Жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27649 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Индустрия және
  инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 213 бұйрығына
  1-қосымша

Жете тексеру жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

      1. Теміржол вокзалдары:

      1) "Нұр-Сұлтан-1";

      2) "Нұрлы-жол вокзал кешені";

      3) "Алматы-1";

      4) "Алматы-2";

      5) "Қарағанды";

      6) "Ақтөбе";

      7) "Орал";

      8) "Қызылорда";

      9) "Атырау";

      10) "Маңғыстау";

      11) "Бейнеу";

      12) "Көкшетау";

      13) "Қостанай";

      14) "Павлодар";

      15) "Шымкент";

      16) "Тараз";

      17) "Шу";

      18) "Семей";

      19) "Петропавл";

      20) "Түркістан".

      2. Автовокзалдар:

      1) "Сапаржай - Астана";

      2) "Сайран";

      3) "Саяхат";

      4) "Көкшетау";

      5) "Талдықорған автобекеті";

      6) "Ақтөбе Сапар";

      7) "Өскемен";

      8) "Облтранском";

      9) "Тараз автобекеті";

      10) "Орал қаласының автобекеті";

      11) "Қостанай";

      12) "Салтанат";

      13) "Қарағанды Сапар";

      14) "Автовокзалсервис";

      15) "Сапаржай Павлодар";

      16) "Петропавл";

      17) "Самал";

      18) "Алаш";

      19) "Шымкент қалааралық автовокзалы";

      20) "Бекжан";

      21) "Атырау".

      3. "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      4. Алматы қаласының метрополитен желілері.

      5. Әуежайлар:

      1) "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы";

      2) "Алматы халықаралық әуежайы";

      3) "Петропавл халықаралық әуежайы";

      4) "ОРАЛ" халықаралық әуежайы";

      5) "Ақтөбе" халықаралық әуежайы";

      6) "Атырау халықаралық әуежайы";

      7) "Семей халықаралық әуежайы";

      8) "Әулие-Ата халықаралық әуежайы";

      9) "Ақтау халықаралық әуежайы";

      10) "Қостанай халықаралық әуежайы";

      11) "Шымкент әуежайы";

      12) "Павлодар әуежайы";

      13) "Сары-Арқа" әуежайы";

      14) "Өскемен әуежайы";

      15) "Қорқыт Ата әуежайы";

      16) "Түркістан халықаралық әуежайы";

      17) "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының филиалы – "Көкшетау әуежайы";

      18) "Жетісу" әуе компаниясының әуежайы;

      19) "Боралдай әуежайы";

      20) "Балқаш әуежайы".

      6. Әуеайлақтар:

      1) "Жезқазған Эйр" әуе компаниясының әуеайлағы;

      2) "Теңіз әуеайлағы";

      3) "Үржар әуеайлағы";

      4) "Үшарал әуеайлағы";

      5) "Зайсан әуеайлағы".

  Қазақстан Республикасының
  Индустрия және
  инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 213 бұйрығына
  2-қосымша

Өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Президенті.

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

      3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының төрағасы.

      4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің төрағасы.

      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

      6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

      7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы.

      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.

      9. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.

      11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

      12. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

      13. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.

      16. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы.

      17. Қазақстан Республикасының министрлері.

      18. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері.

      19. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің консулдық лауазымды адамдары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері.

  Қазақстан Республикасының
  Индустрия және
  инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 213 бұйрығына
  3-қосымша

Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын заттар мен нәрселердің тізбесі

      Көлік инфрақұрылымы объектілеріне мынадай заттар мен нәрселерді әкелуге тыйым салынады:

      1. Жарғыш және өлімге әкеп соқтыратын өзге де құрылғылар, жарылғыш заттар және құрамында жарылғыш заттар бар нәрселер, оның ішінде:

      1) саны мен орамасына қарамастан, оқ-дәрілердің барлық түрлері;

      2) гранаттар, миналар және снарядтардың барлық түрлері;

      3) аңшы капсюльдері (пистондары) және тұтандырғыш капсюльдер;

      4) динамит, тол, аммонал, тротил және басқа да жарылғыш заттар;

      5) капсюльдер, тұтандырғыштар, электр тұтандырғыштар, тұтандыратын электр тұтандырғыштар және от өткізгіш баулар;

      2. Радиоактивті заттар.

      3. Есірткі заттары.

      4. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар:

      1) бензин;

      2) мұнай өнімдерінің сынамалары;

      3) метанол;

      4) метилдік эфир;

      5) күкірт көміртек;

      6) эфирлер және өзге тез тұтанатын сұйықтықтар.

      5. Су тиюі әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын тұтанғыш қатты заттар:

      1) калий, натрий, металл кальций және олардың құймасы;

      2) ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар;

      3) органикалық тотықтар;

      4) коллоидті нитроцеллюлоза.

      6. Улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі, ыдысқа оралған заттар:

      1) бруцин;

      2) стрихнин;

      3) тетрагидрофурфурилді спирт;

      4) этиленгликоль;

      5) сынап;

      6) синильді қышқылдың барлық тұздары;

      7) цианды препараттар;

      8) циклон;

      9) цианқұймасы;

      10) күшәла тәрізді ангидрид және қатты әсер ететін өзге де улы және уландыратын заттар.

      7. Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, құрамында осылар бар заттар мен нәрселер.

      8. Күйдіргіш және тотығатын заттар:

      1) бейорганикалық қышқылдар, оның ішінде тұз, күкірт, азот және өзге де қышқылдар;

      2) фторлы-сутекті (плавикті) қышқыл және өзге де күшті қышқылдар және тоттанатын заттар.

      9. Атыс (қол жауынгерлік атыс, азаматтық және қызметтік) қаруының барлық түрлері, әрекеті электр энергиясын, радиоактивті сәулеленуді және биологиялық факторларды пайдалануға негізделген қару; лақтыратын, электрлік, механикалық қару, оның ішінде ойық ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз травматикалық, газды, травматикалық оқ-дәрімен атылатын газды, пневматикалық сигнал беру және жаттығу қаруы, атыс қаруының бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғылары мен көздеуішті қоспағанда).

      10. Түйрегіш және кесетін қару, соғу-бытырату әрекеті бар нәрселер, қылыштар, үлкен пышақтар, наркескендер, палаштар, семсерлер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзі бар қарулар, жебе және жебе түріндегі зақымдайтын элементтер, оның ішінде лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, оның ішінде кез келген материалдан жасалған, әлеуетті қару ретінде пайдалануға арналған барынша берік нәрселер.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда және тәртіппен атыс және газ қаруының ок-дәрілері, оның ішінде соғыс, жарық-дыбыс, травматикалық әрекет ететін, бос патрондар, жарақталған аң аулау патрондары.

      9, 10 және 11-тармақтарда санамаланған заттар мен нәрселерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген оларды сақтау мен алып жүруге тиісті рұқсаты болған кезде әкелуге жол беріледі.