"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің б

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 627 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 желтоқсанда № 25557 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы:

      1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндірістік және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;

      5) құрылыс материалдарын өндіру;

      6) өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру;

      7) дайын металл бұйымдарын жасау;

      8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын және өзге де қызметтерін салу және пайдалануға беру;

      9) әуежайлар қызметі;

      10) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы;

      11) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;

      12) жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару;

      13) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызмет;

      14) объектілерге кешенді қызмет көрсету;

      15) аумақтарды абаттандыру жөніндегі іс-шаралар;

      16) жиһаз бен интерьер бұйымдарын жөндеу;

      17) тамақ пен сусындар бойынша қызмет көрсету;

      18) электрондық және оптикалық жабдықты жөндеу;

      19) ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы басқа топтарға кірмейтін басқа да қызмет түрлері.

      11-тармақтың 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшаларының күші мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілеріне ғана қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі