"Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № ҚР ДСМ-51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28474 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      4-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "4. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын

      "12. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату және есептен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) кемінде 12 ай ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау үшін есепке алу өлшемшарттарының болмауы;

      2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыға отырып, тұрақты тұратын жерінің өзгеруі.

      Пациенттің Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, ЭАЖ-дегі деректерді өзгерте отырып, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін тиісті аумақтық ұйымға бекітуді өзгерту жүзеге асырылады;

      3) 12 айдың ішінде орналасқан жері туралы нақты мәліметтердің болмауы (учаскелік полиция инспекторының рапортымен және учаскелік мейіргердің патронажымен екі айда кемінде 1 рет расталады);

      4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес бекітілген № 045/е нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәліктің негізінде және (немесе) бекітілген халық тіркеліміндегі деректермен расталған өлім;

      5) динамикалық психиатриялық байқаудың екінші тобында есепте тұрған F20 "Шизофрения" диагнозы бар адамдар: динамикалық байқауға алынған сәттен бастап 12 ай ішінде мүгедектік тобы анықталмаған жағдайда;

      6) 1 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға байланысты сотталған адамдарға динамикалық есептен алып тастау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сұрау салуға жауап алғаннан кейін жүргізіледі.";

      Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы 10 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-51 бұйрығына
қосымша
  Психикалық, мінез-құлық
бұзылулары (аурулары) бар
адамдарды динамикалық
бақылау, сондай-ақ
динамикалық бақылауды
тоқтату қағидаларына
қосымша

Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі

Динамикалық бақылау тобы

ПМБ бар адамдарды динамикалық бақылауға алу өлшемшарттары

Бақылау мерзімділігі

ПМБ бар адамды басқа топқа ауыстыру өлшемшарттары

ПМБ бар адамды динамикалық бақылауды тоқтату өлшемшарттары

1

2

3

4

5

6

1

Динамикалық психиатриялық бақылаудың 1-тобы

Өзінің психикалық жай-күйі бойынша әлеуметтік қауіпті іс-әрекеттерге бейім, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау тәуекелі бар, сондай-ақ есі кіресілі-шығасылы күйде аса қауіпті іс-әрекеттер жасаған және сот оларға амбулаториялық мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын айқындаған адамдар.

айына кемінде бір рет

осы жолдың 3-бағанында көрсетілген есепке алу өлшемшарттарының болмауы, кемінде 12 ай

ЭАЖ-да "сауығу, тұрақты жақсару" көрсетіле отырып, 3-бағанда көрсетілген өлшемшарттардың болмауы, кемінде 12 ай;
қызмет көрсетілетін аумақтан тыс жерге шыға отырып, тұрғылықты жерін өзгерту; учаскелік полиция инспекторының баянатымен және учаскелік мейіргердің екі айда кемінде 1 рет патронажымен расталған, ЭАЖ-да "мәліметтердің болмауы" көрсетілген 12 ай ішінде орналасқан жері туралы нақты мәліметтердің болмауы;
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес бекітілген № 045/е нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәліктің негізінде және (немесе) бекітілген халық тіркеліміндегі деректермен расталған өлім;
1 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға байланысты сотталған адамдарға динамикалық есептен алып тастау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сұрау салуға жауап алғаннан кейін жүргізіледі;
сондай-ақ, динамикалық психиатриялық бақылаудың 2-тобында есепте тұрған F20 "Шизофрения" диагнозы бар адамдар үшін: динамикалық бақылауға алынған күннен бастап 12 ай ішінде мүгедектік тобы анықталмаған жағдайда.

2

Динамикалық психиатриялық бақылаудың 2-тобы

F8 және F9 диагностикалық айдарларында көрсетілген ПМБ қоспағанда, психикалық ауруы бойынша мүгедектігі бар ПМБ бар адамдар;
F20 "Шизофрения"" диагнозы қойылған адамдар анықталғаннан кейін бір жыл ішінде (бұл ретте мүгедек деп танылған жағдайда ол динамикалық психиатриялық бақылаудың 2-тобында бақылануды жалғастырады).


3

2А – тегін амбулаториялық емдеу шеңберінде психофармакотерапияға мұқтаж психотикалық симптоматиканың жиі және айқын асқынулары, декомпенсациялары бар адамдар, оның ішінде F8 және F9 диагностикалық айдарларында көрсетілген ПМБ бар адамдар.

үш айда кемінде бір рет

4

2Б – тұрақталған жай-күйлері, бірқалыпты прогредиентті процесс ағымы және спонтанды ремиссиялары бар адамдар.

алты айда кемінде бір рет


5

Динамикалық наркологиялық бақылау тобы

1) сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшелерге жіберілген адамдарда ПБЗ қолдану салдарынан пайда болған ПМБ;
2) сот-наркологиялық сараптама қорытындысының негізінде сот шешімі бойынша емдеу тағайындалған адамда ПБЗ қолдану салдарынан пайда болған ПМБ;
3) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған, бас бостандығынан айыру орындарынан жіберілген адамдарда ПБЗ қолдану салдарынан пайда болған ПМБ;
4) стационарлық емдеу жағдайында ПБЗ қолдану салдарынан туындаған психотикалық бұзылудан кейінгі ПБЗ қолдану салдарынан пайда болған ПМБ;
5) әлеуметтік қауіпті әрекеттерді жасауға бейім адамдарда ПБЗ қолдану салдарынан пайда болған ПМБ;
6) динамикалық бақылауға өз еркімен келісім берген адамдарда ПБЗ қолдану салдарынан пайда болған ПМБ.
1)-5) тармақшада көрсетілген адамдар дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімімен динамикалық байқауға алынады.

жеке басының ерекшеліктеріне және аурудың ағымына байланысты жылына кемінде алты рет

осы жолдың 3-бағанында көрсетілген есепке алу өлшемшарттарының болмауы, кемінде 12 ай

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ПБЗ – психикаға белсенді әсер ететін заттар

      ПМБ – психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар)

      ЭАЖ – электрондық ақпараттық жүйелер