"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28568 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, ұйымдастыру және мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға;

      4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;

      5) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС);

      6) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары даму жоспарының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 47 Бұйрыққа
1-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті
басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына
1-қосымша

Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің балдары

Р/с №

Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы

Балл

1

2

3

 
1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болмауы

2

Болуы

0

Есепті жылдағы өзгерістер:


азаю жағына қарай

1

ұлғаю жағына қарай немесе өзгерістерсіз

0

2

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (кірістің) бюджетке түсуін қамтамасыз ету

Таза кірістің тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне (қатысу үлестеріне) дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдардың болмауы

2

Болуы

0

3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау

3.1

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бұзу белгіленген мемлекеттік мекемелердің саны.

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.2

Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бұзу белгіленген ұйымдардың саны.

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.3

Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және офистік жиһазбен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бұзу белгіленген мемлекеттік мекемелердің саны.

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.4

"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысы (бұдан әрі – № 145 қаулы) 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзушылығы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

 
3.5

№ 145 қаулының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнен артық болуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

4

Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы

2

Болуы

0

5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ-ның (ЖШС) бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша есептерін ұсыну

5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) саны

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болмауы

1

Болуы

0

5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерін ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) саны

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерін ұсынбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болмауы

1

Болуы

0

6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы

Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген даму жоспарында сандық бағаланатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын түйінді көрсеткіштері айқындалған

2

Бекітілген даму жоспарында сандық бағаланатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын түйінді көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болуы

0

7

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі

7.1

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалау

Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындады

2

Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болуы

0

7.2

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) болмауы

2

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы

0

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 47 Бұйрыққа
2-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті
басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      _____________________________________________________________________

      (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      ______________ (есепті кезең)

Мемлекеттік мекемелерді басқару

Р/с №

Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


2.1

Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау.


2.2

Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау.


2.3

Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және офистік жиһазбен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау.


3

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу



Жиыны:


Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысы (бұдан әрі – № 145 қаулы) 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

№ 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау


3.3

№ 145 қаулының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн сақтау


4

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу


5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну


5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы жөніндегіесептерді ұсыну


6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


7

Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі


7.1

Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау


7.2

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау



Жиыны:


Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару

Р/с №

Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

№ 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

№ 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерін ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі


6.1

Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау


6.2

Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау



Жиыны:


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару

Р/с №

Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза кірістің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

№ 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларын сақтау


3.2

№ 145 қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегіесептерін ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі


6.1

Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау


6.2

Мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау



Жиыны: