Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25790 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 230 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14468 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарында:

      комиссия құрамын бекіту туралы құжаттарға қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.12.2025 № 196 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы мемлекеттік органдардың автоматтандырылған бағалау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау автоматтандырылған бағалау жүйесі арқылы оны енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.".

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
қосымша
  Нысан
  _______________________
(лауазымы)
20__ жылғы "___" ______ №___
бұйрығына (өкіміне немесе
шешіміне) қосымша

Құрамы _______________________ (комиссия атауы)

1.

__________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
және (немесе) лауазымы)
комиссия төрағасы

2.

_________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
және (немесе) лауазымы)
комиссия төрағасының орынбасары

3.

_______________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
және (немесе)лауазымы)
комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

4.

__________________________
тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда)
және (немесе)лауазымы)

5.

__________________________
тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда)
және (немесе)лауазымы)