Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25021 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің 07.12.2022 № 13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 25 қазандағы № 447 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Троицк ауылдық округі Кеңөткел ауылының аумағында ірі мүйізді қара малдың бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Троицк ауылдық округінің әкімі Т.Карабалин