"Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27791 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-7) тармақшасына, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Iшкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ішкі су көлігі туралы Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-7) тармақшасына, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі суда жүзетін кемені және "өзен - теңіз" суларында жүзетін кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу", "Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу", "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу", "Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу", мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда Мемлекеттік кеме тізілімінен шығаруды көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені тіркеуден шығаруға арналған өтініштің (бұдан әрі – 2-өтініш) негізінде жүргізеді.

      2-өтінішке онда жазылған фактілерді растайтын құжаттар, сондай-ақ кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген кеме куәлігі қоса беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағымды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      27-тармақ алып тасталсын;

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағымды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      52-тармақ алып тасталсын;

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағымды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      82-тармақ алып тасталсын;

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағымды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      94-тармақ алып тасталсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      18-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, иновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 19 сәуірдегі
№ 218 Бұйрыққа
1-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларына
3-қосымша

" Ішкі суда жүзетін кемелерді, " өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кеме куәлігі, кеме куәлігінің телнұсқасы, кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама немесе оны беруден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы
Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені, қайта тіркегені және мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынатын алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген және мыналарды құрайды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін – 15 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), алымды төлеу күніне;
2) қайта тіркеу үшін – 7,5 АЕК, алымды төлеу күніне;
3) мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – алым төленген күнге 3,75 АЕК.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Заңнамаға сәйкес төлеуден босату шарты (болған жағдайда).

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.miid.gov.kz Көлік комитеті бөлімі, " мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімі.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді тіркеу және қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 1-өтініш;
кемені мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың бірінің электрондық көшірмесі:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кемеге қатысты шарттар және басқа да мәмілелер;
мұраға құқық туралы куәлік, заңды күшіне енген сот шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар.
сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың,екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса, құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы талап қамтылатын шарт;
3) жеке тұлға кемені қайта тіркеген кезде 1) тармақшада көрсетілген құжаттарға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығының төленгенін растайтын құжаттың немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі;
4) кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 1-өтініш;
5) қайта құру немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, конструкциялық жағынан қаза тапқан, кеме сапасын жоғалтқан, мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігінде тұрған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 2-өтініш;
2-өтініште баяндалған фактілерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы " жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларына
8-қосымша

"Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік не оны беруден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы.
Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген және алымды төлеу күні қолданылатын он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.miid.gov.kz Көлік комитеті бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімі.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 1-өтініш;
2) кемені мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың бірінің электрондық көшірмесі:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кемеге қатысты шарттар және басқа да мәмілелер;
мұраға құқық туралы куәлік;
соттың заңды күшіне енген шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
3) сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
4) кемені жалға алу шартының электрондық көшірмесі;
5) кеменің меншік иесі мен кеменің тіркелген ипотекасын кепіл ұстаушының жазбаша рұқсатының немесе кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға оған ауыртпалықтың электрондық көшірмесі;
6) кеме жалауды ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатыла тұрғанын растайтын шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
7) ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) қоса беріледі.
Банктер және банк қызметі туралы заңның 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерді және талап ету құқықтарын (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) сатып алуын көздейтін шарт, құқықты (талап етуді) басқаға беру

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы " жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа 3-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларына
13-қосымша

"Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

" электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

кеме билеті, кеме билетінің телнұсқасы, кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және порталда сақталады.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

ақылы
Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені, қайта тіркегені және мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынатын алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген және мыналарды құрайды:
1) мемлекеттік тіркегені үшін:
қуаты 50 ат күшінен асатын өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер (37 кВт) – 3 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК);
қуаты 50 ат күшіне дейін (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер – 2 АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер – 1,5 АЕК;
2) қайта тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер – 1,5 АЕК;
қуаты 50 ат күшіне дейін (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер – 1 АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер – 0,75 АЕК;
3) мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер – 0,75 АЕК;
қуаты 50 ат күшіне дейін (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер – 0,5 АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер – 0,38 АЕК.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.miid.gov.kz Көлік комитеті бөлімі, "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімі.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) шағын көлемді кемені тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 3-өтініш;
шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
егер кеме бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, оны есептен шығару туралы белгісі бар кеме билетінің немесе басқа құжаттың электрондық көшірмесі;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 3-өтініш;
кеме билетінің электрондық көшірмесі;
егер шағын көлемді кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен кеме бұрын кеме кітабына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмесе, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 4-өтініш;
5) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 4-өтініш;
кеме билетінің электрондық көшірмесі*;
Ескертпе: * кеме билеті жоғалған кезде 3-өтініште кеме билеті жоғалуының мәнжайы көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы " жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа 4-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларына
14-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі КӨЛІК КОМИТЕТІ

Министерство Индустрии и инфраструктурного развития Республики КазахстанКОМИТЕТ ТРАНСПОРТА

Шағын көлемді кеменің КЕМЕ БИЛЕТІ СУДОВОЙ БИЛЕТ маломерного судна

      Кеменің жүзу жарамдығын жыл сайын техникалық куәландыру мерзімі аяқталған кезде
кемеге жүзуге тыйым салынады.
Судну запрещается плавание по истечению срока ежегодного технического
освидетельствования судна на годность к плаванию.
_______ кеме кітабына 20___ж/г "___" _______ кеме/судно _______(нөмір/номер) енгізілген
деректер негізінде/ на основании данных, внесенных в судовую книгу настоящим
удостоверяется, что судно принадлежит _____________________________
____________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе ұйымның
аталуы/ Ф.И.О. (при его наличии) или наименование организации)
_____________________________ мекенжайында тұратын/ орналасқан /проживающего,
находящегося по адресу ______________________ тиесілі екендігін куәландырады.
Кеме кітабында аталған кемеге қатысты мыналар көрсетілген:/Относительно названного
судна в судовой книге значится:
Кеме санаты, үлгісі, аталуы/ Категория, тип, название судна: ______________
Жасалған уақыты және орны/Время и место постройки __________20___ж./г.
Жобалық/Проектный № _________________________________________
Жасалу/Строительный № __________________________________________
Корпус материалы/Материал корпуса ______________________
Ұзындығы/Длина ____________ (ең үлкен/максимальная)
Ені/Ширина _________________ (ең үлкен/максимальная)
Борт биіктігі/Высота борта ______________________________________
Жалпы сыйымдылығы /Валовая вместимость ______________________
Жолаушылар сыйымдылығы /Пассажировместимость _______________
Жүккөтергіштігі /Грузоподъемность ____________________
Кеме массасы /Масса судна _________________________
Жүзу ауданы, аумағы, шарттары/Район, зона, условия плавания __________
Разряды, географиялық шекарасы, жағадан алыстау және толқын
________________________________ биіктігі бойынша шектеулер /
разряд,географические границы, ограничения ____________________________________ по
удалению от берега, высоте волны)
Қозғалтқыштар үлгісі /Тип двигателей ______________________
Саны және нөмірі /Количество и номера _________________
Жалпы қуаты /Общая мощность _____________________
Қолмен, арақашықтықтан басқару /Управление ручное, дистационное _____________
Қозғаушылары/Движители __________________________
Желкендерінің жалпы ауданы / Общая площадь парусов ___________ ш.м./кв.м.
Әуе жәшіктерінің, жүзгіштік блоктарының көлемі/Объем воздушных ящиков, блоков
плавучести ____________________ т.м./куб.м
Ерекше сипаттамалары/Особые характеристики _______________

СИГНАЛ БЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ/СИГНАЛЬНЫЕ СРЕДСТВА

      Сол жақ және оң жақ борттық оттары, топтық оттар/Левый и правый бортовые огни, топовые
огни ___________________________________
Арт жағындағы от, тіркеп сүйреу оты/Кормовой и буксировочный огонь _______
Клотик / клотик ______________________
Жалтылдақ от / Проблесковый огонь __________________________________________
Жарықты бұлғау, электр фонарі / Световая отмашка, электрофонарь _______________
Бұлғайтын жалау 60х60 см, диаметрі немесе биіктігі 60 см қара түсті сигнал белгілері/
Флаг отмашка 60х60 см, сигнальные знаки черного цвета диаметром или высотой 60 см:
шар/шар ________________________________________________ конус / конус
_______________ Ысқырық, қоңырау, тұмандық горн, гонг /Свисток, колокол, туманный
горн, гонг _______

ЗӘКІРЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ЯКОРНЫЕ И ШВАРТОВЫЕ УСТРОЙСТВА

      Зәкір / Якорь __________________/Арқан / Канат __________________
Бекіткіш тростар / Швартовые тросы ________________________

ҚҰТҚАРУШЫ ҚҰРАЛДАР/СПАСАТЕЛЬНЫЕ СРЕДСТВА

      25 м лині бар құтқарғыш дөңгелек/Спасательный круг с линем 25 м ______________
Экипаждың және жолаушылардың саны бойынша борттық нөмірлері жазылған жеке
құтқарғыш құралдар/ Индивидуальные спасательные средства по числу экипажа и
пассажиров с нанесенными на них бортовыми номерами _______________
Кеудеше /Жилет _________________

ӨРТКЕ ҚАРСЫ АВАРИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ПРОТИВОПОЖАРНОЕ АВАРИЙНОЕ СНАБЖЕНИЕ

      Брезент /Брезент 1,5х1,5 м ______________________________
Өрт сөндіргіш /Огнетушитель ___________________________
Су төккіш қол сорғысы /Ручной водоотливной насос ____________
Жөндеу материалдары /Ремонтные материалы _________________
Ожау /Черпак ______________________________
Құрал-сайман /Инструмент __________________________
Басқа құралдар /Прочие средства _____________________
Навигациялық және басқа жабдықтар/Навигационное и прочее снабжение _____________
Магнитті компас /Магнитный компас _____________
Дүрбі /Бинокль ______________________
Лақтырылатын ұш /Бросательный конец ___________
Ілгекті бақан /Багор ________________________
Ескектер /Весла ________________________
Кранцылар /Кранцы ______________________
Алғашқы көмек дәрі қобдишасы /Аптечка первой помощи ________
Жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіштігі көрсетілген кесте көрінетін жерге ілінеді /
Табличка с указанием пассажировместимости и грузоподъемности вывешивается на видном
месте _____________________________
Осы кеме билеті _______________________ үлгідегі кемеге _______________________
меншік құқығын және осы кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп ішкі
су жолдарында жүзуге құқықлы екендігінің дәлелі болып табылады.
Настоящий судовой билет служит доказательством права собственности на судно типа
____________________________________________________________ и дает право судну на
плавание под Государственным флагом Республики Казахстан на внутренних водных путях.
20_____ ж./г. "___" _____________

  Бұйрыққа 5-қосымша
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларына
18-қосымша

"Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бір жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы не кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ не кеме ипотекасының тоқтатылғаны туралы ақпарат беру не шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы не шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ не, не кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы не кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ не кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы
Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 553-бабының 3-тармағына сәйкес мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелері:
1) жеке тұлғалар үшін – 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) заңды тұлғалар үшін-5 (бес) АЕК;
3) құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, репатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.miid.gov.kz Көлік комитеті бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімі.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарттың, осындай шартта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты не шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты не кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шартқа осындай қосымша келісімде көрсетілген құжаттармен бірге қосымша келісімнің электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін салық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) кеме ипотекасының тоқтатылуы туралы ақпарат не шағын көлемді кеме ипотекасының тоқтатылуы туралы ақпарат не кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасының тоқтатылуы туралы ақпарат алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын өтеу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген жағдайда өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерді және талап ету құқықтарын (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) сатып алуын көздейтін шарттың, талап ету құқығын басқаға беру туралы талап қамтылған шарттың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.