"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 171, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 144, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 474, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 121, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 132, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 93-ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 42, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 108 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5697 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Экология, |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |