"Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26968 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Есепке алудың құжаттары";

      7-1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А "Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" нысанын ұсынады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Бюджеттің атқарылуын есепке алу тіркелімдері";

      8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттердің (бұдан әрі – ӘМСҚ трансферттері), Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары, мемлекеттік сатып алу шоттарын, соманы анықтауға дейінгі шотты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);";

      10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ, сыртқы қарыздар шотындағы, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ, Еуразиялық экономикалық одақтың шотындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының, мемлекеттік сатып алу шоттарындағы, шетел валютасының шоттарындағы, соманы анықтауға дейінгі шоттардағы, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, есеп айырысулардағы ақша бойынша, жергілікті бюджет жетіспеушіліктері бойынша (бұдан әрі – ЖБ), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы қалдықтарын көрсетеді.

      Жергілікті бюджеттерін атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттердің ҚБШ, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың тиісті ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру бойынша шоттардағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы, мемлекеттік сатыпалу шоттарындағы ақшаның қалдықтарын көрсетеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Бастапқы құжаттарды, есептік тіркелімдерді және бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді сақтау";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Бюджеттік есепке алу шоттарының жоспары";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. 3 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар" шотында ұлттық валютадағы республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ) және жергілікті бюджеттер ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттарда, ақылы қызметтердің қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, анықтағанға дейінгі сомалар шотында, Еуразиялық экономикалық одақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарында, мемлекеттік сатып алу шоттарында, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотында, сондай-ақ Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) жергілікті бюджеттердің тартылған ақшалары есепке алынады.

      3-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

      300 "РБ ҚБШ";

      301 "ЖБ ҚБШ";

      302 "Сыртқы қарыздар бойынша шот";

      303 "Еуразиялық экономикалық одақтың шоты";

      304 "РБ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты";

      305 "ЖБ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты";

      307 "Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ";

      308 "Мемлекеттік сатып алу шоты";

      309 "ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ";

      310 "РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ";

      311 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ";

      320 "РБ қайырымдылық көмектің ҚБШ";

      321 "ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ";

      330 "РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ";

      331 "ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ";

      340 "Ұлттық қордың ҚБШ";

      350 "Нысаналы қаржыландыру ҚБШ";

      360 "Соманы анықтауға дейінгі шот";

      370 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ";

      371 "Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты";

      372. "Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты";

      373 "Мемлекет кепілдік берген қарыз шоты";

      374 "Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты";

      380 "ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шот";

      390 "Түсімдердің жинақтау шоты".";

      27-5-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 27-9, 27-10 және 27-11-тармақтармен толықтырылсын:

      "27-9. 372 "Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты" қосалқы шотында операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарындағы ақша қозғалысы ескеріледі.

      Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шотына ақшаның түсуі 372-қосалқы шоттың дебеті және 600-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шотынан ақшаны жұмсау 500 қосалқы шоттың дебеті және 372 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      27-10. 373 "Мемлекет кепілдік берген қарыз шоты" қосалқы шотында мемлекет кепілдік берген қарыз шотындағы ақша қозғалысы ескеріледі.

      Мемлекет кепілдік берген қарыз шотына ақша түсімі 373 қосалқы шоттың дебеті және 621 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      Мемлекет кепілдік берген қарыз шотынан ақшаны жұмсау 521-қосалқы шоттың дебеті және 373-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.";

      27-11. 374 "Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты" қосалқы шотында мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шотындағы ақша қозғалысы ескеріледі.

      Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шотына ақша түсімі 374 қосалқы шоттың дебеті және 622 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шотынан жүргізілген шығыстар 522-қосалқы шоттың дебеті және 374-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.";

      47, 48 және 48-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. 5 "Есеп айырысулар" шотында ақшалардың жұмсалуы бойынша операциялар, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін тартылған жергілікті бюджеттердің қаражаттарын орналастыру бойынша есеп айырысулар, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар, ішкі есеп айырысулар есепке алынады.

      5-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

      500 "Шығыстарды жүргізу";

      501 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу";

      502 "ЖБ қайырымдылық көмегінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу";

      503 "ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу";

      510 "Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу";

      521 "Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу";

      522 "Қызмет көрсету, мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу".

      48. Қазынашылық комитеті 500 "Шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-дан, ақылы қызметтер, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, Ұлттық қордың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру ҚБШ-нан, Еуразиялық экономикалық одағының шотынан, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттарынан, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарын, мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарын, мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоттарын және мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілген шығыстарды есепке алады.

      Жүргізілген шығыстар сомасына әр күнге 500 қосалқы шотының дебеті және 300, 301, 303, 304, 305, 307, 308, 310, 311, 320, 321, 330, 331, 340, 350, 372, 373, 374 қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

      Кассалық шығыстарды республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ қалпына келтіру 300, 301 қосалқы шоттарының дебеті және 500 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      БҚШ бойынша жүргізілген шығыстар 100 "Бірыңғай қазынашылық шот" қосалқы шотының дебеті және 500 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      48-1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары:

      500 "Шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында – жергілікті бюджеттің ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоттары, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттарына және мемлекеттік сатып алу шоттары бойынша шығыстары;

      501 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында;

      502 "ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында;

      503 "ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында;

      510 "Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу" қосалқы шотында есепке алады.

      Жүргізілген шығыстар сомасының әрбір күніне 501 қосалқы шотының дебеті мен 311 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

      ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ кассалық шығыстарды қалпына келтіру 311 қосалқы шотының дебеті мен 501 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      48-4-тармақ алынып тасталсын;

      52-1 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-1. 6 "Түсімдер" шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-дағы, сыртқы қарыздар бойынша шоттардағы, ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, Еуразиялық экономикалық одағының ҚБШ-дағы, анықталғанға дейінгі сомалар, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы түсімдер бойынша операциялар есепке алынады.

      6 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

      600 "Түсімдерді есепке алу";

      601 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ-на түсімдерді есепке алу";

      602 "ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ-на түсімдерді есепке алу";

      603 "ЖБ ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-на түсімдерді есепке алу";

      610 "Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу";

      621 "Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу";

      622 "Мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша түсімдерді есепке алу";

      600 "Түсімдерді есепке алу" қосалқы шотында Қазынашылық комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-дағы, ақылы қызметтер қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, өзін-өзі басқару, сыртқы қарыз немесе байланысты грантты, Ұлттық қор, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, ӘМСҚ трансферттердің, нысаналы қаржыландыру, Еуразиялық экономикалық одағының ҚБШ-дағы, анықталғанға дейінгі сомалар, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы түсімдер есепке алынады.

      БҚШ бойынша жүргізілген түсімдер 600 қосалқы шотының дебеті және 100 "Бірыңғай қазынашылық шоты" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:

      600 "Түсімдерді есепке алу" қосалқы шотында - жергілікті бюджеттің ҚБШ-на және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына, операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоттары және мемлекеттік сатып алу шоттарына түсімдерді;

      601 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ-на түсімдерді есепке алу";

      602 "ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ-на түсімдерді есепке алу";

      603 "ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-на түсімдерді есепке алу";

      610 "Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу" есепке алады.

      601 "ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ түсімдерді есепке алу" қосалқы шотында ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ түсімдер есепке алынады.

      ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша жүргізілген түсімдер 311 қосалқы шоттың дебеті және 601 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      602 "ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ түсімдерді есепке алу" қосалқы шотында ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ түсімдер есепке алынады.

      ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша жүргізілген түсімдер 321 қосалқы шоттың дебеті және 602 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      603 "ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ға түсімдерді есепке алу" қосалқы шотында ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ға түсімдер ескеріледі.

      ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша жүргізілген түсімдер 331 қосалқы шоттың дебеті және 603 қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

      610 "Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу" қосалқы шотында сыртқы қарыздар бойынша шотқа түсімдер есепке алынады.

      Сыртқы қарыздар бойынша жүргізілген түсімдер 302 "Сыртқы қарыздар бойынша шот" қосалқы шотының дебеті және 610 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      53. 9 "Нәтижелер" шотында сыртқы қарыздар бойынша, ЖБ ақылы қызметтері бойынша, ЖБ қайырымдылық бойынша, ЖБ ақшаны уақытша орналастыру бойынша, жергілікті бюджеттердің атқарылу нәтижелері есепке алынады.

      9 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

      900 "Бюджеттің атқарылу нәтижесі";

      910 "Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі";

      911 "ЖБ ақылы қызметтері бойынша атқарылу нәтижесі";

      921 "ЖБ қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижесі";

      931 "ЖБ ақшаны уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижесі".

      Жергілікті бюджеттердің атқарылу нәтижелерін анықтауға 900 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шоты арналған.

      Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсімдер мен шығыстар сомалары көрсетіледі.

      Нәтижелері жылдың аяғында 600 қосалқы шоты бойынша қалдықты 900 қосалқы шоттың кредитіне, ал 500 қосалқы шоты бойынша қалдығы 900 қосалқы шоттың дебетіне есептен шығару арқылы анықталады.

      Бюджет түсімдері мен шығыстарын 900 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейін 600 және 500 қосалқы шоттары жабылады.

      900 қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы бюджеттің атқарылу нәтижесі болып табылады.

      Бюджет кодексінің 104-бабына сәйкес жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары 900 қосалқы шотта қалады.";

      53-5-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 53-6 және 53-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "53-6. 951 "Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі" қосалқы шоты мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша атқарылу нәтижелерін айқындауға арналған. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін осы шотта түсімдер мен шығыстардың сомалары көрсетіледі. Нәтижелер жылдың аяғында 621 қосалқы шоты бойынша қалдықты 951 қосалқы шотының кредитіне, ал 521 қосалқы шоты бойынша қалдықты 951 қосалқы шотының дебетіне есептен шығару жолымен айқындалады.

      Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша түсімдер мен шығыстарды 951 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейін 621 және 521 қосалқы шоттар жабылады.

      951 қосалқы шоты бойынша алынған кредиттік қалдық мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі болып табылады.

      53-7. 952 "Мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша атқарылу нәтижесі" қосалқы шоты мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша атқарылу нәтижелерін айқындауға арналған. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін осы шотта түсімдер мен шығыстардың сомалары көрсетіледі. Нәтижелер жылдың аяғында 621 қосалқы шоты бойынша қалдықты 951 қосалқы шотының кредитіне, ал 521 қосалқы шоты бойынша қалдықты 951 қосалқы шотының дебетіне есептен шығару жолымен айқындалады.

      Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша түсімдер мен шығыстарды 951 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейін 621 және 521 қосалқы шоттар жабылады.

      951 қосалқы шоты бойынша алынған кредиттік қалдық мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша атқарылу нәтижесі болып табылады.";

      Көрсетілген Қағидаларға 8, 10, 20, 24 және 25-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
8-қосымша

      № 1 нысан

Қазынашылық комитетінің балансы 20___ жылғы "____" __________

      Өлшем бірлігі: мың теңге


Жолдың коды

Есепті жылдың басындағы

Есепті күнге

1

2

3

4

І. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар




РБ ҚБШ (300)

1



ЖБ ҚБШ (301)

2



Сыртқы қарыздар бойынша шот (302)

3



Еуразиялық экономикалық одақтың шоты (303)

4



РБ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты (304)

5



ЖБ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің шоты (305)

6



Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ (307)

7



Мемлекеттік сатып алу шоты (308)

8



ӘМСҚ трансферттерінің ҚБШ (309)

9



РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (310)

10



ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ (311)

11



РБ қайырымдылық көмектің ҚБШ (320)

12



ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ (321)

13



РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ (330)

14



ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ (331)

15



Ұлттық қордың ҚБШ (340)

16



Нысаналы қаржыландыру ҚБШ (350)

17



Соманы анықтауға дейінгі шот (360)

18



Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ (370)

19



Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты (371)

20



Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты (372)

21



Мемелекет кепілдік берген қарыз шоты (373)

22



Мемелекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты (374)

23



ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шот (380)

24



Түсімдердің жинақтау шоттары (390)

25



ІІ. Шетел валютасындағы шоттар




Мемлекет меншігіне түсетін түсімдер шоты (400)

26



Аумақтық қазынашылық органдарының шоты (410)

27



ЕАЭО туралы шарт шеңберіндегі түсімдер шоты (420)

28



Шетел валютасындағы басқа да шоттар (430)

29



Сыртқы қарыз немесе байланысты грант шоты (440)

30



ІІІ. Есептер




Шығыстарды жүргізу (500)

31



Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу (510)

32



Мемлекеттік кепілдік берген қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу

33



Қызмет көрсету, мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу

34



ЖБ қаражатын орналастыру жөніндегі есептер (520)

35



ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есептер (530)

36



Баланс

37



Пассив

Жол коды

Есепті жылдың басындағы

Есепті күнге

1

2

3

4

І. Ақшалай қаражаттар




Бірыңғай қазынашылық шот (100)

38



Есеп айырысудағы ақша (110)

39



Шетел валюталарының түрлері бойынша корреспонденттік шоттар (120)

40



ІІ. ҚР Ұлттық банкінде орналастырылған қаражат




БҚШ орналастырған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер) (210)

41



ЖБ ҚБШ орналастырған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер) (220)

42



ІІІ. Түсімдер




Түсімдерді есепке алу (600)

43



Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу (610)

44



Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу

45



Мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша түсімдерді есепке алу

46



ІV. Нәтижелер




Бюджеттің атқарылу нәтижесі (900)

47



Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі (910)

48



Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі

49



Мемлекет кепілдік берген қарыздарға көрсету бойынша атқарылу нәтижесі

50



Баланс

51



Баланстан тыс шоттар




Бюджеттік кредиттер (013)

52



Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі (014)

53



Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелер (015)

54



Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві (018)

55



Аккредитивтер (019)

56



      Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның басшысы _________________ ______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органның бюджеттік есепке алу бойынша
құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________ ______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      РБ – республикалық бюджет;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ӘМСҚ – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одағы;

      ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
10-қосымша

      № 2 нысан

      Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп
20___ жылғы "__"

      ____________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Өлшем бірлігі: мың теңге


Жол коды

Сомасы

1

2

3

Жыл басындағы ақша қалдығы

100


Ақша түсімі - барлығы (201-220-жолдардың сомалары):

200


РБ ҚБШ

201


ЖБ ҚБШ

202


РБ, ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ

203


РБ, ЖБ қайырымдылық көмек ҚБШ

204


РБ, ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ

205


РБ сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ

207


ҚР ҰБ орналастырылған қаражат

208


Ұлттық қордың ҚБШ

209


Жәбірленушілерге өиемақы қорының ҚБШ

210


Нысаналы қаржыландыру ҚБШ

211


Еуразиялық экономикалық одақтың шоты

212


Анықтауға дейінгі сомалар шоты

213


РБ, ЖБ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің шоты

214


Мемлекеттік сатып алу шоты

215


ӘМСҚ трансферттерінің ҚБШ

216


Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты

217


Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты (372)

218


Мемлекет кепілдік берген қарыз шоты (373)

219


Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты (374)

220


Есеп айырысудағы ақша

300


ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар

400


Ақша шығысы - барлығы (501-522-жолдың сомалары):

500


РБ ҚБШ

501


ЖБ ҚБШ

502


РБ, ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ

503


РБ, ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ

504


РБ, ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ

505


Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ

507


ҚР ҰБ орналастырылған қаражат

508


Ұлттық қордың ҚБШ

509


Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ

510


Нысаналы қаржыландыру ҚБШ

511


Еуразиялық экономикалық одақтың шоты

512


Анықтауға дейінгі сомалар шоты

513


РБ, ЖБ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің шоты

514


Мемлекеттік сатып алу шоты

515


ӘМСҚ трансферттерінің ҚБШ

516


Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты

517


Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты

518


Мемлекеттік кепілдік берген қарыз шоты

519


Мемлекеттік кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты

520


Есеп айырысудағы ақшалар

600


ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар

700


Кезеңнің сонындағы ақша қалдығы (100 жол+200 жол+300, 400 жолдар-500 жол-600, 700- жолдар)

800


      Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның басшысы _______________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органның бюджеттік есепке алу бойынша
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      РБ – республикалық бюджет;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ӘМСҚ – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
20-қосымша

      нысан

  ___________________________
  (уәкілетті органның атауы)

Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде операциялық күннің жабылуы туралы есеп 20___жылғы "____" ______________

      Өлшем бірлігі: теңге, тиын

Атауы

Жыл басын дағы қалдық

Кіретін қал дық

С а л ь д о

Барлық түсім дер

Түсімдер

Қайта рулар

Тасымал дар

Барлық шығыстар

Шығыс тар

Қалпына келтіру

Тарту/қайтарулар

Ішкі банктік шот бойынша күн соңындағы БҚШ қалдығы

Сыртқы банктік шот бойынша күн соңындағы БҚШ қалдығы

Ішкі және сыртқы шоттар арасындағы ауытқулар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

ҚБАЕО-ның банк көшірме жазбасы бойынша















2

Барлығы















3

РБ ҚБШ















4

ЖБ ҚБШ – жиыны















5

оның ішінде, облыстар бойынша















 
6

РБ

Ақылы қызметтерінің ҚБШ















Қайырымдылық көмектің ҚБШ















Ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ















Нысаналы қаржыландыру ҚБШ















Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты















Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ















ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ















Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты















7

ЖБ

Ақылы қызметтерінің ҚБШ















Қайырымдылық көмектің ҚБШ















Ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ















Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты















Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты















8

Ұлттық қордың ҚБШ















9

ҚР Үкіметінің депозиттері















10

Уақытша бос бюджеттік ақшалар шоты















11

Есептердегі ақша















12

Анықтауға дейінгі сомалар шоты















13

Еуразиялық экономикалық одақтың шоты















14

Мемлекеттік сатып алу шоты















15

Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ















16

Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты















17

Мемлекеттік кепілдік берген қарыз шоты















18

Мемлекеттік кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты















      Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның басшысы ____________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚБАЕО – Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы;

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      РБ – республикалық бюджет;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ӘМСҚ – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
24-қосымша

Бюджеттік есепке алу шоттарының жоспары

Шоттар нөмірі

Шоттар атауы

Қосалқы шоттар нөмірі

Қосалқы шоттар атауы

1

Ақшалай қаражат





100

Бірыңғай қазынашылық шот



110

Есеп айырысудағы ақшалар



120

Шетелдік валюталардың түрлері бойынша корреспонденттік шоттар

2

Қазақстан Республикасының ҰБ орналастырылған қаражат





210

БҚШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)



220

ЖБ ҚБШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)

3

Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа да шоттар





300

РБ ҚБШ



301

ЖБ ҚБШ



302

Сыртқы қарыздар бойынша шот



303

Еуразиялық экономикалық одақтың шоты



304

РБ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің шоты



305

ЖБ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің шоты



307

Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ



308

Мемлекеттік сатып алу шоты



309

ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ



310

РБ ақылы қызметтерінің ҚБШ



311

ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ



320

РБ қайырымдылық көмек ҚБШ



321

ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ



330

РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ



331

ЖБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ



340

Ұлттық қордың ҚШБ



350

Нысаналы қаржыландыру ҚБШ



360

Анықтауға дейінгі сомалар шоты



370

Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ



371

Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шоты



372

Операторлардың қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау шоты



373

Мемлекеттік кепілдік берген қарыз шоты



374

Мемлекеттік кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шоты



380

ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар



390

Түсімдердің жинақтау шоттары

4

Шетел валютасындағы шоттар





400

Мемлекет меншігіне түсетін түсімдер шоты



410

Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің шоты



420

ЕАЭО туралы шарт шеңберіндегі түсімдер шоты



430

Шетел валютасындағы басқа да шоттар



440

Сыртқы қарыз немесе байланысты грант шоты

5

Есеп айырысулар





500

Шығыстарды жүргізу



501

ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



502

ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



503

ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



504

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ бойынша шығыстарды жүргізу



510

Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу



520

ЖБ қаражатын орналастыру бойынша есеп айырысулар



521

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздар бойынша шығыстарды жүргізу



522

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстарды жүргізу



530

ЖБ жетіспеушіліктері бойынша есеп айырысулар



540

Ішкі есеп айырысулар

6

Түсімдер





600

Түсімдерді есепке алу



601

ЖБ ақылы қызметтерінің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу



602

ЖБ қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу



603

ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсімдерді есепке алу



604

Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ-сына түсімдерді есепке алу



610

Сыртқы қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу



621

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздар бойынша түсімдерді есепке алу



622

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша түсімдерді есепке алу

9

Нәтежелер





900

Бюджеттің атқарылу нәтижесі



910

Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі



911

ЖБ ақылы қызметтер бойынша атқарылу нәтижесі



921

ЖБ қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижесі (921)



931

ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижесі



941

Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылу нәтижесі



951

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздар бойынша атқарылу нәтижесі



952

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша атқарылу нәтижесі


Баланстан тыс шоттар





013

Бюджеттік кредиттер



014

Бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі



015

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелер



018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві



019

Аккредитивтер

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      РБ – республикалық бюджет;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ӘМСҚ – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одағы;

      ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
5-қосымша
Бюджеттік есепке алуды
жүргізу қағидаларына
25-қосымша

Бірыңғай қазынашылық шотының негізгі операциялары мен сыртқы қарыздар бойынша қосалқы шоттардың корреспонденциясы

р/с №

Операциялардың мазмұны

Қосалқы шоттардың нөмірлері

дебет бойынша

кредит бойынша

1

2

3

4

1

Ұлттық валютадағы түсімдер

1.1

Жинақтау шотына арналған түсімдерді есепке алу

390

600

1.2

Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотындағы ақша түсімі

371

600

1.3

Бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотынан аудару

390

371

1.4

РБ, ЖБ, Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ, анықтауға дейінгі шотқа түсімдерді бөлу

300, 301, 340, 370 360

390

1.5

Сыртқы қарыздар бойынша шотқа түсімдері

302

610

1.6

Ақылы қызметтердің ҚБШ түсімдер

310, 311

600

1.7

Қайырымдылық көмектің ҚБШ түсімдер

320, 321

600

1.8

Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ түсімдер

330, 331

600

1.9

Нысаналы қаржыландыру ҚБШ түсімдер

350

600

1.10

РБ ҚБШ-на түсімдер тасымалдары

300

600

1.11

РБ ҚБШ-нан түсімдер тасымалдары

600

300

1.12.

Бюджеттен қайтарулар

390

300, 301

1.13.

Анықтауға дейін сомалар шоттан түсімдерді ҚБШ арасында бөлу

300, 301, 340, 310, 311, 320, 321, 330, 331, 303, 308, 309, 370

360

1.14

Еуразиялық экономикалық одақтың шотына түсімдер

303

390

1.15

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, операторлардың қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау шоттарына түсімдер

304, 305, 372

600

1.17

Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ

307

600

1.18

Мемлекеттік сатып алу шоттарына түсімдер

308

600

1.19

ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ түсімдер

309

600

1.20

Мемлекет кепілдік берген қарыз шотына түсетін түсімдер

373

621

1.21

Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шотына түсетін түсімдер

374

622

2.

Ұлттық валютадағы шығыстар

2.1

РБ, ЖБ ҚБШ шығыстар

500

300, 301

2.2

Сыртқы қарыздар бойынша шоттар шығыстары

510

302

2.3

Еуразиялық экономикалық одақтың шоттың шығыстары

500

303

2.4

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, операторлардың қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау шоттарынан шығыстар

500

304, 305

2.6

Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ-нан шығыстар

500

307

2.7

Ақылы қызметтердің ҚБШ-нан шығыстар

500

310, 311

2.8

Қайырымдылық көмектің ҚБШ-нан шығыстар

500

320, 321

2.9

Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-нан шығыстар

500

330, 331

2.10

Ұлттық қордың ҚБШ-нан Үкіметтің ҚР ҰБ-гі шотына аударылды

500

340

2.11

Бюджетке артық (қате) түскен соманы бюджеттен қайтару, оның ішінде Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін бір жылдың ішінде республикалық бюджеттен Ұлттық қорға қайтару

390

300

2.12

Нысаналы қаржыландырудың ҚБШ-нан шығыстар

500

350

2.13

РБ, ЖБ ҚБШ кассалық шығыстарды қалпына келтіру

300,301

500

2.14

Мемлекеттік сатып алу шоттарынан шығыстар

500

308

2.15

ӘМСҚ трансферттердің ҚБШ-нан шығыстар

500

309

2.16

Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-нан шығыстары

500

370

2.17

Мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарынан шығыстар

521

373

2.18

Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету шотынан шығыстар

522

374

3.

Операциялық күнді аяқтау

3.1

БҚШ бойынша шығыстарды жүргізу

100

500

3.2

БҚШ бойынша түсімдерді жүргізу

600

100

4.

Депозиттерге орналастыру

4.1

БҚШ-нан депозитке орналастыру

100

210

4.2

ЖБ уақытша бос қаражатын депозитке орналастыру

4.2.1

ЖБ-тен уақытша бос қаражатты транзиттік шотқа тарту

380

301

4.2.2

ҚР ҰБ-гі депозитке транзиттік шоттан тартылған қаражатты аудару бойынша есептер

520

380

4.2.3

ҚР ҰБ-гі депозитке БҚШ-нан қаражатты есепке алу

100

220

5.

Шетел валютасындағы операциялар

5.1

Шетел валютасының түсімі

400, 410, 420, 430, 440

120

5.2

Оң бағамдық айырма есептелді

400, 410, 420, 430, 440

120

5.3

Теріс бағамдық айырма есептелді

120

400, 410, 420, 430, 440

5.4

Шетел валютасын аудару (аудару, қайта айырбастау, қолма-қол шетел валютасын беру)

120

400, 410, 420, 430, 440

6

Сыртқы қарыздар бойынша жылдың жабылуы

6.1

Жылдың аяғында есептен шығару



6.1.1

қаржы жылындағы түсімдер

610

910

6.1.2

қаржы жылындағы шығыстар

910

510

7

Мемлекеттік кепілдік берген қарыздар бойынша жылдың жабылуы

7.1

Жыл соңында есептен шығару



7.1.1

қаржы жылындағы түсімдер

621

951

7.1.2

қаржы жылындағы шығыстар

951

521

8

Мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету бойынша жылдың жабылуы

8.1

Жыл соңында есептен шығару



8.1.1

қаржы жылындағы түсімдер

622

952

8.1.2

қаржы жылындағы шығыстар

952

522

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      РБ – республикалық бюджет;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ӘМСҚ – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

      БҚШ – Бірыңғай қазынашылық шоты.