніне – "ES";

      6) Сырдария бассейніне – "S";

      7) Каспий бассейніне – "Q";

      8) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймалары) – "QR".

      Жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне "А" әрпi қосылады.

      2. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерге цифрлық литер де қосылады:

      1) Өскемен учаскесі – "ER-1";

      2) Семей учаскесі – "ER-2";

      3) Павлодар учаскесі – "ER-3";

      4) Орал учаскесі – "JA-1";

      5) Атырау учаскесі – "JA-2";

      6) Қарағанады учаскесі (орталық бассейн үшін) – "OR-1";

      7) Қарағанады учаскесі (Балқаш бассейні үшін) – "В-1";

      8) Алматы учаскесі (Балқаш бассейні үшін) – "В-2";

      9) Жамбыл учаскесі – "В-3";

      10) Жетісу учаскесі (Балқаш бассейні үшін) – "В-4";

      11) Нұр-Сұлтан қ. учаскесі – "ES-1";

      12) Петропавл учаскесі – "ES-2";

      13) Қостанай учаскесі – "ОR-2";

      14) Түркістан учаскесі – "S-1";

      15) Қызылорда учаскесі – "S-2".

  Бұйрыққа 2-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша

"Ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Тіркеу;
2) Қайта тіркеу;
3) Кеме куәлігінің телнұсқасы;
4) Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал):
1) Тіркеу;
2) Қайта тіркеу;
3) Кеме куәлігінің телнұсқасы;
4) Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған):
1) Тіркеу;
2) Қайта тіркеу;
3) Кеме куәлігінің телнұсқасы;
4) Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

2-қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша кеме куәлігі, кеме куәлігінің телнұсқасы, 6-қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы:
Ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне сәйкес:
1) мемлекеттік тіркеу үшін - алым төленген күні 15 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) қайта тіркеу үшін - 7,5 АЕК, алымды төлеу күніне;
3) мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін - алым төленген күні 3,75 АЕК.
Алым сомасын төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Заңнамаға сәйкес төлеуден босату шарты (бар болса);
Тегін:
Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал:
- тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" кіші бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Портал:
1) Тіркеу және қайта тіркеу
ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді тіркеу және қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
кемені мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың бірінің электрондық көшірмесі:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кемеге қатысты шарттар және басқа да мәмілелер, мұраға құқық туралы куәлік, сондай-ақ заңды күшіне енген шешімі және кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің, активтер мен талап ету құқықтарының сапасын жақсартуға маманданған ұйымның сатып алуын көздейтін шарттың (беру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), құқықты (талап етуді) беру туралы талап қойылған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс;
кемені жеке тұлға қайта тіркеген кезде 1) тармақшада көрсетілген құжаттарға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралына салық төленгенін растайтын құжаттың немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі;
2) Кеме куәлігінің телнұсқасы:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3) Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама:
ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді тіркеуден шығару кезінде, қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, конструкциялық жағынан қаза тапқан немесе қайта құру немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан, сондай-ақ қайта құрып кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекетінің, азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігінде болған кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініште жазылған фактілерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа 3 қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
12-қосымша

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің тіркеу нөмірлері

      Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша тiркеу нөмiрлерiн белгiлейдi:

      1) Абай облысы - АBА с 0001 до 9999;

      2) Ақмола облысы - АQМ с 0001 до 9999;

      3) Нұр-Сұлтан қаласы - NUR с 0001 до 9999;

      4) Ақтөбе облысы - АQT с 0001 до 9999;

      5) Алматы облысы - АLM с 0001 до 9999;

      6) Алматы қаласы - АLQ с 0001 до 9999;

      7) Атырау облысы - АTR с 0001 до 9999;

      8) Шығыс Қазақстан облысы - SHQ с 0001 до 9999;

      9) Жамбыл облысы - JAM с 0001 до 9999;

      10) Жетісу облысы - JET с 0001 до 9999;

      11) Қарағанды облысы - QAR с 0001 до 9999;

      12) Қызылорда облысы - QZL с 0001 до 9999;

      13) Қостанай облысы - QOS с 0001 до 9999;

      14) Маңғыстау облысы - MAN с 0001 до 9999;

      15) Павлодар облысы - PAV с 0001 до 9999;

      16) Солтүстік Қазақстан облысы - SQO с 0001 до 9999;

      17) Ұлытау облысы - ULT с 0001 до 9999;

      18) Батыс Қазақстан облысы - BQO с 0001 до 9999;

      19) Түркістан облысы - TUR с 0001 до 9999;

      20) Шымкент қаласы - SHY с 0001 до 9999.

  Бұйрыққа 4-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
13-қосымша

      "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу"".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Тіркеу;
2) Қайта тіркеу;
3) Кеме билетінің телнұсқасы;
4) Кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал):
1) Тіркеу;
2) Қайта тіркеу;
3) Кеме билетінің телнұсқасы;
4) Кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған):
1) Тіркеу;
2) Қайта тіркеу;
3) Кеме билетінің телнұсқасы;
4) Кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме билеті, кеме билетінің телнұсқасы, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы:
Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне сәйкес:
1) мемлекеттік тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен асатын өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелер (37 кВт) - 3 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК));
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер-2 АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер үшін-1,5 АЕК;
2) қайта тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер-1,5 АЕК;
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер - 1 АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер-0,75 АЕК;
3) мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелер-0,75 АЕК;
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер-0,5 АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер үшін-0,38 АЕК.
Алым сомасын төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Тегін:
4) Кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" кіші бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Портал:
1) Тіркеу
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кемені есептен шығару туралы белгісі бар басқа құжаттың электрондық көшірмесі;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығару туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің, активтер мен талап ету құқықтарының сапасын жақсартуға маманданған ұйымның сатып алуын көздейтін шарттың (беру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), құқықты (талап етуді) беру туралы талап қойылған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс;
2) Қайта тіркеу
шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
кеме билетінің электрондық көшірмесі;
егер оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеме бұрын кеме кітабына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3. Кеме билетінің телнұсқасы
кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
4. Кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама
шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
кеме билетінің электрондық көшірмесі*;
ескертпе:* кеме билеті жоғалған кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініште кеме билетінің жоғалу мән-жайлары көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттаудан өту үшін талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа 5-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
18-қосымша

"Кеменің, шағын көлемді кеменің, салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Кеменің, шағын көлемді кеменің, салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру;
2) Куәліктің телнұсқасын беру;
3) Қосымша парақты беру;
4) Кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Тәсілдері, мемлекеттік қызметті ұсыну

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал):
1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру;
2) Куәліктің телнұсқасын беру;
3) Қосымша парақты беру;
4) Кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Бір жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған):
1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру;
2) Куәліктің телнұсқасын беру;
3) Қосымша парақты беру;
4) Кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі -

кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеме ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы:
Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 553-бабының 3-тармағына сәйкес ставкалар бойынша жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелері:
1) жеке тұлғалар үшін - 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК));
2) заңды тұлғалар үшін - 5 (бес) АЕК;
3) құжаттың телнұсқасын беру үшін - 0,5 АЕК.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының біреуіне, репатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін кеменің, шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуден босатылады, алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Тегін:
Қосымша парақты беру және кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты берутегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" кіші бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Портал:
1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және куәліктің телнұсқасын беру
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
осындай шартта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
2) Қосымша парақты беру
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шартқа осындай қосымша келісімде көрсетілген құжаттармен қосымша келісімнің электрондық көшірмесі;
3) Кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру
кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты не шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын өтеу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
"Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүргізген жағдайда, өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың, (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;