БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Әскери бөлімнің және мекеменің шегінен тыс жоспарлы тәртіппен стационарлық емделуге жіберілетін әскери қызметшілерге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге жолдама;
2) әскери қызметшінің медициналық кітапшасы беріледі.
Әскери қызметшілерде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, офицердің жеке куәлігі немесе әскери билеті болады.
Әскери қызметшілерді, оның ішінде басқа өңірлерден (гарнизондардан) жоспарлы стационарлық емделуге госпитальға жатқызу күні бейінді бөлімше бастығымен және (немесе) әскери госпитальдың, лазареттің медициналық бөлім бастығымен алдын ала келісу бойынша айқындалады.";
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"132. Анықталған инфекциялық науқастарды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды медициналық роталар мен пункттердің оқшаулағышына орналастырады. Штаттық оқшаулағышы жоқ әскери бөлімдерде инфекциялық науқастарды алдын ала көзделген үй-жайда оқшаулайды. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері, курсанттар, кадеттер қатарынан инфекциялық науқастарды (симптомсыз таратушыларды) амбулаторлық емдеуге және олардың әскери ұжымда болуына жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі