"Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27372 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

"САУТС - ОЙЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ";

      реттік нөмірі 11-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:

      "

12.

"Gas Processing Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков