"Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28247 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Мекеме әкімшілігі сотталғанның түзелуі мақсатында оның қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары (қайта әлеуметтендіру) мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектеседі.

      Жаза мерзімін өтеуіне бір жыл қалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан сотталғанға қатысты мекеме әкімшілігі жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында қайта әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

      Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектің жеке бағдарламасын жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жіберіледі.

      Мекеменің орналасуы бойынша мекеме әкімшілігі жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асырады, ол сотталған босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сотталғанның баратын жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жолданады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір жылдан кешiктiрмей сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын және мекеменің орналасуы бойынша, сондай-ақ оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғын үйiнiң бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi және алған мамандықтары туралы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Санитариялық-гигиеналық секция (бұдан әрі - СГС):

      1) сотталғандардың жеке гигиена және өндiрiстiк санитарияны сақтауына себепші болады;

      2) жасақтардың тұрғын, коммуналдық-тұрмыстық үй-жайларының және мекеме аумағының санитариялық жағдайын жақсарту бойынша мекемеде орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерiмен бiрлесіп ұсыныстар енгізеді;

      3) санитариялық бюллетеньдер, қабырға газеттерiн шығарады және радио бағдарламаларын жүргізеді.";

      Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2022 жылғы "____" ___________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 392 бұйрығына
қосымша
Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Сотталғанның жеке тәрбие жұмысын жүргiзу күнделігі

      Тегі __________________________________________________________________

      Аты __________________________________________________________________

      Әкесінің аты (ол болған кезде) ___________________________________________

Мекемеге келген күнi, жасақ

Жасақ нөмiрi

Ауыстыру себептерi

      1. Сотталған туралы жалпы мәліметтер (жеке iс материалдарын талдау, қамауға алынған
адам туралы тергеушiнiң анықтамасы, карантиндегi адамды зерделеу және т.б. негiзiнде
толтырылады)
1. Туған күнi, айы, жылы, және туған жерi _____________________________________
2. Ұлты ___________________________________________________________________
3. Азаматтығы ____________________________________________________________
4. Сотталғанға дейiнгi тұрғылықты жерi _______________________________________
5. Отбасы жағдайы ________________________________________________________
6. Сотталғанға дейiнгi бiлiмi _________________________________________________
7. Сотталғанға дейiнгi кәсiбi (мамандығы) _____________________________________
_________________________________________________________________________
8. Қашан, қандай сотпен Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша және қанша мерзiмге
сотталды _________________________________________________________
9. Қылмыстың қысқаша мазмұны және оған қатысы (егер материалдық шығын келтiрiлсе,
көлемi және т.б. көрсетiлсiн) _______________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
10. Жазалау мерзiмiнiң басталуы _____________________________________________
11. Жазалау мерзiмiнiң аяқталуы _____________________________________________
12. Жазаны өтеуден шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн
жазалаудың жеңiл түрiне ауыстыру және мекеме түрін өзгерту күні __________
13. Сотталғанды жазаны өтеудiң бiр жағдайынан басқасына ауыстыру күнi __________
__________________________________________________________________________
14. Соттылығы болғандығы туралы және босатылу негiздерi туралы мәлімет _________
__________________________________________________________________________
15. Денсаулық жағдайы және еңбекке жарамдылығы туралы медициналық қорытынды
__________________________________________________________________________
(мекемеде орналасқан медициналық ұйымның бастығы толтырады)
16. Сотталған адамды сипаттайтын және онымен тәрбиелік-профилактикалық жұмысты
жүргізуде ескерілуі тиіс өзге де жағдайлар (тергеу органының анықтамасы, сотталғанға
дейiнгi жұмыс орны берген мiнездеме негiзiнде) ____________________________
__________________________________________________________________________
17. Туысқандары туралы мәлiметтер (аты-жөнi, туысқандық дәрежесi, тұрғылықты мекен-
жайы және т.б.)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
18. Сотталған адамның жеке психологиялық ерекшелiктерi, жұмыс істеуіне ұсынымдар
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(психолог толтырады)
19. Мекеменің карантин бөлiмшесіндегi сотталғандармен сабақ жүргізудің кешенді үлгі
жоспары

Тақырып атауы

Сағат саны

Жауаптылар

1-күн

1.

Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері. Күн тәртібі. Мекеменің Ішкі тәртіптеме қағидалары. Мекеменің қызметі туралы бейне ролик көру.

2 сағат

Мекеме бастығы, орынбасарлары, карантин бөлімшесінің тәрбиешісі

2.

Мекемеде жасалған қылмыстар үшін сотталғандардың жауапкершілігі

1 сағат

Мекеме бастығының режим және жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары

3.

Сотталғандардың мінез-құлық қағидалары. Сотталғандардың өзара және мекеме әкімшілігімен қарым-қатынасы

1 сағат

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

4.

Сотталғандармен психодиагностикалық жұмыс

1 сағат

Психолог

5.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

1 сағат

Мекеме қызметкерлері

2-күн

1.

Сотталғандардың денсаулығын анықтау бойынша жұмыс

1 сағат

Мекемеде орналасқан медициналық ұйымның бастығы, медицина қызметкерлерi

2.

Сотталғандармен психодиагностикалық жұмыс

3 сағат

Психолог

3.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

1 сағат

Мекеме қызметкерлері

3-күн

1.

Жеке гигиена сақтаудың қажеттілігі, инфекциялық және жұқпалы аурулардың алдын алу

1 сағат

Мекемеде орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерi

2.

Бастапқы кәсіби оқыту және кәсіби дайындық

2 сағат

Кәсіптік колледждің директоры

3.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

2 сағат

Мекеме қызметкерлері

4-күн

1.

Мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру

1 сағат

Мекеме бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары

2.

Сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету. Мүлікті бүлдіргені үшін жауапкершілік

1 сағат

Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері

3.

Сотталғандардың білім деңгейін анықтау. Сотталғандардың пәндер бойынша білімдерін анықтау

3 сағат

Мектеп директоры, мұғалімдер

4.

Кітапхананы пайдалану тәртібі

1 сағат

Кітапханашы

5.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

1 сағат

Мекеме қызметкерлері

5-күн

1.

Сотталғандармен психодиагностикалық жұмыс

5 сағат

Психолог

2.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

3 сағат

Мекеме қызметкерлері

6-күн

1.

Жазаны өтеу жағдайларын дифференциялау (саралау)

2 сағат

Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

2.

Қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі талаптары

2 сағат

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

3.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

3 сағат

Мекеме қызметкерлері

7-күн

1.

Шаруашылық күні. Карантин бөлімшесі үй-жайларын кешенді жинастыру

4 сағат

Карантин бөлімшесінің тәрбиешісі, Мекеме қызметкерлері

2.

Мәдени бағдарлама

2 сағат

Клуб меңгерушісі

3.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

2 сағат

Мекеме қызметкерлері

8-күн

1.

Сотталғандарды жасақтарға комиссиялық бөлу

5 сағат

Мекеме комиссиясы

2.

Сотталғандармен жеке тәрбие жұмысы

1 сағат

Мекеме қызметкерлері

9-күн

1.

Жасақ бастықтарының өз жасақтарына бөлінген сотталғандармен танысуы

5 сағат

Жасақ бастықтары

2.

Сотталғандарға бірыңғай педагогикалық талаптар

1 сағат

Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

3.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

2 сағат

ТМ қызметкерлері

10-күн

1.

Ерікті ұйымдардың жұмысы

4 сағат

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

2.

Хат жазу сағаты

1 сағат

Карантин тәрбиешісі

3.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

1 сағат

Мекеме қызметкерлері

11-күн

1.

Клуб жұмысы. Көркем өнерпаздары

1 сағат

Клуб меңгерушісі

2.

Дене шынықтыру, спорт жұмыстары

2 сағат

Карантин тәрбиешісі

3.

Сотталғандардың кітапханаға жазылуы

1 сағат

Кітапханашы

4.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

2 сағат

Мекеме қызметкерлері

12-күн

1.

Сотталғандармен психодиагностикалық жұмыс

5 сағат

Психолог

2

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

3 сағат

Мекеме қызметкерлері

13-күн

1.

Мекеменің түрін өзгерту және жазаны өтеуден босатылу

2 сағат

Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы

2.

Босатылғаннан кейін тұрмыстық және еңбекке орналастыруды қажет ететін адамдарды анықтау

1 сағат

Еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспектор

3.

Сотталғандардың жалақысы, оны есептеу және ұстап қалу тәртібі

2 сағат

Есепші

4.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

3 сағат

Мекеме қызметкерлері

14-күн

1.

Жеке тәрбие жұмысын жүргізу күнделіктерін толтыру. Сотталғандармен жұмыс жасау жоспарын әзірлеу

5 сағат

Жасақ бастықтары, психолог, мұғалімдер

2.

Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы

3 сағат

Мекеме қызметкерлері

15-күн

1.

Сотталғандарды мекемемен таныстыру, сотталғандарды жасақтарға шығару


Жасақ бастықтары

      Ескертпе:

      Жоспарға карантинде күн тәртібі аясында күнделікті өткiзiлетін дене-шынықтыру,
бөлмелерді жинастыру, гигиеналық iс-шаралар және мәдени-бұқаралық жұмыстар
(телехабарларды көру, әдебиет оқу, спорттық іс-шаралар өткізу және т.б.) сияқты тәрбиелік
сипаттағы іс-шаралар енгізілмеген.

      Сотталғандармен жеке-тәрбие жұмысы әңгiмелесу, жеке психологиялық көмек
көрсету, кеңес беру және т.б. түрiнде өткiзiледi, олардың нәтижелері мекеменің жауапты
қызметкерімен, жұмысшысымен жеке-тәрбие әңгiмелерін жүргiзу жазбасына енгізіледі.

      20. Көтермелеу шаралары

Күні

Көтермелеу түрі

Көтермелеу себептері

Кім көтермеледі

Бұйрықтың, қаулының күні және №






      21. Жазалау шаралары

Күні

Жазалау түрі

Жіберілген жазаланулары

Кім
жазалады

Бұйрықтың, қаулының күні және №

Өтелгені туралы белгі

      22. Берiлетiн демалыстарды есепке алу

Демалыс күні

Күндер саны

Демалыс
Түрі

Кеткен
мекен-жайы

Ескертпе

      23. ЖТК (ОТК), мекеме комиссиясының шешiмдерi және ұсынымдары ______________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      24. Жеке-тәрбие әңгiмелерін жүргiзу жазбасы

Күні

Қорытындылары бар әңгіменің жазбасы

Әңгімені кім өткізді

Ескертпе

      25. Босатылуға дайындау бойынша жұмыс нәтижелері ____________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ескертпе:

      Күнделiктi жүргiзу бойынша нұсқаулар

      1) күнделiк жасақ бастығында сақталады, оған күнделiктi жүргiзу жауапкершiлiгi
жүктеледi;

      2) 18-тармақты карантин бөлiмшесінің психологы толтырады;

      3) сотталғандармен ЖТЖ күнделiгiне, сондай-ақ мекеме бастығымен, оның
орынбасарларымен және ЖТК (ОТК) мүшелерiмен жүргізілген әңгiмелер жазылады;

      4) 24-тармақты сотталғандарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау нәтижесі және
жүргізілген жеке әңгімелесулер бойынша жасақ бастығы, сондай-ақ мекеменің карантин
бөлiмшесіндегi сотталғандармен сабақ жүргізудің кешенді үлгі жоспарына сәйкес мекеменің
жауапты қызметкері және ЖТК (ОТК) мүшелері толтырады;

      5) сотталғанды басқа мекемеге ауыстырғанда (босатқанда) күнделiк жеке iсiне
тiркеледi, басқа жасаққа ауысқанда қабылдаған жасақ бастығына берiледi.