"Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 наурызда № 27160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13102 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің тізбесі осы бұйрыққа сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 85/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің тізбесі*

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

2.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі

3.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

4.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

5.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

6.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

7.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

8.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

9.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бөлінген желі)

10.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

11.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

12.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

13.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

14.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

15.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

16.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

17.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

18.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

19.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

20.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

21.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

22.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

23.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

24.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

25.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

26.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

27.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

28.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

29.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

30.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

31.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

32.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

33.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

34.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

35.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

36.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

37.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

38.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

39.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

40.

Облыстар, республикалық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары

41.

Облыстар, республикалық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер мәслихаттарының аппараттары

Ескертпе: * мемлекеттік және жергілікті атқарушы, орталық атқарушы және мемлекеттік сайлау органдарының қарамағындағы ведомстволарды, аумақтық органдарды, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген жергілікті және басқа да соттарды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін квазимемлекеттік сектор субъектілерін және заңды тұлғаларды қоса алғанда; ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін, сондай-ақ меншік иесі – мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне қатысатын және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдаланатын ақпараттандыру субъектілері; Мемлекеттік бағдарламаларды немесе ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жеке әріптестер болып табылатын немесе мемлекеттік органдармен кеңестерге қатысу мақсатында ғана мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы желісінде мемлекеттік органдармен кеңестерге қатысатын заңды тұлғалар.