Көшелерге атау беру туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 15 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 8307 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Тасарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылындағы келесі атауы жоқ көшелерге:

      1) №1 көшеге "Тілеуберген Бекжанов" есімі;

      2) №2 көшеге "Әнәпия Сұлтамұратов" есімі берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкіміА. Карибаев