"Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 маусымда № 28563 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай есептер түрлерін:

      1) нысан бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті құзыретті органға;

      2) нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті құзыретті органға;

      3) нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына;

      4) нысан бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы ел ішіндегі құндылық үлесі туралы есепті пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға;

      5) нысан бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға;

      6) нысан бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасын орындау туралы есепті (ұстап қалу мәртебесін берген жағдайда) құзыретті органға ұсынады.

      Кодекстің 195-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне және 215-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептерге "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептерде көрсетілген шығыстарды растайтын аудиторлық есеп (қорытындылар) қоса беріледі. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша жасалған аудиторлық есепті, егер онда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептерде көрсетілген барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға арналған шығыстар келтірілсе (ашылса), ұсынуға жол беріледі.";

      1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 357 бұйрыққа
1-қосымша
  Жер қойнауын
пайдаланушының
пайдалы қатты қазбаларды
барлау және өндіру, кең
таралған пайдалы қазбаларды
өндіру жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде есептерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/miid Пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп

      Пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша құзыретті органға ұсынылады:

      Индекс: 1-ПҚҚ

      Мерзімділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: өткен күнтізбелік жыл үшін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар

      Беру мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей.

1-бөлім Жер қойнауын пайдаланушы (заңды немесе жеке тұлға) туралы және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияға қатысты мәліметтерді көрсетіңіз

р/с №

Жер қойнауын пайдаланушы және жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы мәліметтер


1

2

3

1.

Жер қойнауын пайдаланушының-заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі



Жер қойнауын пайдаланушы-жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі


2.

Осы есеп берілетін есепті кезең


3.

Лицензия мерзімі,лицензия берілген күні және нөмірі


4.

Есепті кезеңнің басындағы блоктар саны


5.

Есепті кезеңнің соңындағы блоктар саны


6.

Есепті кезеңде блоктардан бас тарту күні (егер қолданылса)


7.

Жер қойнауын пайдаланушы лицензияның қолданылуы басталғаннан бастап есепті кезеңнің басында (болған кезде) бас тартқан блоктар саны, оның ішінде лицензия бойынша блоктардың бастапқы санынан % - бен


8.

Есепті кезеңде барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің талап етілетін сомасы


9.

Барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету деректемелері, тәсілі (тәсілдері) және сомасы (сомасы)


10.

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну күні және қамтамасыз ету (қамтамасыз ету) сомасы


11.

Есепті кезеңде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мақсатында тау-кен-аршу жұмыстарын жүргізудің басталған күні (егер қолданылатын болса)


12.

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның тау-кен массасын алуға немесе 1000 текше метрден астам топырақты жылжытуға рұқсат беру күні (егер қолданылса)


13.

Есепті кезеңде 1000 текше метрден астам тау-кен массасы алынған немесе топырақ ауыстырылған жағдайда барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етудің деректемелері, тәсілі (тәсілдері) және сомасы (сомасы)


14.

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді ұсыну күні


15.

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді ұсынған кезде жою жоспарының (өзгертілген жою жоспарының) кешенді сараптамасының/ өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптамасының соңғы оң қорытындысын алған күн


16.

Барлау жоспарының мемлекеттік экологиялық сараптамасының (егер талап етілсе), оның ішінде өзгерістерді ескере отырып, соңғы оң қорытындысын алған күн


17.

Жер қойнауын пайдаланушының бекіткен күні және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жоспарын (барлау жоспарына өзгерістерді) берген күні


18.

Аудитордың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) / аудиторлық компанияның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail), осы есепте көрсетілген шығыстарды растайтын аудиторлық есептің атауы мен деректемелері


2-бөлім Есепті кезеңде барлауға арналған шығыстар бойынша мәліметтерді көрсетіңіз

р/с №

Баптар атауы

Жол коды

Өлшем бірлігі

Ең аз көрсеткіш

Жыл басынан басталған дерек

1

2

3

4

5

6

1.

Барлауға арналған жыл сайынғы шығыстар, барлығы:

509

мың теңге



2.

оның ішінде: геологиялық барлау жұмыстары

100

мың теңге



3.

геохимиялық жұмыстар

101

мың теңге



4.

геофизикалық жұмыстар

102

мың теңге



5.

қашықтықтан зондтау бойынша жұмыстар

103

мың теңге



6.

іздеу жұмыстары

104

мың теңге



7.

жынысөзекті бұрғылау

105

мың теңге



8.

жынысөзектісіз бұрғылау

106

мың теңге



9.

арықтар, траншея, шурфтарды және басқа да барлау тау кен қазбаларын жүргізу

107

мың теңге



10.

егіс топтарын жабдықтау

108

мың теңге



11.

жобалау-конструкторлық және эскиз жұмыстары

109

мың теңге



12.

тасымалдау

110

мың теңге



13.

егіс лагерін бөлу бойынша жұмыстар

111

мың теңге



14.

қоршаған ортаның жағдайын зерттеулер

112

мың теңге



15.

техникалық-экономикалық негіздемені дайындау

113

мың теңге



16.

барлау салдарын жою, бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар

114




17.

жобалау құжаттарын әзірлеу

115

мың теңге



18.

пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу технологиясын таңдау бойынша зерттеулер

116

мың теңге



19.

зертханалық зерттеулер жүргізу және сынамаларды талдау

118

мың теңге



20.

геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша есептер дайындау

118

мың теңге



21.

геологиялық барлау бойынша өзге де жұмыстар

119

мың теңге



22.

Басқару және әкімшілік қажеттілігіне, бухгалтерлік есепті жүргізуге, ғылыми зерттеулерге, персоналдарды оқытуға арналған өзге де шығыстар және барлау учаскесінде операциялармен тікелей байланысты басқа да ұқсас шығыстар

120

мың теңге



23.

қол қою бонусы

531

мың теңге



24.

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жалдау төлемі)

541

мың теңге



25.

қосымша міндеттемелер (бар болса)

132

мың теңге



26.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 192-бабы 7, 8 және 9-тармақтарының ережелерін ескере отырып, барлауға лицензия берілген күннен бастап алдыңғы есепті кезеңді қоса алғандағы кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы шеккен барлау жөніндегі операциялар бойынша шығыстарға жататын лицензия бойынша шығыстардың жалпы сомасы

133

мың теңге




Атауы _________________________

Мекенжайы _______________________

Телефондар ____________________________________________________________

Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

Жер қойнауын пайдаланушының ақпарат беруге құқығы бар лауазымды адамы _________________________________ қолы _________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға


_______________________________________________________ қолы _________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Мөрге арналған орын
(болған кезде)
20___жылғы "____" _________күні

      Ескертпе: Есепке есепте көрсетілген шығыстарды растайтын "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудиторлық есеп қоса беріледі. Егер аудиторлық есеп жер қойнауын пайдаланушының қаржылық есептілігіне жасалса, онда пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған шығыстарды ашып көрсете отырып, қаржылық есептілік қоса беріледі.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      "Пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп"

      (Индекс: 1-ПҚҚ, мерзімділігі: жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды қызметін пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады.

      3. Нысанға жер қойнауын пайдаланушының/оператордың басшысы немесе жер қойнауын пайдаланушының өзге уәкілетті тұлғасы оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысан жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Нысанның 1-бөлімі бойынша

      3-баған толтырылады

      1-жолда жер қойнауын пайдаланушының толық атауы, заңды тұлғалар үшін – атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      2-жолда осы есеп берілетін есепті кезең көрсетіледі. Толық күнтізбелік жыл болған жағдайда тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең көрсетіледі. Толық емес күнтізбелік жыл кезінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған нақты кезең көрсетіледі.

      3-жолда лицензияның нөмірі мен берілген күні, лицензияның қолданылу мерзімінің соңғы күні көрсетіледі.

      4-жолда есепті кезеңнің басындағы лицензия бойынша блоктардың саны көрсетіледі.

      5-жолда есепті кезеңнің соңындағы лицензия бойынша блоктардың саны көрсетіледі.

      6-жолда егер жер қойнауын пайдаланушы есепті кезең шеңберінде блоктардың бір бөлігінен бас тартқан жағдайда блоктардан бас тартудың толық күні көрсетіледі.

      Егер есепті кезеңде блоктар саны өзгермесе, жол толтырылмайды.

      7-жолда жер қойнауын пайдаланушы лицензияның қолданылуы басталғаннан бастап есепті кезеңнің басында бас тартқан блоктардың саны, оның ішінде лицензия бойынша блоктардың бастапқы санынан % - бен көрсетіледі. Егер лицензия қолданысының басынан бастап блоктар саны өзгермесе, жол толтырылмайды.

      8-жолда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17033 болып тіркелген) бекітілген бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген есепті кезеңде барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің талап етілетін сомасы көрсетіледі.

      9-жолда барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылған тәсілі (тәсілдері) (сақтандыру шарты, банктік салым кепілі шарты, кепілдік), оның деректемелері және өтелетін сомасы (сомасы) көрсетіледі.

      10-жолда пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну күні және қамтамасыз ету (қамтамасыз ету) сомасы көрсетіледі.

      11-жолда жер қойнауын пайдаланушының есепті кезеңде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мақсатында тау-кен-аршу жұмыстарын жүргізуді бастаған күні, оны жүргізген жағдайда көрсетіледі. Егер тау-кен-аршу жұмыстары барлау учаскесінде жүргізілмесе, жол толтырылмайды.

      12-жолда тау-кен-аршу жұмыстары жүргізілген жағдайда қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органның тау-кен массасын алуға немесе топырақты 1000 текше метрден астам жылжытуға рұқсатының берілген күні көрсетіледі. Егер тау-кен-аршу жұмыстары барлау учаскесінде жүргізілмесе, жол толтырылмайды.

      13-жолда тау-кен массасының 1000 текше метрден астамын алып қойған немесе топырақты ауыстырған жағдайда барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылған қосымша тәсілі (тәсілдері) (сақтандыру шарты, банктік салым кепілі шарты, кепілдік), оның деректемелері және өтелетін сомасы (сомасы) көрсетіледі. Егер тау-кен-аршу жұмыстары барлау учаскесінде жүргізілмесе, жол толтырылмайды.

      14-жолда пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді ұсыну күні көрсетіледі. Егер тау-кен-аршу жұмыстары барлау учаскесінде жүргізілмесе, жол толтырылмайды.

      15-жолда пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді ұсынған кезде жою жоспарының (өзгертілген жою жоспарының) өнеркәсіптік қауіпсіздік кешенді сараптамасының/ сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптамасының соңғы оң қорытындысын алған күн көрсетіледі. Егер тау-кен-аршу жұмыстары барлау учаскесінде жүргізілмесе, жол толтырылмайды.

      16-жолда барлау жоспарының мемлекеттік экологиялық сараптамасының (егер талап етілсе), оның ішінде өзгерістерді ескере отырып, соңғы оң қорытындысын алған күн көрсетіледі.

      17-жолда жер қойнауын пайдаланушының барлау жоспарын бекіткен күні және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жоспарын (барлау жоспарына өзгерістер) берген күні көрсетіледі.

      18-жолда аудитордың (жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) не аудиторлық ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail), осы есепте көрсетілген шығыстарды растайтын аудиторлық есептің не барлауға арналған шығыстар жеке ашылған жылдық қаржылық есептілікке қатысты аудиторлық есептің атауы мен деректемелері көрсетіледі.

      Нысанның 2-бөлімі бойынша

      5 және 6-бағандар толтырылады

      5-бағанда тек 1-жол толтырылады. Лицензия мерзімінің толық емес күнтізбелік жылы кезінде есепті кезеңнің барлық толық күнтізбелік айлары үшін барабар есептелген ең төменгі жиынтық шығыстар көрсетіледі.

      6-бағанда әрбір жол есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жұмыстардың тиісті түріне нақты шығыстарды көрсете отырып толтырылады. Егер жер қойнауын пайдаланушы қандай да бір жұмыс түрлерін жүзеге асырмаса, тиісті жолға сызықша қойылады.

      6-бағанда 1-жолда 2-21-жолдар бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      25-жол пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияда ақшалай баламада қосымша міндеттемелер болған жағдайда толтырылады. Олар болмаған жағдайда 5 және 6-бағандарда сызықша қойылады.

      26-жолда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 192-бабы 7, 8 және 9-тармақтарының ережелерін ескере отырып, барлау жөніндегі операциялар бойынша шығыстарға жататын, лицензия бойынша оның берілген күнінен бастап алдыңғы есепті кезеңді қоса алғандағы кезең ішінде шеккен, лицензия бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      Осы соманы есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы лицензия берілген күннен бастап өткен есепті кезеңдер үшін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынған пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерден алынған ақпарат пайдаланылады.

  бұйрыққа
2-қосымша
  Жер қойнауын
пайдаланушының
пайдалы қатты қазбаларды
барлау және өндіру, кең
таралған пайдалы
қазбаларды өндіру жөніндегі
операцияларды жүргізу
кезінде есептерді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/miid Қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп

      Пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша құзыретті органға кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынылады;

      Индекс: 2-ПҚҚ, КТПҚ

      Мерзімділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: өткен күнтізбелік жыл үшін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар

      Беру мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей

1-бөлім Жер қойнауын пайдаланушы (заңды немесе жеке тұлға) туралы және барлауға арналған келісімшарттарға, өндіруге арналған келісімшарттарға немесе қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарға қатысты мәліметтерді көрсетіңіз

р/с №

Жер қойнауын пайдаланушы және жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы мәліметтер


1

2

3

1.

Жер қойнауын пайдаланушының-заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі



Жер қойнауын пайдаланушы-жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі


2.

Осы есеп берілетін есепті кезең


3.

Лицензия мерзімі,лицензия берілген күні және нөмірі


4.

Есепті кезеңнің басындағы өндіру учаскесі аумағының алаңы


5

Есепті кезеңнің соңындағы өндіру учаскесі аумағының алаңы


6.

Есепті кезеңде өндіру учаскесінің бөлігінен бас тарту күні (егер қолданылса)


7.

Есепті кезеңде жою жоспарына сәйкес өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің талап етілетін сомасы


8.

Өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету деректемелері, тәсілі (тәсілдері) және сомасы (сомалары)


9.

Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді (қамтамасыз етуді) ұсыну күні


10.

Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізудің басталу күні (егер қолданылса)


11.

Жою жоспарының (өзгертілген жою жоспарының) кешенді сараптамасының/ өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптамасының соңғы оң қорытындысын алған күн


12.

Тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға экологиялық рұқсат берілген күн


13.

Жер қойнауын пайдаланушының тау-кен жұмыстары жоспарын бекіткен күні және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тау-кен жұмыстары жоспарын (тау-кен жұмыстары жоспарына өзгерістер) ұсынған күні


14.

Аудитордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) / аудиторлық компанияның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail), осы есепте көрсетілген шығыстарды растайтын аудиторлық есептің атауы мен деректемелері


2-бөлім Есепті кезеңдегі қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру шығыстары бойынша мәліметтерді көрсетіңіз

р/с №

Баптардың атауы

Жол коды

Өлшем бірлігі

Ең аз көрсеткіш

Жыл басынан басталған факті


1

2

3

4

5

1.

Өндіруге арналған жыл сайынғы шығыстар, барлығы:

510

мың теңге



2.

үңгілеу жұмыстары немесе аршу жұмыстары

120

мың теңге



3.

желдетуді қамтамасыз ету

121

мың теңге



4.

бұрғылау жару жұмыстары

122

мың теңге



5.

бекіту немесе тау-кен қазуды қолдау

123

мың теңге



6.

тау қысымын басқару

124

мың теңге



7.

кендерді немесе жыныстарды тасымалдау

125

мың теңге



8.

кендерді үйінді сырғыту және (немесе) қаттау

126

мың теңге



9.

кендерді, жыныстарды ұсату

127

мың теңге



10.

сілтісіздендіру (үймелік және (немесе) жерасты)

128

мың теңге



11.

өндіру учаскелерінде өндірістік инфрақұрылымының қосалқы объектілерін және байыту өндірісі, кендерді салу бойынша барлық жұмыстар

129

мың теңге



12.

өндіру бойынша өзге де шығыстар

130

мың теңге



13.

Басқару және әкімшілік қажеттілігіне, бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған өзге де шығыстар және өндіру учаскесінде операциялармен тікелей байланысты басқа да ұқсас шығыстар

131

мың теңге



14.

Қазақстандық мамандарды оқыту, барлығы

520

мың теңге



15.

оның ішінде: оқытуға арналған жанама шығыстар, барлығы


мың теңге



16.

оқытуға арналған жалпы шығыстардан:





17.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлерін оқытуды қаржыландыру


мың теңге



18.

жер қойнауын пайдаланушы қызметкері болмайтын, Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуды қаржыландыру


мың теңге



19.

жергілікті атқарушы органның ұсынуы бойынша білім беру ұйымының материалдық-техникалық базаларын жақсарту үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін сатып алу


мың теңге



20.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) арналған шығыстар, барлығы

522

мың теңге



21.

оның ішінде: Қазақстан Республикасының аумақтарында


мың теңге



22.

Жалпы шығыстардан:





23.

"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорына аударылды

522/1

мың теңге



24.

дербес білім беруұйымына аударылды

522/2

мың теңге



25.

ғылым саласындағы аккредиттелген уәкілетті органға, ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға аударылды

522/3

мың теңге



26.

ғылым саласындағы, сондай ақ автономды білім ұйымынан қызметті жүзеге асыратын ұйымнан, сондай-ақ дербес білім беру ұйымынан ҒЗТКЖ сатып алынды

522/4

мың теңге



27.

зияткерлік меншік объектілерінде құқықты иемдену

522/5

мың теңге



28.

жеке ҒЗТКЖ жүргізілді

522/6

мың теңге



29.

жекеменшік ғылыми-зерттеу және (немесе) талдамалық зертханаларды күтіп-ұстау

522/7

мың теңге



30.

қол қою бонусы

531

мың теңге



31.

жер учаскелерін пайдалану үшін төлемдер (жалдау төлемдері)

541

мың теңге



32.

қосымша міндеттемелер (бар болса)

132

мың теңге




"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабы 7, 8 және 9-тармақтарының ережелерін ескере отырып, өндіруге лицензия берілген күннен бастап алдыңғы есепті кезеңді қоса алғандағы кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы шеккен өндіру жөніндегі операциялар бойынша шығыстарға жататын лицензия бойынша шығыстардың жалпы сомасы

133

мың теңге




Атауы _________________________

Мекенжайы _______________________

Телефондар ____________________________________________________________

Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

Жер қойнауын пайдаланушының ақпарат беруге құқығы бар лауазымды адамы _________________________________ қолы _________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға


_______________________________________________________ қолы _________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Мөрге арналған орын
(болған кезде)
20___жылғы "____" _________күні

      Ескертпе: Есепке есепте көрсетілген шығыстарды растайтын "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудиторлық есеп қоса беріледі. Егер аудиторлық есеп жер қойнауын пайдаланушының қаржылық есептілігіне жасалса, онда сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған шығыстарды (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша есептерді қоспағанда) ашып көрсете отырып, қаржылық есептілік қоса беріледі.

      Есепке ұйымның атауын, орналасқан жерін, байланыс деректерін (телефон, электрондық пошта мекенжайы), жұмсау бағыттарының әрқайсысы бойынша зерттеулердің тақырыбы мен мақсатын көрсете отырып, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы ақпараттық анықтама қоса беріледі (есептің 23-29-жолдары).

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп

      (Индекс: 2-ПҚҚ, КТПҚ, мерзімділігі: жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды қызметін қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады.

      3. Нысанға жер қойнауын пайдаланушының/оператордың басшысы немесе жер қойнауын пайдаланушының өзге уәкілетті тұлғасы оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      4. Нысан жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Нысанның 1-бөлімі бойынша

      3- баған толтырылады

      1-жолда жер қойнауын пайдаланушының толық атауы, заңды тұлғалар үшін – атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      2-жолда осы есеп берілетін есепті кезең көрсетіледі. Толық күнтізбелік жыл болған жағдайда тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең көрсетіледі. Толық емес күнтізбелік жыл кезінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған нақты кезең көрсетіледі.

      3-жолда лицензияның нөмірі мен берілген күні, лицензияның қолданылу мерзімінің соңғы күні көрсетіледі.

      4-жолда есепті кезеңнің басындағы өндіру учаскесі аумағының ауданы көрсетіледі.

      5-жолда есепті кезеңнің соңындағы өндіру учаскесі аумағының алаңы көрсетіледі.

      6-жолда егер жер қойнауын пайдаланушы есепті кезең шеңберінде өндіру учаскесінің бір бөлігінен бас тартқан жағдайда өндіру учаскесінің бір бөлігінен бас тартудың толық күні көрсетіледі. Егер есепті кезеңде өндіру учаскесі аумағының ауданы өзгермесе, жол толтырылмайды.

      7-жолда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17048 болып тіркелген) бекітілген Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген есепті кезеңде өндіру бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің талап етілетін сомасы көрсетіледі.

      8-жолда өндіру бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылған тәсілі (тәсілдері) (сақтандыру шарты, банктік салым кепіл шарты, кепілдік), оның деректемелері және өтелетін сомасы (сомасы) көрсетіледі.

      9-жолда пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну күні және қамтамасыз ету (қамтамасыз ету) сомасы көрсетіледі.

      10-жолда есепті кезеңде өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу басталған күн, оны жүргізген жағдайда көрсетіледі. Егер өндіру есепті кезеңде өндіру учаскесінің аумағында жүргізілмесе, жол толтырылмайды.

      11-жолда жою жоспарының (өзгертілген жою жоспарының) кешенді сараптамасының/өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптамасының соңғы оң қорытындысының берілген күні көрсетіледі.

      12-жолда тау-кен жұмыстары жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға экологиялық рұқсат берілген күн көрсетіледі.

      13-жолда жер қойнауын пайдаланушының бекіткен күні және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тау-кен жұмыстары жоспарын (тау-кен жұмыстары жоспарына өзгерістер) ұсынған күні көрсетіледі.

      14-жолда аудитордың (жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) не аудиторлық ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail), осы есепте көрсетілген шығыстарды растайтын аудиторлық есептің не өндіруге арналған шығыстар жеке ашылған жылдық қаржылық есептілікке қатысты аудиторлық есептің атауы мен деректемелері көрсетіледі.

      Нысанның 2-бөлімі бойынша

      5 және 6-бағандар толтырылады

      5-бағанда тек 1-жол толтырылады. Лицензия мерзімінің толық емес күнтізбелік жылы кезінде есепті кезеңнің барлық толық күнтізбелік айлары үшін барабар есептелген ең төменгі жиынтық шығыстар көрсетіледі.

      6-бағанда әрбір жол есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жұмыстардың тиісті түріне нақты шығыстарды көрсете отырып толтырылады. Егер жер қойнауын пайдаланушы қандай да бір жұмыс түрлерін жүзеге асырмаса, тиісті жолға сызықша қойылады.

      6-бағанда 1-жолда 2-12-жолдар бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      20-29-жолдарды жер қойнауын пайдаланушылар кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша толтырмайды.

      32-жол пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияда ақшалай баламада қосымша міндеттемелер болған жағдайда толтырылады. Олар болмаған жағдайда 5 және 6-бағандарда сызықша қойылады.

      33-жолда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабы 7, 8 және 9-тармақтарының ережелерін ескере отырып, өндіру бойынша операциялар бойынша шығыстарға жататын, оның берілген күнінен бастап алдыңғы есепті кезеңді қоса алғандағы кезеңде лицензия бойынша шеккен, лицензия бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      Осы соманы есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы лицензия берілген күннен бастап өткен есепті кезеңдер үшін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсынған пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерден алынған ақпарат пайдаланылады.

  бұйрыққа
3-қосымша
  Жер қойнауын
пайдаланушының
пайдалы қатты қазбаларды
барлау және өндіру, кең
таралған пайдалы қазбаларды
өндіру жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде есептерді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/miid Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы ел ішіндегі құндылық үлесі туралы есептің нысаны

      Индекс: 1.1.-ПҚҚ*

      Мерзімділігі: жыл сайын қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде, тоқсан сайын қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде

      Ұсынатын адамдар тобы: жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға

      Беру мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей

      1-кесте

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі

Сатып алу үшін код

Сатып алу коды

Сатып алу тәсілі

Сатып алу қорытындысын қортындылау күні (күн, ай, жыл)

Келісімшарттың №

Келісімшартты жасасу күні (күн, ай, жыл)

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

ТЖҚ жеткізушілердің атауы

Жеткізушінің БСН***** (ЖСН******)

Жеткізушінің электрондық мекенжайы

Жеткізушінің байланыс телефоны

Жеткізушілер қызметкерлердің саны

Жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны, адам

Қазақстан Республикасының азаматтардың жеткізуші қызметкерлердің саны, адам

14

15

16

17

18

19







      2-кесте

Келісімшарттың №

Сатып алу коды

СЖӨ******* бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқа сипаттамасы (қосымша)

Өлшем бірлігі

Сатып алу көлемінде табиғи білдіру

ҚҚС қоспағанда сатып алу көлемінің бағасын белгілеу

"СТ-КZ" сертификаты берілген тауар өндірушінің БСН\ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

"СТ-КZ" сертификат №

"СТ-КZ" сертификаттың сериясы

"СТ-КZ" сертификатты берген органның коды

"СТ-КZ" сертификатты берген күні (күн, ай, жыл)

"СТ-КZ" сертификатта көрсетілген тауарда % ел ішіндегі құндылық

Жұмыстарда (көрсетілетін қызметтер), % ішіндегі құндылық

Тауар шығаратын елі

9

10

11

12

13

14

15








      Атауы _________________________________________________________

      Мекен жайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * ҚПК - қатты пайдалы қазбалар;

      ** ҚҚС - қосылған құн салығы;

      *** СЖЖ - сатып алудың жылдық жоспары;

      **** ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ***** БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ****** ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      *******СЖӨ – статистикалық жіктеуші өнімі.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп (индексі 1.1.- ПҚҚ, кезеңділігі жылдық, тоқсандық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп" әкімшілік деректерінің нысаны (бұдан әрі – нысан) Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы туралы және жер қойнауын пайдалану" кодексінің 195-бабы 3-тармағының бірінші және төртінші бөліктеріне, 215-бабы 3-тармағының бірінші және төртінші бөліктеріне, 236-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті ел ішіндегі құндылықты мониторингтеу болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынады;

      қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар (келісімшарттар) бойынша жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей;

      қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      5. Нысан әр тауар, жұмыс немесе қызмет бойынша жеке-жеке толтырылатын екі кестеден тұрады.

2-тарау. 1-кестені толтыру бойынша түсіндірмелер

      6. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда уәкілетті орган берген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың (лицензияның) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда сатып алу мәнінің коды көрсетіледі: 0 – тауарлар, 1-жұмыс, 2-қызмет;

      3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алу тәсілі көрсетіледі: 101 – ашық конкурс, 103-бір көзден, 104-тауар биржаларында, 105-төмендетуге ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), 112 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығымен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үшін, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің сатып алу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін сатып алатын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша;

      5-бағанда сатып алу қорытындыларын шығару күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      6-бағанда сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы шарттың нөмірі көрсетіледі;

      7-бағанда шарттың жасалған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      8-бағанда шарттың қолданылу мерзімі (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      9-бағанда шарттың мәртебесі көрсетіледі:

      "0" мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "1" мәртебесі төлемге қарамастан, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.0" мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.1" мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі.

      10-бағанда сатып алуды растайтын теңгемен ҚҚС-ты есепке алмағанда шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы айтылмаса, осы шарт бойынша осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жоспарланған сома көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, онда шарттың бүкіл қолданылу кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы айтылмаса, бірақ шарттың орындалуына қарай шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілері ұсынылса, онда әрбір есепті кезең үшін өсу арқылы осы құжаттардың сомасы көрсетіледі;

      11-бағанда теңгемен ҚҚС-ты есепке алмағанда, жылдық сатып алу бағдарламасында жоспарланған сома көрсетіледі;

      12-бағанда шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының жіктеуішіне сәйкес тауарды, жұмысты немесе қызметті берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      13-бағанда елдердің Мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес тауарды, жұмысты және көрсетілетін қызметті берушінің елі көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;

      14-бағанда өнім берушінің атауы көрсетіледі. Егер тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, атауы заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтамаға сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікке сәйкес (жеке тұлғалар үшін) көрсетіледі;

      15-бағанда тауарды, жұмысты немесе қызметті берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер тауарды, жұмысты немесе қызметті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      16-бағанда өнім берушінің электрондық мекенжайы көрсетіледі;

      17-бағанда жеткізушінің байланыс телефоны көрсетіледі;

      18-бағанда өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;

      19-бағанда жеткізушінің Қазақстан Республикасының азаматтары қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

3-тарау. 2-кестені толтыру бойынша түсіндірмелер

      7. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда шарттың нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Егер сатып алу жүйені пайдаланбай жүргізілсе, баған толтырылмайды;

      3-бағанда өнімнің статистикалық жіктеуішіне сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алынған тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері мен сипаттамалары) көрсетіледі;

      5-бағанда өлшем бірліктері мен шоттардың Мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністегі сатып алу көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәндегі сатып алудың нақты көлемі теңгемен көрсетіледі;

      8-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      9-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      10-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың сериясы көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      11-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру органының коды көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      12-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген күні көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      13-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауар ішіндегі Ел ішіндегі құндылық пайызбен көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      14-бағанда "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2-тармағына сәйкес индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) Ел ішіндегі құндылық пайызбен (жүздік үлеске дейін) көрсетіледі", қосалқы мердігерліктің барлық деңгейлерін ескере отырып;

      15-бағанда тауардың шыққан елі көрсетіледі.