"Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27299 болып тіркелді.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кандидаттың мемлекеттік аудитор біліктілігіне алған білімін растау туралы құжаты оның білімін растау туралы құжат берілген күннен бастап әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берген күнге дейін екі жыл ішінде Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуі үшін негіз болып табылады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Әңгімелесу нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылған кандидат Ұлттық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап үш айдан кейін Ұлттық комиссияда қайтадан әңгімелесуге құжаттарын (бірақ жылына екі реттен көп емес) тапсырады.".

      2. Есеп комитетінің Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі