"Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 сәуірде № 27540 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 "Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 107-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын (болған жағдайда) және оның іске асырылуы туралы есепті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;";

      7-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Зерттеліп отырған мемлекеттік органның функциялары мен мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының сәйкестігін талдау (3-саты).

      38, 39, 40-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Функциялардың мемлекеттік органның ережесінің (бұдан әрі - Ереже) міндеттеріне сәйкестігін талдау мынадай кезеңдерді:

      1) ереженің міндеттерін, іске асырылуы/қалыптастырылуы үшін функциялар жоқ (мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту жоспарларын мақсаттарын қалыптастыру үшін қосымша функцияларды бекіту қажеттігін айқындау) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту жоспарларын мақсаттарын айқындау;

      2) ереженің міндеттерін іске асыруға және мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту жоспарларын мақсаттарын қалыптастыруға тартылмаған функцияларды айқындау кезеңдерін қамтиды.

      "39. Ереженің міндеттерімен функциялардың және мемлекеттік органдардың жоспарлары мен жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен өзара іс-қимылына талдау жүргізу кезінде Жұмыс тобы мынадай анықтамаларға:

      мемлекеттік органның міндеттеріне – мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына (нысанасына);

      функцияның тікелей нәтижесіне – мемлекеттік органның функцияларын іске асырудың тікелей нәтижесіне негізделеді.

      Мысалы:

      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің функциясы ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-9) тармақшасы): энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдерді жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамыту бағдарламасының мақсаты: "Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық саласындағы кәсіпорындарының жаңа технологиялар мен жаңартылатын ресурстарды қолдануын ұлғайту";

      нысаналы индикатор:

      "Қала халқының бір адамға шаққандағы бір күнге суды пайдалануын 2005 жылғы 220-240 литрден 2030 жылға қарай 50%-ға қысқарту";

      "2030 жылға қарай энергия өндіру үшін ағынды сулардың 30%-ын қолдану".

      "40. Мемлекеттік орган ережесінің міндеттерін, қызметінің мақсаттары мен түпкілікті нәтижелерін іріктеп алу үшін Жұмыс тобы ережені, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту жоспарларын зерделеу негізінде зерттеліп отырған мемлекеттік орган Ережесінің міндеттері мен мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту жоспарларын мақсаттарының тізбесі осы Әдістемеге 9-қосымшаға нысанына сәйкес нысаналы индикаторлары бар міндеттер мен мақсаттар тізбесін қалыптастырады.

      42, 43, 44-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік органдардың функцияларының сәйкестігін талдау мемлекеттік органның функциялары мен оның мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарының сәйкестігін талдау осы Әдістемеге 11-қосымшаға нысанына сәйкес схема бойынша оның ережесінде, жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамыту бағдарламаларында айқындалған функциялардың тікелей нәтижелерінің тиісті кезеңге сараптамалық арақатынасына негізделеді.

      Мемлекеттік орган функцияларының тікелей нәтижелері мен оның қызметінің нысаналы индикаторларының сараптамалық арақатынасы зерттеліп отырған мемлекеттік органның функциялары мен мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарының сәйкестігі осы Әдістемеге 12-қосымшаға нысанына сәйкес ресімделеді.

      "43. Мемлекеттік органдардың алға қойылған барлық мақсаттары мен ережелерінің міндеттерін тиімді іске асыру үшін Жұмыс тобы осы сатының қорытындысы бойынша:

      Ереженің міндеттерін және мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарын толығымен қамтамасыз ететін функциялардың оңтайлы жиынтығын талдайды және бұл ретте мемлекеттік органның ресурстарын оларға қол жеткізуге барынша шоғырландырады;

      міндеттер мен функциялар жиынтығымен үйлесетін оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымды талдайды.

      "44. Мемлекеттік органдардың функцияларының, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттары мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының сәйкестігін сараптамалық талдау негізінде Жұмыс тобы:

      1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарын қалыптастыру үшін қажетті функциялар ретінде мемлекеттік органның құзыретіне енгізуге ұсынылатын жаңа функциялар тізбесі;

      2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарын қалыптастыруға тартылмаған функциялар ретінде мемлекеттік органның құзыретінен алып тастауға ұсынылатын функциялар тізбесі.

      61-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларының аражігін ажырату қайталанатын функциялардың мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына сәйкестігі өлшемшарты негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс тобы мемлекеттік функциялардың, мемлекеттік органдардың және аумақтарды дамыту бағдарламалары мақсаттарының мемлекеттік органның міндеттеріне сәйкестігі дәрежесін сараптамалық бағалауды жүзеге асырады.

      69-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      Мемлекеттік органдардың деңгейлес ұштасқан функцияларының аражігін ажыратуды Жұмыс тобы:

      1) мемлекеттік органдардың деңгейлес ұштасқан функцияларын іске асыру аясында түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін басты жауапкершілікте болатын мемлекеттік органды айқындау алгоритмі негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдардың деңгейлес ұштасқан функцияларын іске асыру аясында түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге басты жауапкершілікте болатын мемлекеттік органды Жұмыс тобы мемлекеттік органдардың тиісті кезеңге арналған мемлекеттік органдардың даму жоспарларының стратегиялық мақсаттары мен қызметінің түпкілікті нәтижелерін талдауды ескере отырып, сараптамалық түрде айқындайды;

      6, 8, 9 қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3 сәйкес редакцияда жазылсын.

      11 мен 12 қосымшалары осы бұйрыққа 4 және 5 сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 8 сәуірдегі
№ 33 Қосымша 1 бұйрыққа
Мемлекеттік органдардың
қызметіне салалық
(ведомстволық) функционалдық
шолу жүргізу жөніндегі
әдістемесіне
6-қосымша

      Нысан

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган жұмыскерлеріне арналған сауалнамасы

Тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда)

Жауаптар

Атқарып отырған лауазымы


Зерттеліп отырған мемлекеттік органдағы жұмыс өтілі


Сіз атқарып отырған лауазымдағы сіз орындайтын барлық функционалдық міндеттеріңізді (атап айтқанда функцияларыңызды) атап өтіңіз.

1.

2.

3.

Сіз атап өткен барлық функционалдық міндеттеріңізден (функцияларыңыздан) салалық мәселелерге ғана жататын функционалдық міндеттеріңізді бөлек жазыңыз.

1.

2.

3.

Сіздің мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының көрсеткішіне әсер ететін өз функционалдық міндеттеріңізді (атап айтқанда функцияларыңызды) атап өтіңіз. Сондай-ақ Сіз орындап отырған функциялар қандай мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нақты нысаналы индикаторына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының көрсеткішіне әсер ететінін атап өтіңіз.

1.

2.

3.

...

Сіз өз функцияларыңызды орындаған кезде қандай құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайсыз? Функциялар бойынша араларыңыздағы өзара іс-қимыл қалай жүретінін сипаттаңыз (Сіз не істейсіз, басқа бөлімшенің қызметкері не істейді).

1.

2.

3.

...

Басқа салалармен өзара іс-қимыл жасауды қоса алғанда, Сіз орындайтын функциялардың әрбір іске асырылу процесін сипаттаңыз (кіші функциялар және оның орындалу бөліктері бөлінісінде)

1.

2.

3.

...

Сіздің мемлекеттік органда мемлекеттік функцияларды іске асыруды одан әрі жетілдіру бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз?

1.

2.

3.

Мемлекеттік функциялар қандай жағдайда Сіздің мемлекеттік органыңызда неғұрлым тиімді іске асырылуы мүмкін.

1.

2.

3.

...

  Қосымша 2 бұйрыққа
Мемлекеттік органдардың
қызметіне салалық
(ведомстволық)
функционалдық шолу жүргізу
жөніндегі әдістемесіне
8-қосымша

      Нысан

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган функцияларының толық тізбесі

Тиісті заңнамалық актіден алынған зерттеліп отырған мемлекеттік орган функциясының тұжырымы

Функцияны белгілейтін нормативтік құқықтық актінің атауы (бабын, тармағын көрсете отырып)

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган, оның ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерден алынған зерттеліп отырған мемлекеттік орган функциясының тұжырымы

Функцияны белгілейтін ереже (тармағын көрсете отырып)

1





2









Зерттеліп отырған мемлекеттік орган нақты іске асыратын және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың көзделген мемлекеттік органның міндеттері мен мақсаттарын орындауға әсер етуді қамтамасыз ететін функциялар

1


2



Зерттеліп отырған мемлекеттік орган нақты іске асыратын, бірақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың көзделген мемлекеттік органның міндеттері мен мақсаттарын орындауға әсер етуді қамтамасыз етпейтін функциялар

1


2


...


Зерттеліп отырған мемлекеттік орган нақты іске асыратын, бірақ қолданыстағы заңнамада көзделмеген функциялар

1


2


...


  Қосымша 3 бұйрыққа
Мемлекеттік органдардың
қызметіне салалық
(ведомстволық)
функционалдық шолу жүргізу
жөніндегі әдістемесіне
9-қосымша

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган Ережесінің міндеттері мен мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақсаттарының тізбесі

Зерттеліп отырған мемлекеттік органның міндеті

Зерттеліп отырған мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақсаты

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган қызметінің түпкілікті нәтижесі













      Ескертпе: мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақсаты мемлекеттік орган Ережесінің бірнеше міндеттерін қамтуы мүмкін.

  Қосымша 4 бұйрыққа
Мемлекеттік органдардың
қызметіне салалық
(ведомстволық)
функционалдық шолу жүргізу
жөніндегі әдістемесіне
11-қосымша

Мемлекеттік органның функциялары мен оның мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақсаттарының сәйкестігін талдау мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақсаттарын және мемлекеттік органның түпкі нәтижелерін оның функцияларымен және тікелей нәтижелерімен салыстыру сызбасы



  Қосымша 5 бұйрыққа
Мемлекеттік органдардың
қызметіне салалық
(ведомстволық)
функционалдық шолу жүргізу
жөніндегі әдістемесіне
12-қосымша

Зерттеліп отырған мемлекеттік органның функциялары мен мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақсаттарының сәйкестігі

Зерттеліп отырған мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаты

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган қызметінің түпкілікті нәтижесі

Зерттеліп отырған мемлекеттік органның функциясы

Зерттеліп отырған мемлекеттік орган функциясының тікелей нәтижесі


№ 1 мақсат

№ 1 түпкілікті нәтиже

1.

1.


2.

2.