Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27572 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 30.06.2025 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      2) "Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарында:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 тіркелген) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне (бұдан әрі – Техникалық регламент) сәйкес өрт қауіпсіздігі жүйесіне, ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне, қорғау жүйесіне және жылыту жүйелеріне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлеріне өртке қарсы нұсқаулық жүргізу жүзеге асырылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Ауыр салмақты қолмен көтеруге және орын ауыстыруға рұқсат етілетін шекті жүк нормасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12597 тіркелген) сәйкес анықталады.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 30.06.2025 № 298-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
Д. Абаев
     

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министірлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі





"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі