"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамыр

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 шiлдеде № 28924 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің-кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 124-бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 124-бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) компания – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес айқындаған уәкілетті заңды тұлға;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде МКО:

      салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулының;

      мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің;

      мүлiктің тізімдеме актісінің;

      мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын аудару үшін деректемелердің;

      мұндай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың, бухгалтерлік баланстың (ол бар болса);

      мүлікке сәйкестендіру құжаттарының;

      міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке ауыртпалықтардың бар немесе жоқ екені туралы мәліметтерінің;

      мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмелерін қоса бере отырып борышкер (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды мекенжайы және орналасқан жері, банктік деректемелер, электрондық мекенжайы (ол бар болса)) және оның мүлігі бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Лоттың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 7 және 11-тармақтарына сәйкес бар екені расталған мүлікке оның бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың біреуінің негізінде айқындалады:

      1) бірдей және (немесе) біртекті тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы қолдағы бар есептің негізінде компанияның мүліктің нарықтық бағасын белгілеу туралы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды). Компания қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүліктің техникалық сипаттамасын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен көріп бағалауға мүмкіндік беретін кемінде үш фотосуретін қоса бере отырып жасайды. Бағалау туралы есептің деректері осындай есеп жасалған күннен бастап Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде айқындалған мерзім өткен күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, қолданылады;

      2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы компанияның немесе тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есеп (борышкерде мұндай есеп бар болса).

      Компания мүліктің бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      тиісті МКО-ның қарап көруі үшін дерекқорға қорытындының немесе компанияның тапсырысы бойынша бағалаушы жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есептің көшірмесін енгізеді;

      хабарламасы бар тапсырысты поштамен, сондай-ақ электрондық хабарламаның оқылғаны туралы растауды сұрата отырып борышкердің электрондық мекенжайына (ол бар болса) - бағалау туралы есеп орналастырылған тізілімнің веб-порталдағы дәл URL-мекенжайын көрсете отырып, борышкерге мүлікті өткізу туралы хабарлама жібереді.";

      22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.";

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дерекқорда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде тізілім веб-порталы өтінімді қабылдауды және жеке немесе заңды тұлғаны сауда-саттыққа жіберуді жүзеге асырады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Электрондық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі уақыт аралығында өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады.

      Электрондық аукцион қатысушылары аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ қолдана отырып, аукцион залында тіркеледі. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен аукцион залында лоттың бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру арқылы басталады.

      Егер аукцион басталған сәтте аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.

      Жылжымайтын мүлік санатына жатпайтын, өткізілмеген мүлік, көлік құралдары және арнайы техника бойынша қайталама аукцион өткізу кезінде осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес жалғыз қатысушыға қатысу құқығы беріледі.";

      28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Электрондық аукцион қатысушылардың баға ұсыныстарын беру әдісімен өткізіледі және қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін өткізіледі. Лот үшін баға ұсынысы осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ең төменгі бағаның шекті мәнінен төмен емес айқындалады. Бұл ретте бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Электрондық аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, бұл олардың шарттарды сақтай отырып, лотты сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптасады;

      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 28-тармағында белгіленген қадамға ұлғайту құқығы беріледі;

      3) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы ең жоғарғы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      4) егер электрондық аукцион басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстары лот үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтыса және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғайтылмаса, онда осы қатысушылардың арасында баға ұсынысы аукцион залында қатысушылардың басқа баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген қатысушы электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады;

      5) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың біреуі басқа қатысушының ағымдағы ең жоғарғы бағасын осы Қағидалардың 28-тармағында белгіленген қадамға ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      6) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өз ниетін растамаса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      7) егер электрондық аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда лотты сатып алуға өз ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.

      Осы Қағидалардың 27-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес аукцион өтпеді деп танылған кезде, компания ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын аукцион өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Компания өткізілмеген мүлік бойынша қайталама аукционды өткізуді осы Қағидаларға сәйкес, өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.

      30. Тиісті лот бойынша электрондық аукцион:

      1) сауда-саттық өткізу басталғанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің күші жойылған;

      2) одан әрі сауда-саттықты өткізуге тыйым салатын сот органдарының шешімдері, ұйғарымдары болған кезде өткізілмейді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін тізілім веб-порталының техникалық ақауы кезінде ұйымдастырушы бұл туралы компанияны дереу хабардар етеді және ұйымдастырушы техникалық ақауды түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру арқылы осы электрондық аукционның жалғастырылу күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды жалғастыруды ұйымдастырады және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық адресіне электрондық хабарлама жолданады.";

      35-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қатысушы осы Қағидалардың 33-тармағында белгіленген мерзімде сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған не оған қол қоюдан бас тартқан кезде, компания ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және лот қайтадан аукционға шығарылады, бұл ретте қатысушы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Борышкер мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не ол хабарлама жіберілген күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келмеген кезде борышкердің атынан мүлікті сатып алу-сату шартына МКО өкілі қол қояды.";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Электрондық аукционда жеңген қатысушы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды және осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, компанияның кірісіне есепке жатқызлады.

      Жеңімпаз осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде компания жеңімпазға сатып алу-сату шартына қол қою қажеттігі туралы немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тарту туралы хабардар етеді.

      Жеңімпаз қабылданған шешімдер туралы компанияға 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Егер жеңімпаз көрсетілген мерзімде өзінің шешімін ұсынбаса, компания кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.

      Жеңімпаз осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде компания кепілдік жарнаны қайтармайды және тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттықтың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.

      40. Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес электрондық аукцион өткізілмеген кезде, лоттың бастапқы бағасын айқындау бойынша компанияның шығыстарын осы Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес борышкер өтейді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Компания сауда-саттық өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде МКО көрсеткен деректемелер бойынша борышкердің берешегін өтеу есебіне ақшаны мемлекеттік бюджетке аударады.";

      45-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Д. Жаналинов