"Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу ту

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 маусымда № 28415 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақтың орыс тіліндегі редакциясы өзгертіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев