"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 желтоқсанда № 25552 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) тарифті саралау тәртібі.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектісі Заңға сәйкес тарифті бекітуге арналған өтініммен уәкілетті органға жүгіне алады.

      Бұл ретте жаңа тариф деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға өтеуін шегере отырып, шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.

      Бұл ретте тарифтік сметада тарифтік сметаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның орындалмау сомасы жеке жолмен көрсетіледі.

      Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің жаңа тарифті бекітуге арналған өтінімін қараған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз табыс сомасын анықтаған кезде оны жаңа тарифтің деңгейін негіздеуге қабылданған табыстан алып тастайды.";

      86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Табиғи монополия субъектісі жол берген бұзушылықтар кезеңі:

      1) осы Қағидалардың 73-тармағының 1) тармақшасында – табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифтен асатын құны бойынша төлем алған кезең;

      2) осы Қағидалардың 73-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда – уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаны бекіткен жыл болып табылады.

      87. Осы Қағидалардың 73-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда негізсіз алынған табыс (НК1) мынадай формула бойынша айқындалады:

      НК1= (Т1 – Т) * V1,

      ондағы:

      Т1 – табиғи монополия субъектісі нақты қолданған көрсетілетін қызметтердің құны, теңге;

      T – шешім қабылданған күнге уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге;

      V1 – табиғи монополия субъектісі бұзушылықтарға жол берілген кезеңде нақты көрсеткен реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Осы Қағидалардың 73-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда негізсіз алынған табыс (НК3) мынадай формула бойынша айқындалады:

      НК3 = SИПi,\ ондағы:

      ИПi – тарифтерді бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаның толық немесе ішінара орындалмаған i. іс-шараларын іске асыруға инвестициялық бағдарламада көзделген шығындар, теңге.";

      98-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Уәкілетті орган ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті қарайды.

      Егер тарифті жоғарылатпай бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінен мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде, бірақ кемінде 5 (бес) жұмыс күні сұратады. Мұндай жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифтік сметасын өзгерту туралы ұсынысты қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

      Бекітілген тарифтік сметаға өзгерістерді қарау мерзімін уәкілетті органның басшысы ұзартады.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейін тарифті көтермей бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

      Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырған жағдайда табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.

      Осы тармақтың талаптары уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны өзгерту жөніндегі өтінішті пысықтауға қайтарған кезде табиғи монополия субъектісіне қолданылмайды.

      Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны пысықтайды және оны уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны өзгерту жөніндегі табиғи монополия субъектісінің өтінішін қайтарып алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға қайта қарауға жібереді.

      Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішін қарауды, оның ішінде табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы пысықталған өтінішін қайта қарауды уәкілетті орган осы Қағидалардың 127-тармағында көзделген мерзімде жүзеге асырады.";

      258-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "258. Осы Қағидалардың 252-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті орган ол бекітілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 15-тараумен толықтырылсын:

      "15-тарау. Тарифті саралау тәртібі

      1-параграф. Әуежайлар қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу тетігі

      307. Индекстеу әдісін қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар саласындағы тарифтерді есептеу тетігіне сәйкес есептелген әуежайлар қызметтеріне арналған тариф тұрақты және тұрақсыз рейстерді жүзеге асыратын тұтынушылар топтары үшін сараланады және оны уәкілетті орган әрбір топ үшін жеке бекітеді.

      Әуежайлар қызметтеріне сараланған тарифтер формулалар бойынша айқындалады:

      1) тұрақты рейстерді орындайтын тұтынушылар үшін (Ттұрақты):

      Ттұрақты = Тқолд. тұрақты * k,

      онда:

      Тқолд. тұрақты – тұрақты рейстер үшін әуежайлардың қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тариф белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалған, тұрақты рейстерге арналған әуежайлардың қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің өзгеру коэффициенті;

      2) тұрақсыз рейстерді орындайтын тұтынушылар үшін (Ттұрақсыз):

      Ттұрақсыз = (Т * V – Ттұрақты * Vтұрақты)/Vтұрақсыз,

      онда:

      Т – осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар саласындағы тарифтерді есептеу тетігіне сәйкес айқындалған әуежайлар қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф;

      V – реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі;

      Ттұрақты – тұрақты рейстерге арналған әуежайлардың қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф;

      Vтұрақты – тұрақты рейстер бойынша реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі;

      Vтұрақсыз – тұрақсыз рейстер бойынша реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі