БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Оқушылардың санаттары мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) өрт сөндірушілер.
Оқыту осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес өрт сөндірушілерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;
2) негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілері. Оқыту осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;
3) радиотелефонистер.
Оқыту осы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;
4) өрттің алдын алу нұсқаушылары.
Оқыту осы Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес өрттің алдын алу нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі; 5) газ-түтіннен қорғау қызметінің шеберлері.
Оқыту осы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі.";
көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Бағдарламаға 6 және 7-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Өрт сөндірушілерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары
Р/с № | Бөлімдер мен тақырыптардың атауы | Сағат саны | ||
Өрт сөндірушілер | ||||
Барлығы | Сыныптық-топтық | Практикалық | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база | ||||
1 | Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 1 | 1 | - | |
II. Өрттің алдын алу дайындығы | ||||
1 | Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар | 1 | 1 | - |
2 | Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы | - | - | - |
3 | Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы іс-шаралар | 1 | - | 1 |
4 | Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі қағидалары | 1 | 1 | - |
5 | Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту | 1 | 1 | - |
6 | Түтіннен қорғау және адамдарды құлақтандыру өрт сөндіру жүйелерінің қол және автоматты өрт сигнализациясы қондырғылары | - | - | - |
Барлығы: | 4 | 3 | 1 | |
III. Өрт-техникалық дайындық | ||||
1 | Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі мен жарағы. Дабыл бойынша жиналу, шығу және өрт орнына бет алу | 1 | - | 1 |
2 | Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактикалық-техникалық сипаттамалары | 3 | 1 | 2 |
3 | Өрт сөндіру машиналарымен шығарылатын өрт-техникалық жабдықтары | 1 | - | 1 |
4 | Қол өрт сатылары | 1 | - | 1 |
5 | Өрт жеңдері, жеңдік жабдықтар, өрт сөндіру оқпандары | 2 | - | 2 |
6 | Көбікті өрт сөндіру құралдары мен жабдықтары. | 1 | - | 1 |
7 | Өрт сөндіргіштер | 1 | 1 | - |
8 | Өртке қарсы қызметтегі байланыс | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 11 | 2 | 9 | |
IV. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы | ||||
1 | Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу | 2 | - | 2 |
2 | Өрт сатыларымен жаттығу | 1 | - | 1 |
3 | Құтқару арқанымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару | 1 | - | 1 |
4 | Өртте конструкцияларды ашу және құру | 1 | - | 1 |
5 | Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік өрістету. Жауынгерлік өрістету кезіндегі өрт сөндірушінің іс-әрекеті | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 7 | - | 7 | |
V. Өрт-тактикалық дайындығы | ||||
1 | Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер. | 2 | 2 | - |
2 | Өрт бөлімшелерінің түрлері және олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік. | 1 | 1 | - |
3 | Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-әрекеті. | 1 | 1 | - |
4 | Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті эвакуациялау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-әрекеті. | 1 | - | 1 |
5 | Күзетілетін объектілердегі өрттерді сөндіру тактикасы. | 4 | 2 | 2 |
Барлығы: | 9 | 6 | 3 | |
VI. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету | ||||
1 | Қан кеткенде тоқтатудың негізгі қағидалары | 1 | 1 | - |
2 | Жасанды тыныс алдыру мен жүрек тұсынан сырттан (тікелей емес) уқалаудың негізгі қағидалары мен әдістері. Соғысын анықтау | 1 | - | 1 |
3 | Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көмек көрсету әдістері | 1 | - | 1 |
4 | Термиялық және химиялық күйгенде, үсігенде дәрігерге дейін көмек көрсету әдістері | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 4 | 1 | 3 | |
VII. Қауіпсіздік техникасы | ||||
1 | Қызмет өткеру және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 2 | 2 | - | |
Емтихан тапсыру | 2 | 1 | 1 | |
Барлық сағат: | 40 | 16 | 24 |