Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27858 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидаларында:

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 031/е нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесін;" ;

      18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 075/е нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Орталықтың мүгедек-спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық ұйымдарда тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.";

      2) "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттарда:

      "Басқарушы персонал" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3-1, 3-2 және 3-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

3-1.

Мемлекеттік жаттықтырушы

спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік

3-2.

Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы

спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік

3-3.

Құрама команданың бастығы

спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік

      ";

      "Әкімшілік персонал" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

Бухгалтер

жеке спорт базасы бар ұйымдардан басқа 3 бірліктен артық емес

жеке спорт базасы бар ұйымдарда 4 бірліктен кем емес

14.

Экономист

4 бірліктен артық емес

      ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

2 бірліктен артық емес

      ";

      "Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

83.

Нұсқаушы-спортшы

әрбір спорт түріне 20 бірліктен артық емес

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Н. Дауешов